Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Таможенный союз

    _DSC3006

    Елімізде шағын және орта бизнестің адымын аштырмай, дамуына асу бермес асқар тау болып тұрған жайтта өте көп. Осы ретте мұндай мәселені газетімізде өткір көтеріп, еліміздегі бизнес қауымдастықтардың өкілдері мен кәсіпкерлерге сөз беруді әдетке айналдырғанымызды оқырман қауым жақсы біледі. Газетіміздің бұл жолғы санында Базар, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева ханымның тұщымды ойларын жұрт назарына ұсынып отырмыз

    - Жақында Мемлекет басшысы құзырлы орындарға еліміздегі шағын және орта бизнесті жөнсіз тексеруді тоқтату турасында нақты тапсырма берді. Жалпы бұған дейін де құзырлы орындардың кәсіпкерлерді тексеруіне қатысты мораторий жарияланғанын білесіз. Бұдан шағын және орта бизнестің жұмысы жақсарып кетпегені белгілі. Жоғарыда талқыланып жатқан жаңа бастамаға қатысты қандай ойдасыз?

    - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты ой-пікірін қолдаймыз. Әрине, жоғарыдан жақсы бастамалар, заңдар қабылданып жататыны жасырын емес. Тек олардың орындалуы көңілімізден шықпай тұрғаны ащыда болса шындық. Бүгінде бюджеттің бүйірін шығаруға бизнестің қосып отырған үлесі орасан зор. Осыны басты назарда ұстаған Президент шағын және орта кәсіпкерлікке әрдайым көңіл бөліп отыратынын білеміз.

    Өз басым Үкіметтің қай уақытта болса да кәсіпкерлік салаға қолдау көрсетуі орынды деп ойлаймын. Мемлекеттің бизнеске көңіл бөлуі еліміздің дамуына негіз болатыны айтпасада түсінікті. Ал мемлекеттің қолдаулары орындалуы ол екінші мәселе екенін ұмытпауымыз керек. Иә, қазір Үкіметтің шағын және орта бизнесте қолдау іс-шараларына менің де көңілім толмайды. Кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттенген адамдар әкімшілік кедергілермен бетпе-бет келгенде талғы тарс айырылатыны жасырын емес. Ал құзырлы орындар болса, бұл мәселені түсінуге құлықсыз. Нәтижесінде әжептәуір бағдарманы іске асыруда мемлекеттік қызметкерлер статистика қуып, кететіні өкінішті. Олардың пікіріне құлақ түрсеңіз, еліміздегі кәсіпкерлік сала жарықтың жылдамдығындай дамып жатқандай әсерге бөленесіз. Ал кәсіпкерлердің мұндай көзбоюшылықтан мезі болған. Осы ретте құзырлы орындардың шағын және орта бизнес өкілдерінің ой-пікіріне көңіл бөлуі жетіспейді. Кез келген министрлікке барсаңыз, ондағы қызметкерлердің алдында жатқан ат-көпір  қағазды көресің. Бұл аз десеңіз олар күні бойы отырып бір-біріне хат жазады. Сонда шарауаны кім атқаратынын түсініксіз.

    - Бүгінде Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы еліміздегі шағын және орта бизнестің жұмысын жандандыру үшін жеке агенттік құру турасында бастама көтеріп жүргенін жақсы білесіз. Сіздің ойыңызша, агенттік құрып еліміздегі кәсіпкерлік салада қордаланған мәселені шешіп тастауға бола ма?

    - Бұл өте орынды ұсыныс. Қазіргі таңда еліміздегі шағын және орта бизнестің тасын өрге домалату ісі ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелгені белгілі. Соның ішінде кәсіпкерлікті дамыту ісімен арнайы  департамент айналысады. Департамент құрамындағы бес-алты адам республика бойынша шағын және орта бизнес үшін не істей қоятынын өзіңізде байқап отырған шығарсыз. Жалпы бұл мәселенің көтерілгеніне 5-6  жылдың жүзі болды. Өкінішке орай, Үкімет бұл бастамаға тиісті деңгейде көңіл бөлмей келеді. Кедендік одақ құрылған қазіргі кезеңде шағын және орта бизнесті қолдайтын министрлік құрудың маңызы зор деп ойлаймын. Дәл қазір Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мырзаның шағын және орта бизнестің мәселесімен айналысатын уақыты да жоқ. Осыдан кейін кәсіпкерлік салаға қатысты мәселелер кейінге сырғи беретіні жасырын емес. Сондықтан бұл ретте Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы көтеріп отырған бастама орынды деп есептеймін.

    - Елімідегі шағын және орта бизнестің дамуы үшін күн-түн демей еңбек етіп жүргеніңізді жақсы білеміз. Кәсіпкерлік салада өзге елдің іс-тәжірибесімен жақсы таныссыз. Сіздің ойыңызша, еліміздегі кәсіпкерлік саланы дамыту үшін не істеу керек?


    - Бұл сұраққа таңды таңға ұрып отырып жауап беруге болады. Бүгінде сауда-саттық саласында жүрген адамдардан жөн сұрасаңыз, олардың көпшілігі бұл салаға ойламаған жерден болмаса амалсыздан келгендерін айтады. Кезінде жұмыстан қысқарған адамдар амалсыз сауда-саттықпен айналысқаны белгілі. Ал қазір сауда-саттықпен айналысуға ден қойған адамдарың  5 пайызы ғана кәсіпкерлік саланың ыстығы мен суығына шыдап, кәсіпкерлікке үйренісіп кетеді. Ал қалғандары құзырлы органдардың тексеруі мен қысымынан кейін екі қолын төбесіне қойып бұл саладан безіп кетеді десем артық айтпағандық болмас.  Бұдан басқа халықтың кәсіпкерлік салаға тез арда бой үйрете алмауына олардың тәжірибесіздігі де әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Еліміздің салық заңнамаларына зер салсаңыз кәсіпкерлікпен жаңадан айналысқан адамға ешқандай жеңілдік қараластырылмағанын байқайсыз. Біздер көп мысалға келтіретін Қытайда кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған аDSC02188дамдарға 3 жылға дейін салықтық жеңілдіктер беріледі. Мұндай салықтық демалыстар шағын және орта бизнеспен айналысқан адамның салық жүйесін түсінуіне мүмкіндік туғызатыны белгілі. Бұдан басқа кәсіпкерлерге қосымша қолдау қаржы бөлінетінін айтуға болады. Бізде билік орындары кәсіпкерлердің жағдайына бас ауырта бермейді. Мәселен бізде бір базарды басқа жерге көшіруді әкім бір күнде шеше салады. Ал Францияда бір ірі базарды көшіру үшін 13 жылға созылғанын естігенде таңқалдым. Олар бұл жерде кәсіпкерлердің жағдайын ойлағанын байқау қиын емес.

    - «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы қаншалықты орындалды деп ойлайсыз?

    - О баста бұл бағдарлама бойынша сауда-саттық саласында жүрген жеке кәсіпкерлердің қатысуы қарастырылмаған болатын. Бұдан кейін бұл мәселені біздің қауымдастық жан-жақты көтеріп, бағдарламаға сауда-саттық саласын енгізген болатынбыз. Өкінішке орай, «Бизнестің жол картасына» операторлық жасайтын екінші деңгейлі банктер мемлекеттің жеңілдетілген несиесіне пайыздық үстемесін қосып, несие алуды қиындатып жіберді. Осыдан кейін көптеген жеке кәсіпкерлер бұл бағдарламаға қатыса аламай отыр.

    - Таяуда Қытайдың ресми өкілдері сонғы уақыттары шағын кәсіпкерлікке қатысты өсім болғанын алға тартты. Еліміздегі сауда-саттық жүйесінің жай-жапсарын жетік білетін мамансы. Бұл мәліметпен келісесіз бе?

    - Жок, келіспеймін. Меніңше, Қытайдың ресми орындары екі ел арасындағы байланыс жайында сөз еткенде олар Қазақ жерінен Қытай аумағына тасымалдап жатқан мұнай мен газды қоса есептеуі мүмкін.

    Шындығына келсек, Кедендік одақ құрылғалы бері Қытайдан тасымалданатын тауар көлемі 18-20 пайызға дейын кеміп кетті. Мәселен еліміз аталмыш одаққа мүше болмай тұрғанда әрбір кәсіпкер Қытайға бір кіргенде 18-20 тонна жеміс-жейдек шығарушы еді. Қазіргі таңда олар 10-13 тонна көкөніс шығарып жүр. Бұл жағдай өз кезегінде еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауын әкеп соқты. Осы ретте мына бір жайытты айта кетуіміз керек. Ел аумағына сырттан жеткізілетін тауарға кеден органдарынын қоятын өзіндік бағасы болады. Мәселен олар сырт елдерден келген қызанақтын бір келісі 80 теңге деп есепке алады. Ал оның базардағы құны одан жоғары болатыны баршаға мәлім. Кеденшілер кәсіпкердің тасымалдау, сақтау, салық төлемдері және базардағы орынды жалдауға кететін шығындарын есептемейді. Осыдан кейін осы мәліметті билік орындары алға тартып бағаның қымбаттауына кәсіпкерлерді кінәлап жатады. Баға саясаты жайында сөз қозғағанда Үкімет осы мәселелердің басын ашып айтуы керек.  Дағдарыстан кейін кедендік төлемдер, нысанды жалдау құны қатты өскені белгілі. Бұл жағдай өз кезегінде Қытайдан тауар тасымалдап, күнелтіп жүрген кәсіпкерлердің 20-30 пайызға қысқаруына әкеп соққаны белгілі. Бұған дейін елімізде сауда-саттықпен айналысатын жеке кәсіпкерлер көршілес Қырғыз елінен тауар тасымалдап келгенін бәріміз жақсы білеміз. Қырғызстандағы саяси толқулардан кейін қазақстандық кәсіпкерлердің аталмыш елмен де байланысы төмендеп кеткенін айтуға тиіспіз. Оның үстіне бұл іске Кедендік одақта өз салқынын тигізгенін айтуға тиіспіз. Осылайша соңғы уақыттары еліміздегі жеке кәсіпкерлер көптеген қиындықтармен бетпе-бет келуге мәжбүр болды

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений