Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Транспорт

    АҚШ-тың бизнестегi бикештері

    Таяуда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ұйымдастыруымен еліміздегі бизнес қауымдастықтардың өкілдері АҚШ-қа сапар шегіп, ондағы шағын кәсіпкерліктің жағдайымен танысып қайтқан болатын. Осы ретте АҚШ-қа сапар шеккен бизнес қауымдастықтардың өкілдері арасында Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Темір Назханов та болған еді. Өз кезігінде қауымдастық басшысы АҚШ-ғы жеке кәсіпкерлерге қатысты іс-тәжрибелерді бізге де айтып берген еді. Бұл жолы газетімізде АҚШ-ғы бизнес ледидердің кәсіпкерлік саладағы іс-тәжрибесі жайында сөз қозғауды жөн санап отырмыз.

    Ұшқыр ойлы Милазо

    «Еліміздегі бизнес ледилардың АҚШ-тағы әріптестерінен көп нәрсені үйренуге болатындығын аталған елге сапар шеккенімізде көз жеткізіп қайттық. Қазіргі таңда елімізде шағын кәсіпкерлікпен айналысып, отбасын асырып отырған нәзік жанды қыз-келіншектер жетерлік. Дегенмен олар АҚШ-тағыда мемлекеттің жеңілдігін сезініп, қамқорлыған көріп отырмағаны ақиқат. Бірақ қазақстандық қыз-келіншектер биліктің бетін бері қара алмадық деп қамығып отырмағаны қуантады», – дейді Темір Назханов.

    Төрт теңіздің ар жағындағы алыс Америкада 19,1 миллион қыз келіншек кәсіпкерлікпен айналысып, алып елдің экономикасына жыл сайын 2,5 трлн. доллар кіріс кіргізіп отырғанын естігенде ішімізді тартып, таңқалдық. Рас, біздегі «Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті құлағын ұстаған кәсіпкер ханымдарға арнап несие беріп жатқанын білеміз. Ал сол несиеге ие болып, айды аспаннан шығарып жатқан әйелдер қауымын көргеніміз жоқ. Әйтеуір аты барда нәтижесі шамалы дүние десек бізге ешкім ренжи қоймас. Кәсіпкерлік салаға жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігінен Қазақстанда қанша әйел баласы бизнеспен айналысып, ел экономикасына қаншалықты пайда тигізіп жатыр деп сауал жолдасаңыз мардымды жауап ала алмауыңыз мүмкін. Сонымен қош делік. Жақсыны көрмекке деген ғой. АҚШ-та бизнес ледилерге қандай қамқорлық жасалынатынын саралап айтсақ, биліктің бишігін ұстаған азаматтарға ой салар.

    IMG_9401АҚШ-та 1997-2004 жылдардың аралығында нәзік жандылардың жаппай кәсіпкерлікпен айналысып, үлкен табыстарға қол жеткізгенін байқауға болады. Осы уақыт аралғында Америкадағы сауда-саттық көлемі 40 пайызға дейін өскен. Көк теңіздің аржағындағы әйелдердің мұндай белестерді бағындыруына билік орындарының кәсіпкерлікпен айналысуға барынша жағдай жасауы себепші болғанын айта кетуіміз керек. Қазіргі таңда АҚШ-тың 43 штатында тек қана кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге көмек қолын созып отырған 113 қоғамдық ұйым бар екен. Бір ұйым түрлі ақыл-кеңестерін айтса, бірі заңдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Бәрі түрлі тақырыпта пайдалы семинарлар өткізіп, ханымдардың бизнесте жетістікке жетуіне күш салып жатқанын байқауға болады. Хьюстон қаласында Вики Милазо есімді кәсіпкер ханыммен кездесіп, онымен ой бөлісудің сәті түсті. О баста медбике болуды арман еткен Милазо ханымның ойына бір күні адвокаттық істермен айналысып, заңдық қызмет көрсету турасында идея келеді. АҚШ-та сот процестері жиі болатының белгілі. Ол соның ішінде медициналық сақтандыру саласы бойынша тиісті қаржысын ала алмай зар жылып жүрген науқастарға көмек көрсетуді жөн деп шешкен. Ол медбикелік жұмысты істеген кезде дәрігерлердің қателіген көптеген адамдардың жапа шегіп жүргенін көріпті. Осыдан 30 жыл бұрын АҚШ-та дәрігерлердің қателігінен кеткен істі қарау кезінде сарапшы ретін жетекші дәрігерлердің өздері тартылған екен. Қарға қарғаның көзін шұқмайтыны белгілі. Ал заңгерлердің медицинаны терең білмеуі қарпайым азаматтардың құқының аяқасты болуына әкеп соққан болатын. Оның үстінде дәрігерлер күні ұзақ медбикелер сияқты науқастың қасында болып, оның барлық ауруын жетік білмейтіні белгілі. Милазо ханым бұған өзінің іс-тәжірибесі барысында көзі анық жеткен соң, заңгерлермен бірлесіп, сот залында науқастардың мүддесін қорғауға бел буып, білек сыбана кіріседі. Кей кездерді ол адвокаттарға медициналық кеңестер беріп, заң алдында жетекші дәрігерлердің айбын бетіне басып отырған. Сот отырысына сарапшы ретінде қатысқан дәрігерге сағатына 1000 доллар төлеу керек болса, медбике ретінде сағатына 150 доллар алған. Осылайша сот залында науқастардың мүддесін қорғап зор жетістіктерге жеткен медбике ханым енді медбике мамандығын таңдаған жастардың білімін жетілдірәп, сот залында адвокаттарға медициналық кеңес беретін орталық ашқан. АҚШ-та 4,5 миллион медбике, 1,2 миллион адвокат бар. Ол осы үлкен мүмкіндікті өз пайдасын тиімді жаратып, қазір зор жетістікке жетіп отыр. Бүгінде Милазо ханымның орталығы жыл сайын қоғамға сот залында медицианалық кеңестер беретін жүзденген медбикелер дайындайынтын мүмкіндікке ие. Орталықтың сертификатына ие болған медбикелдерді ауруханалар мен сақтандыру компаниялары жұмысқа бірден қабылдайды екен. Осы ретте біздер Милазо ханымның орталығынан тәлім алып шыққан медбикелер заңгерлерге 32 түрлі қызмет көрсететінін білдік. Орталықты бітірген медбикелер әрбір екі жыл сайын орталыққа келіп, білігін жетілдіріп тұруы тиіс. Осы ретте олардың құқын Сертификаты бар медбикелердің қауымдастығы қорғайтынын айта кетуіміз керек.

    Адам көрікі шүберек

    Ал әйгілі Нью-Йорк қаласында «Dress for Succes Worldwide» («Сәтті киін») компаниясының өкілдерімен пікірлесіп, олардың табысқа қалай қол жеткізгенінен хабардар болдық. Аталған компанияның негізін 1996 жылы Нью-Йоркта заң университетінің студент қызы қалаған екен. О баста студент қыз өзінің атасы берген 5 мың доллармен ісін бастаған. Ол қолындағы қаржысын қоғамдағы әйелдердің жақсы киініп, жетістіктерге жетуіне арнайды. Осылайша «адам көркі шүберек» деген қазақтың қанатты сөзі Америкада іске асқанын көргенде еріксіз таңқалдық. Қыз-келіншектердің іскерлік әлемінде зор табыстарға жетуін көздейтін ұйым нәзік жандылардың қарпайым резюмеден бастап, қоғамдық ортада өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйрететін орталыққа айналып отыр. Орталық қызметкерлерімен жақынырақ танысқанымызда олардың негізгі клиенттері жалғызбасты аналар мен өмірде өз орынын таба алмай жүрген жандар екенін білдік. Сондай-ақ, олардың көпшілігі АҚШ-та ресми түрде белгіленген кедейшілік деңгейінде ғұмыр кешіп жүрген адамдар екенін айта кетуіміз керек. Осы ретте орталық қызметкерлері өздерінен көмек сұрай келген қыз-келіншектердің 75 пайызы жаңа жұмысқа тұрып, өз жолын тауып кетіп жатқанын алға тартты. Орталықтың өмірге бейімдеуінен өткен қыз-келіншектерге ұйым тарапынан киім-кешектер тегін беріледі екен. Ал орталыққа ірі компаниялар демеушілік жасап тұрады. Жақында АҚШ-ғы ең ірі сауда желісі болып саналатын «Wаl-Mart» компаниясы 60 млн. доллар көлемінде жеңілдік жасағанын білдік. Осындай игілікті істер біздің елімізде де іске асса, үй шаруасындағы қабілетті қыз-келіншектер өздерінің өжеттігін қоғамға дәлелдер еді.  

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений