Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Криминальное чтиво

    Тексеру заң негізінде іске асады

    Шағын және орта бизнес өкілдері мен мемлекеттік қадағалаушы органдар арасында көптеген түсініспеушілік туындап жататыны жасырын емес. Тіпті, бұл жайт нарықтың қатынастардың ажырамас бір бөлшегіне айналды десек артық айтқандық болмас. Қалай десекте, екі жақтың бір-біріне айтатын уәжі қашанда дайын. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының «НГ» басылымы шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін қорғап келгені белгілі. Бұл жолы біздер мемлекеттік қадағалаушы органдардың да ой-пікіріне құлақ қоюды жөн көрдік. Осы ретте Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ерболат Иманқұловты әңгімеге тартқан едік.

    – Ерболат Қажыбекұлы, жергілікті жерлердегі төтенше жағдайлар қызметі шағын және орта бизнестің іс-әрекетін қадағалаушы органдардың бірі екенін өзіңізде білесіз. Осы ретте Қарасай ауданындағы кәсіпкерлермен арадағы байланыстарыңыздан әңгімемезді бас-тасақ. Кәсіпкерлерді тексеруде қандай талап қоясыздар?

    – Қарасай аудандық төтенше жағдайлар басқармасы ауданымыздағы шағын және орта бизнес нысандарының өртке қауіпсіздігін үнемі бақылауында ұстайды. Тексеру барысында көптеген жағдайлар кездесетіні білгілі. Бірақ біздер оның бәрін заң талаптары бойынша шешіп келеміз. Осы ретте біздің бақылауымыздағы нысандар үш дәрежеге бөлінетінін айтуға тиіспін. Олар – жоғары, орта және төменгі дәрежелі нысандар деп үш топқа бөлінетінін былайғы жұрт біле бермеуі мүмкін. Қазіргі таңда ауданымызда тәуекелі жоғары дәрежелі 112 нысан тіркелсе, тәуекелі орта 40 нысан және төменгі дәрежелі 40 объекті біздің бақылауымызда.

    – Сөзіңіз аузыңызда оқырмандарға мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін тәуекелі жоғары, орта және төменгі нысандарға қандай кәсіпкерлік нысандар немесе мемлекеттік мекемелер жататынын айтсаңыз?

    – Жоғары тәуекелді нысандарға адам саны көп мектептер мен ауруханалар және жұмысшылары көп өндіріс ошақтары жатады. 100 адамнын артық кісі шоғырланатын мекемелер тәуекелі жоғары дәрежелі нысандарға жатады. Өйткені мұндай орындарда төтенші оқиғалар орын алғанда, яғни, өрт шыққанда адам шығыны мен материалдық шығын біршама көп болуы ықтимал болғандықтан мұндай нысандар тәуекелі жоғары нысандар деп аталынады. Бұдан басқа нысандардың өндірістік құрамы бойынша да жіктелетінін айта кетуіміз керек. Мәселен, шағын азық-түлік дүкені мен жанар-жағармай құютын стансаның айырмашылығы жер мен көктей ғой. Тез жанатын, улы химикаттар өнімдер өндіретін және сақтайтын нысандар да тәуекелі жоғары дәрежелі нысандарға жататынын айта кетуіміз керек. Ал орта дәрежелі нысандардың адам саны мен өндірістік өніме жоғары дәрежеге қарағанда қауіпі біршама төмен болады. Ал тәуекелі төмен дәрежелі нысандарға дүкендер, ашық қоймалыр және темір-бетоннан жасалған шағын ғимараттар жатады. Осы ретте ауданымыздағы шағын кәсіпкерлердің нысандары төменгі дәрежеге жататынын айтуға тиіспін.

    – Нысандарды тексеру ісі осы жіктеу, топтау бойынша жүргізіле ме?

    – Әрине, жоғарыда атап өткен тәуекелі жоғары нысандарды қалыптасқан заңдылық бойынша жергілікті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармалары жыл сайын тексерілсе, орта тәуекелді нысанға жоспарлы тексеру 3 жылда бір рет жүргізіледі. Ал шағын кәсіпкерлердің нысаны болып саналатын нүктелерді 5 жылда бір тексеру тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына жеке кәсіпкердің өз өтініші бойынша болмаса жергілікті жердегі прокуратура қызметкерлерінің тапсырмасы бойынша тексеру жүргізеді. Жеке тұлғалардың біздің басқармаға тапсырған өтініші бойынша да тексеру жүргізуге құқымыз бар. Бұдан басқа облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің нұсқауы бойынша текерулер жүзеге асырамыз. Мәселен бір ауданда болмаса аймақта өрт, басқада төтенше оқиғалар орын алған болса, департамент мамандары оқыс оқиғаға сараптама жасап, оның алдын алу бойынша аудан, облыс көлемінде тексеру жұмыстар жүзеге асырады. Мұны жоспардан тыс тексерулерге жатқызылады. Ал жоспарлы тексеру жылдың басында жасалынып, оның кетесі жергілікті жердегі прокуратураның сайтына жаряланады. Сондықтан кез келген кәсіпкер ғаламторға кіріп сайттан тексеру-дің заңды, заңсыздығын біліп алуына болады. Төтенше жағдайлар мамандарының шағын кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруіне қатаң тыйым салынған. Сондықтан кәсіпкерлер өртке қарсы қызметінің мамандары келгенде қандай негізде тексеру жүргізіп жатқанын сұрауына толық құқы бар. 

    – Кәсіпкерлік нысанды тексеруге барған өртке қарсы қызметкерлерінің тексеру жұмыстарын қалай жүргізетінін айта кетсеңіз?

    – Бірінше кезекте өртті ауыздықтауға арналған өрт сөндіретін құтылар мен дабылдардың болуы шарты. Бұдан басқа біздің мамандар ғимараттағы электр сымдарының жағдайында басты назарға алатынын айта кетуіміз керек. Сондай-ақ, ғимараттың текпішектері, сыртқа шығатын есіктері де заңдылыққа сай болуы тиіс. Өрт орын алғанда ғимараттан қалай шығудың үлгісі көрінетін жерде ілініп тұруы шарт. Тағыда өртті сөндіруге арналған гидронттар мен арнайы су қорлары болуы тиіс. Осы ретте мекемедегі өртке қарсы іс-шараларға бір адамның жауапкер болатынын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде жауапты тұлға өрт кезінде жұртты ғимараттын қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырады. Ірі кәсіпорындарда әр бөлімдегі өртке қарсы қауіпсіздік шарттарының сақтау ісін жекелеген адамдар жауапкершілігіне алатынын айта кетуіміз керек. Негізінін қандай да бір мекемеде өрт шығып, адам шығыны орын алып жатса, барлық жауапкершілік мекемені қожайына жүктелетін болады.

    – Аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік мекемелер тілсіз жаудың алдын алатын құралдармен толықтай жарақталған ба?

    – Шағын кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігінің алдын алу шарттарының барлығын толықтай сақтайтыны белгілі. Бұл ретте мектеп, аурухана сында әлеуметтік нысандарда өртке қарсы құралдар мен қауіпсіздік шарттары сақтала бермейтінін жасыруға болмас. Өрт сөндіретін құтылар мен заман талабына сай дабылдар мен құрылғыларды орнату мәселесі қомақты қаржыны қажет ететіні белгілі. Кейбір жерлерде өртті ауыздықтайтын су көздерінің жоқ екені жасырын емес. Мұндай жағдайда мекемелер өрт болған жағдайда оны өшіретін су қорларын дайындауы шарт. Ол су тек қана өрт сөндіруге арналуы тиіс. Әлеуметтік нысандарда өрт сөндіретін құтылардың мерзімдері өтіп кетіп жатады. Қалыптасқан заңдылық бойынша кез келген мекеме өрт сөндіруге арналған құтыларын 2 жылда бір рет ауыстырып тұруы тиіс. Сондай-ақ, шалангтердің де тозып кетуіне жол бермегені абзал. Тексеру барысында мекеме өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамағаны анықталып жатса, біздің қызметкерлер хаттама толтырып, айыптың көлеменін анық-тау үшін әкімшілік комиссияға тапсырады. Комиссия мүшелері жағдайды саралап, жаза мен айыптың мөлшерін айқындайды. Осы ретте жеке тұлғаларға 0,5-3 айлық есепті көрсеткіші негізінде айыппұл салынса, лауазымды тұлғаларға 5-10 айлық есептік көлемінде айыппұл белгіленген.  Ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл 20 айлықтық есептік көрсеткіштен басталады. Бұл жерде кәсіпкердің айналысып жатқан кәсібінің көлемі есепке алынатынын ескертеміз.

    – Жаңадан кәсіпкерлік нысан ашуға талпынған адамдарға қоятын қандай талаптарыңыз бар?

    – Бұл азаматты қандай нысан ашатына байланысты. Егер кәсіпкер жанар-жағармай құятын станса ашатын болса, ол жолдан 25 метр қашықытықта болуы шарты. Мұндай тәуекелі жоғары нысандар электр сымдарынан қашық болуы тиіс. Сондай-ақ, өрт сөндіретін құтылары да әлдеқайда көп болуы керек. Осындай заң талаптарына сай нысандарды ашуға төтенше жағдайдың алдын алу бөлімі рұқсат береді. 

    – Қарасай ауданы Алматы қаласының іргесіндегі ірі аудан екені белгілі. Аудандағы төтенше жағдайдың алдын алатын мамандар мен техникаға жағы жеткілікті ма?

    – Қазіргі таңда біздің қызметкерлеріміз бар күш-жігірлерін жұмсап жұмыс істеп жатыр. Егер қосымша штат беріліп, адамдар қабылдайтын болсақ, бізге артықтық етпес еді. Бүгінде біздің бөлімде 8 адам күні-түні тынымсыз еңбек етуде. Ал техника жағына келсек, өрт сөндіретін машиналардың жетіспейтіні жасырын емес. Біз өзімізге қажетті керек-жарағымыздың сметасын дайындап, Алматы облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу департаментіне беріп қойғанбыз. Қазір ауылдардар өрт қауіпсіздігіне жауапты қосындар құру мәселесі жоғары жақты қызыу талқыланып жатыр. Бұл мәселе республика деңгейінде шешілетіні іс екені белгілі. Заң бойынша 5 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда бір өртке қарсы тұратын қосын ашу көзделген. Егер елдімекендерде өрт қауіпсіздігін қарсы қосындар құрылып жатса, жұмысымыз айтарлықтай жеңілдеп қалар еді.

    – Әңгімеңізге рахмет.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений