Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Таможня

    Кедендік одақ пайдасы, зияны

    Темір НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

    – Еліміз Кедендік одаққа мүше болғаннан  кейін көптеген ой-пікірлерді саралай келе бұл одақтың еліміз үшін екі-үш қана пайдалы тұстары бар екенін байқадым. Ал кері тұстарын санап шығуға саусағыңыз жетпейді.  Еліміздің Кедендік одаққа мүше болғанына бір жарым жылдың жүзі болды.

    Шенеуніктер болса, импорт-экспорттық көрсеткіштерді алға тартып Кедендік одақ-ты мадақтаудан жарысқа түскендей... Өкінішке орай, билік басында отырғандар оның қандай экспорт-импорт екенін ешқашан ашып айтқан емес. Егер Қазақстан тауар өндіріп, оны сырт елдерге шынымен экспорттайтын болса біздің шенеуніктер әр бұрышта тұрып, «жетістіктерімізді» ай-қай салып айтатын шығар деп ойға қаламын кейде. Кедендік одақтың басты артықшылығы оған мүше мемлекеттердің өндірісшілері үшін ауқымды нарық пайда болғаны белгілі. Ал бізде өнім өндіріп, Ресей мен Белоруске тауар экспорттап жатқан кәсіпкерлерді көріп отырған жоқпын. Сондықтан біздің бөркімізді аспанға атып қуануымызға әлі ерте. Енді Кедендік одақтың қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолайсыз тұстарына тоқталсақ. Бүгінде Ресейге темір жол арқылы жүк жіберіп жатқан кәсіпкерлер екі жаққа да қосымшақа құн салғын төлеуге мәжбүр болып отыр. Салық органдары мұны жанама салықтар, яғни алдағы уақытта салықтар есептелініп қаржы кәсіпкерлерге қайта қайтатынын айтып жүр. Осылайша шағын және орта бизнес өкілдерінің айналымындағы қаржысының 30 пайызы жанама салықты төлеуге кетіп жатыр. Бұл мәселені Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы тоқтаусыз көтеріп келеді. Бірақ бұған билік орындарының лайықты үн қататын түрі жоқ. Енді сертификат мәселесін алайық. Кедендік одаққа мүше елдердің аумағында өндірілген тауарларға сертификат алынуы керек. Егер қазақстандық кәсіпкер елімізде тауар өндіріп Ресей мен Белоруске экспорттаса, сертификат алуға міндетті. Бұны жөн дейік, ал сол тауарды алып отырған Ресей мен Белорустегі кәсіпкерлердің сертификатының растығына көз жеткізу үшін сараптамадан өткізуі орынсыз. Кедендік одақ аясында қағазбастылықтан құтыламыз ба десек, ол одан сайын күрделенгенін көріп отырмыз. Кедендік деклараця толтыру ісі тоқтатылып, оның орнына одан он есе қиын сататистикалық карточканы толтыру пайда болды. Ал бұл карточканы кез келген кәсіпкер толтыра алмайды. Сондан кейін олар амалсыз карточканы толтыратын адамға тәуелді болып отыр. Бұл аз десеңіз бір кәсіпорында өндірілетін әрбір өнімге сертификат алуыңыз керек. Осылайша Кедендік одақ құрылғалы бері бюроктариялық кедергілер жаңаша сипат алғандай... Кедендік одақтың арқасында еліміздегі күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы күннен-күнге қымбаттап жат-қанын жұрттың бәрі көріп отыр. Ресей кәсіпкерлері Қазақстан-мен шекаралас аймақтардағы сүт өнімдері мен жанар-жағармайды арзан бағада сатып алып жатыр. Мұның соңы қымбатшылыққа ұрындыратыны айтпасада түс-інікті.

    Анатолий ПОПЕЛЮШКО, «Рахат» фабрикасының президенті:

    – Біздің кондитерлік фабрика Кедендік одақтың пайдалы тұстарын көре бастады. Қазіргі таңда Ресейде «Рахат» кондитерлік фабрикасының өніміне сұраныс жоғары. Кей кезде Ресейге өндірген өнімдерімізді жеткізіп үлгере алмайтын кездеріміз болады. Осы ретте Кедендік одақтың біз үшін олқы соққан тұсы салық мәселесіне қатысты болып тұр. Екі жақтың да салық органдарына төленетін қосымша құн салығын қайтарып алу үшін біздер көптеген уақыт жоғалтып, айналымдағы қаржымызды еселеуден қағылып отырғанымыз-ды айтуға болады. Бұдан басқа жүк көліктерімен Ресейге өнімімізді жіберген кезде 2-3 сағат Қазақстан аумағында тұрып қалатынын да жасырудың жөні жоқ. Ал өнімді темір жол арқылы жеткізсеңіз мұндай кедергімен бетпе-бет келмейсіз. Еліміз Кедендік одаққа мүше болғалы бері күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы біршама өскенін байқау қиын емес. Бүгінде Ресейде тауардың бағасы мен оған салынатын салықтың мөлшері бізден әлдеқайда жоғары. Осы бір жайт еліміздегі қымбатшылыққа тікелей әсер етіп отырғанын айтпай кетуге болмайды. Кондитерлік өнімдерді өндіру үшін бізге қант қажет. Соңғы уақыттары қанттың бағасы біршама қымбаттады. Кондитерлік өнімдер өндіру саласының табыстылығы 7 пайызды ғана құрайды. Баға бұлайша көтеріле беретін болса, біз шығынға бататынымыз анық.   

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений