Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Таможня

    Темекі уы жас

    ұрпақты улап жатыр

    Еліміздегі шылым шегушілерге қарсы қызу күрес басталайын деп тұр. Темекі жұрттың денсаулығын құртып қана қоймай, сонымен қатар ел экономикасы да зиянын тигізіп жатыр. «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының атқарушы директоры Жәмила Садықованың мәлімдеуінше, елімзге сырттан темекі өнімдерін әкелетін шетелдік компаниялардың «айын оңынан туғызып тұр».

    Қазір Қазақстан халқы темекі өнімдерін сатып алуға жыл сайын 1 млрд. доллардан астам қаржы жұмсайды. Ал республика халқының тек қана темекі шегуден ағзасына түскен ауыртпалықты емдеуге жыл сайын 5 млрд. доллар көлемінде қаржы кетеді. Елімізге енетін темекі өнімдерінің 90 пайызы сырттан келетіндіктен, бұл жерде тек пайданы шетелдік компаниялар ғана көріп отыр. Темекі компаниялар  қайырымдылық шаралары демеушілік жасау арқылы өздеріне ұпай жинап жүр. Екіншіден, темекі қораптарына шылымның зияндылығын ескертетін графикалық суреттер бейнелеуге қол жеткізуіміз керек. Ол суреттер қораптың үстіңгі бөлігін және барлық қораптың кем дегенде 50 пайызын алып жатуы керек. Әлемдік тәжірибе бұл әдістің тиімді екендігін көрсеткен. Мәселен, Канадада бұл суреттер қораптың 60 пайыз бөлігін алып жатыр. Тайланд елі осындай қорапты графикалық безендіру жағынан халықаралық Блюмьерг жүлдесіне ие болды. Үшіншіден, темекіні сататын орындар мен оның қолжетімділігін шектеу қажет. Себебі ол балалардан қаншалықты аулақ болса, соғұрлым болашағымыз қауіпсіз. Бүгінде әсіресе 30-35 жастағы азаматтар темекінің құрбанына айналуда. Бұған қоса ресми мәліметтер елімізде 13-15 жас аралығында 140 мыңнан астам жасөспірімнің темекіге тәуелді екенін айқындап отыр.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений