Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Таможня

    kurman
    Қытайдан
    «Қорғас» кедені арқылы контрабандалық тауар өткізгені үшін сәуір айынан бастап қылмыстық іздеу салынған Алматы облыстық Кеден бақылау департаментінің экс-басшысы Құрманбек Артықбаев Бішкек қаласында ұсталып, елге жеткізілді.

    Экономикалық қылмысқа және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, Қ. Артықбаевты Қырғызстан құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері «қанаттарының астына» алып, жасырып ұстаған. Оған Қаржы полициясы «ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысып, қызметтік құзіретін асыра пайдаланып, экономикалық контрабандамен айналысқан» деген айып тағып отыр.

    Жалпы, бұл қылмыстық іс бойынша жүзге жуық адам жауапқа тартылды деп күтілуде. Қорғастағы дау-дамайға байланысты Қаржы министрлігіне қарасты Кеден бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов та орынбасарларымен бірге отставкаға кеткені белгілі.

    Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Бауыржан Ақантай, контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы Серболат Қалқабаев, Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы Дәурен Төлемісов, кадр басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Айжан Омарова сынды Кеден комитетіннің жоғары лауазымды  шенеуніктері жұмыстан босатылды.

    Алматы облыстық Кеден бақылау департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Қайрат Матрековтың мәлімдеуінше, қаржы полициясы кеденшілерді негізсіз айыптап отырған көрінеді. Өйткені «Қорғас» кедені арқылы күн сайын жүзден екі жүзге дейін контрабандалық жүк тиелген көліктің өтуі мүмкін емес. Құрманбек Артықбаев ұзақ жылдар бойы Iшкi iстер органдарында қылмысты құрықтау саласында қызмет атқарған. Талай-талай қылмыстық топ құрықтауға белсене қатысқанын кезін кейбіреулер жыр қылып айтқан еді. Енді мені кеден саласын басқарған маманның өзіне қылмыстық топтарға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайтыны білгілі. Кеден саласының жұмысы сырт көзге мамыражай сияқты көрінгенімен, көптеген топтардың мүддесі тоғысып жатады. Кедендік одақ құрылып жатқанда еліміздің кеден саласынан ши шығуы еліміз үшін ұят жағдай. Егер атымыш сала осылай жемқорлықтың шырмауына бата беретін болса, Кедендік одақтың өзінін де ұйыққа батыруымыз мүмкін. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес өкілдері кеден саласындағы келеңсіздіктерді айтып, кімге мұңын шағырын білмей жүр. Еліміздің шығыс қақпасындағы «Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері жайын көптеген жағымсыз әңгіме айтылатыны жасыруға болмас. Ендігі жерде билік орындары тым еркінсіп кеткен кеденшілерге тәубаға келтірсе жақсы болар еді. Бұл істің соңы әлдекімдердің ойынына айналып кетпесе болғаны.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений