Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Таможня
    IMG_1698Мемлекетке табыс әкелуші саланың бірі - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың орнына, мемлекеттік органдар бұл саланы өзінің «жемтігі» қылып алғаны жасырын емес. Бұл жайт Елбасының құлағына дейін жеткені белгілі. Соған байланысты Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке әкімшілік реформа аясында бизнеске түсетін әкімшіліктік ауыртпалықты азайтуды, рұқсат беру жүйесін, соның ішінде лицензиялауды, сертификаттауды, аккредитациялауды одан әрі оңайлатуды нықтап тапсырған еді.

    Алдағы уақытта Үкімет Қазақстандағы рұқсат беру саласындағы ұлттық заңнаманы мейілінше жетілдірмек. Қазір осы бағытта заң жобасын әзірленіп жатыр. Аталған заң жобасы бес бірдей кодекске, 49 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Қазір осы бағыттағы жұмыстармен Мәжіліс депутаттары қызу айналысу үстінде.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында лицензиялық рұқсат беру жүйесі мен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін реформалау туралы ұсыныстар әзірленуі керек. Рұқсат ету жүйесі бойынша жұмыстар екі кезеңде жүзеге аспақшы. Келешекте рұқсат беру құжаты рәсімдерінің 331-і немесе 30 пайызы қысқартылады. Оның ішінде, лицензиялау қызметтерінің 20 түрі, сертификаттаудың 20 түрінің бесеуі, аккредиттеудің сегіз түрінің екеуі, рұқсат берудің 131 түрінің 44-і жойылады деп күтілуде. Бұдан басқа қолданыстағы 184 келісудің 134-і және өзге де құжаттардың 48-і қысқартылады.

     

    Өзгерістердің үшінші кезеңі «жалғыз терезе» қағидатына сүйенетінін айтуға тиіспіз. Мәселен, бүгіндері лицензия алғысы келген жеке тұлға құжаттарды келісу үшін алты мемлекеттік органның табалдырығын тоздырса, енді аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін тек бір мемлекеттік органнан лицензия алынатын болады. Сол секілді өтініш беруші нотариуске барып, қызметіне сұраған ақшасын төлеп, өзінің барлық тапсырған құжаттарын нотариалды куәландыруға міндетті екені белгілі. Енді бұл талап заңнан алынып тасталынбақшы.

    Виктор ЯМБАЕВ, Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті:

    - Сертификаттау саласындағы былық-шылықты, әкімшілік кедергілердің қасақана жасалып отырғанын Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының айтып келе жатқанына 10 жылдан асты. Бір мәселені нықтап қайта-қайта айта беру үшін адамға темірдей төзім керек. Бірақ соған қарамастан, әрбір мәселені жекелей жеткізуге тырысып келеміз. Жалпы, рұқсат беретін құжат тұтынушы үшін кепілдік, бәсекелестеріміз үшін - құрметтеу, өзіміз үшін мақтаныш нысаны болуы керек. Ал біздегі бұл қағаз ондай қасиетке ие емес. Өйткені оны саудалаушы құзырлы мемлекеттік органдар үшін ол ақша алудың құралы ғана. Кейде сол қағаздардың өзі жарамсыз болып жатады. Ол үшін де біз кінәлі болып шығамыз, ал оған қанша ақшамыз бекерге кеткендігінде ешкімнің шаруасы жоқ. Бізде мейрамханаға да, далада шай ішетін ашық алаңқайға да бірдей сертификат беріле береді. Екеуінің айырмасы жер мен көктей, бірақ берілген сапа сертификаты бірдей. Бұл ақылға қонымды ма?.. Қалай дегенмен де бұл ретте жоғарыда қандай да бір жылжудың болып жатқаны көңіл қуантады. Онда әрине, біз айтып жүрген мәселелер қамтылып жатса, игі болар еді.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений