Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Жөн сөзге құлақ аспайтын меморгандар

    Саяси шешімдер институтында «Меморгандар және қоғам. Диалог па әлде монолог па?» деген тақырыпта қызықты талқылау болып өтті. Алқалы жиынға атқарушы билік орындарының қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы атынан жиынға қауымдастық басшысының орынбасары Темір Назханов қатысқанын айта кетуіміз керек.

    juldyzҚұзырлы орындар мен қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен диалог жүргізіп, жиі кездесуі қоғамдық сананың алға жылжуына ықпал ететіні сөзсіз. Бұл бағытта Саяси шешімдер институты екі жаққа барынша арағайындық жасап келеді. Дегенмен басқосуға қатысқан бизнес қауымдастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері меморгандар мен қоғам арасындағы байланысқа көңілдері толмайтындарын ашып айтты. Өз кезегінде олар меморгандар қоғамдық ұйымдармен байланысын күшейтпесе, еліміздегі діни, этникалық және еңбек қатынасына байланысты мәс-елелер ұшыға беретінін мәлім етті. Жиын басында Саяси шешімдер институтының сарапшысы Жұлдыз Алматбаева баяндама жасап зерттеулерін жария етті. Ендігі кезекте сарапшының айтқан ойына құлақ түрсек. «Біздің институт құрылғаннан бері қоғамдық ұйымдар мен құзырлы орындардың арасындағы байланысты нығайту бағытында 66 отырыс өткізіп, оның 20-на мемлекеттік орындардың өкілдері қатысқан. 10 отырсқа (15 пайызы) жергілікті билік орындары өкілдері қатысса, 6-на (9 пайыз) мемлекетпен байланысты мекемелер қатысқан, сондай-ақ 4 отырысқа (6 пайыз) министрліктер мен түрлі ведмоствалардың өкілдері қатысыпты. Осындай статистикалық мәліметтерді есептей келе меморгандардың диалог жүргізудегі белсенділігіне «үш» деген баға қойдық», – деп  ойын ортаға салды.

    Халық билігінің
    хәлі нешік?

    maratБұдан кейін сөз алған ҚР Шекаралық ынтмақтастық қау-ымдастығының өкілі Марат Шибұтов өз ойын былайша сабақтады.

    – Біздің поскеңестік елдерде қалыптасқан түсінік бойынша халық билік дегенде көз алдымызға зақор шенеунік елестетейді. Ал билік басындағы шенеуніктер халықты өкпешіл, наразы топ деп қабылдайтыны жасырын емес. Мені кейбіреулер тым асырып айтты деуі мүмкін. Бірақ қоғамда осындай түсініктің барын жасырудың жөні жоқ. Алдағы уақытта екі жақ үшін тиімді диалог орнатып қоғамда қалыптасқан стереотипті жоюымыз керек. Халық билікке қоятын талабын саяси партиялар, өздері сайлаған депутаттар мен БАҚ арқылы жеткізуге тырысады. Бүгінде Қазақстан халқының 83 пайызы ешқандай саяси ұйымға мүше емес. Бірақ біздің Мәжіліс депутаттары партия тізімі бойынша жасақталатыны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды, қарапайым халық пен депутаттар арасында байланыс жоқ. Елімізде халық билігін дамыту үшін жұрттың саяси белсенділігін арттыру маңызды. Тағы бір қызық мәліметті келтіре кетейін, Парламент Мәжілісінде отырған депуттардың 34 пайызы 2007 жылдан бері билік орындарына бір ретте депутаттық сауал жолдамаған. Халық қалаулыларының тек 33 пайызы ғана 1-9 аралығында депутаттық сауал жолдап, өз мүмкіндіктерін пайдаланған. Сондан депутаттар-ға ай сайын 700 000 теңгені не үшін төлеп жүрміз деген ой туындайды. Еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының да белсенділігі де төмен. Мәліметтерге назар аударсақ, ел бойынша кәсіподақ ұйымдарына 2 миллион адам (экономикалық қауқарлы адамдардың 28 пайызы) мүше екенін байқаймыз. Өкінішке орай, олардың билікке батыл талап қоюына компания басшылары мүмкіндік бермейтіні жасырын емес. Алкгольдік және темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынғаннан кейін ақпарат құралдары да мемлекеттік сатып алуға тәуелді болып, халықтың ойын жоғарыға жеткізуде шабан қимылдап жүргені жасырын емес. 

    rustamБилік партиясы «Нұр Отанның» жанынан құрылған Инновациялық комитет төр-ағасының орынбасары Рустам Ақбердин де жиында өз ойын айтты.

    – Бүгінде құзырлы орындар шағын және орта бизнес саласын реттейтін заң нормаларын талқылағанда билік орындарында тіркелген бизнес қауымдастықтарды ғана шақыратыны белгілі. Осыдан екі жыл бұрын екі тарап бас қосып, еліміздегі кәсіпкерлік салыны дамытуды көздейтін заңды қабылдады.  Бүгінде біз қабылданған заңнаманың оң және олқы тұстары бар екенін көріп отырмыз. Бұның бәріне меморгандарды кінәлай беруге болмайды. Бизнес қауымдастықтардың билік орындармен байланысқа түсуі қиын екені белгілі. Меніңше, кәсіпкерлердің мүддесін көз-дейтін ұйымдар Парламентпен тығыз байланыс орынту керек. Заң шығарушы орган төрінен көтерілген мәселе жемісті болатыны сөзсіз, – деп ойын ортаға салды.

    Өзгеріс керек

    svoikбұдан кейін пікірталасқа Алматы қоғамдық антимонополиялық комиссиясының төрағасы Петр Своик араласты.

    – Мен бүгінгі жиынға қатысушылардың бәрі бірдей қоғам мен билік арасында байланыс жоқ деп айтқаны қатты таңқалдырды. Қалай десекте біз бен олар бар. Сондықтан біздер осы басқосу аясында бір шешімге келіп, өз ойымызда жоғарыға айтудан шаршамауымыз керек. Жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Известия» газетіне жарялаған мақаласында 90 жылдардағы қиын кезеңде қоғам болып еңсергенімізді айтты. Бүгінде Қазақстанда үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы іске асыруда. Менің ойымша, дәл осындай үдемелі жедел іске асыратын бағдарламаларды тек экономика саласында ғана емес, сонымен қатар саяси жүйеде де іске асыру керек, – деді. Ал тәуелсіз экономист, сарапшы Шамиль Дауранов:

    shamil– Мен еліміздің басқару жүйесімен жақсы таныс маман ретінде мынаны айтар едім. Мемлекеттік органдарға бас сұққан кез келген адам шенеуніктердің жұмыстан қол-дары босамай, алдындағы қағазға шаншылып отырғанын байқайды. Тіпті, олардың жеке тұлғалардың шағымына құлақ асатын уақыты да жоқ. Мен осыдан біздің мемлекеттік басқару жүйесі Президент тапсырмасын, түрлі ведмоствалардың жүктеген міндеттерін және халық қалаулыларының депутаттық сауалын орындауға негізделген деген байламға келдім. 90 жылдары мемлекет қаржы жетімсіздігінен шетелдің инвестициясына тәуелді болып, халықпен санасты. Қазір биліктің ұшар басындағылар облыстардағы ірі  компанияларды мемлекеттік құрылым арқылы басқарып отыр. Шындығында аймақтардағы ірі компаниялардың ісін қадағалау жергілікті би-лік орындарынан қолдарынан да келеді.  Бірақ Астанадағы шенеуніктер компанияларды қадағалауға құмар. Алдағы уақытта Үкімет осы мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер тапсырмаларды орындауға емес, сонымен қатар маңызды істерді өз бетінше шешіп, түйінін тарқатуға машықтануы керек, – деп маман мәселенің түп-төркіні қайда жатқанын меңзеді.

    Ал Алматы қаласы бойынша Тәртіптік кеңестің төрағасының орынбасары Геннадий Данияров билік орындарын ақтап алуға тырысқандай болды.

    – Мемлекеттік органдарға шағымданған жеке тұлғалар көбінде өздерінің нақты қандай орындарға шағымдануы кер-ектігін түсінбейді. Осыдан кейін меморгандар мен халықтың арасы ажырай бастайтын жасырын емес. Мемлекеттік қызметкерлердің уақытының көбі азаматтарға қандай орындарға шағымдануы керектігімен түсіндірумен кетеді. Көпшілік шағым тапсырудың өзіндік қалыптасқан заңнамалық нормасы бар екенін білуі міндет. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері талқылауларға мемлекеттік қызметкерлердің аз қатысатыны айтып, өкіпелерін білдіруде. Шынымды айтсам, өзім бүгінгі басқосуға әрең уақыт тауып келіп отырмын. Мұндай шараларды ұйымдастырар алдында қоғамдық ұйымдар оның өтетін уақытын мемлекеттік мекемелермен ақылдасып алуы керек деп ойлаймын, – деді.

    Әкімшілік реформа қажет!

    eugeniy_bessonovЕвгений Бессонов, Қазақстан кәсіпкерлері форуы кеңесінің мүшесі, кәсіпкер.

    – Қабылданған заңдылықтар демекші, әдетте билік орындары қарапайым халықтың шағымына 30 жұмыс күнінің ішінде жауап беретінін осында отырған бәріміз білеміз. Егер кәсіпкерлік мәселеге қатысты Астанада жиын өтетін болатын болса, құзырлы орындар «ертең сағат таңғы 9-дан қалмай келіңіз» деп хабарлайды. Содан біз барлық жұмысымызды ысырып қойып, амал жоқ Астананы бетке аламыз. Осыны қалай түсінуге болады? Меніңше, меморгандар кәсіпкерлердің мүмкіндігімен де санасуы керек қой. Кәсіпкерлерді суыт шақыруға әуес министрліктер қастары-нан бизнес қауымдастықтардың бөлімшесін ашып, ұстасын. Қалай десек те, әрбір шенеунік қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек. Бүгінде елімізде ҚР Президенті жанында Қауіпсіздік кеңесі, еліміздегі бизнес қауымдастықтардың ісін үйлестіретін кеңес жұмыс істейді. Меніңше, аталған қоғамдық институттар өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып отырған жоқ. Кәсіпкерлер оларға тікелей шыға алмайды. Ұсыныстарымызды минстрлік жанындағы жұмысшы тобына, Мәжілістің кәсіпкерлік бөліміне ғана жолдаймыз. Сонда біз қашан Премьер-Министрмен, министрмен, депутатпен байланысып, өз ойымызды еркін жеткіземіз? Алдағы уақытта пайдасыз жұмысшы топтары мен бөлімдерді қысқартып, бюджет қаржысын үнемдеу керек.  Сондай-ақ, ел азаматтары үшін Конституциялық кеңес пен Конституциялық соттың қажеті жоқ ойлаймын. Есесіне Есеп комитетінің құзырын кеңейту керек. Есеп комитетіне есебін тапсырмаған құзырлы орындардың басшысын бірден қызметінен алу керек. Сонда ғана оң нәтиже болуы мүмкін.

    talgatТалғат Әбдіжапаров, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:

    – Билік пен бизнес жайында сөз қозғағанда оған қатысты заң жобаларында ешқандай түйіткілді мәселе көріп тұрғаным жоқ. Жаңа Петр Свойк мырза «әкімшілік құрылымға реформа жасау керек» деп жақсы ой айтты. Меніңше, біздің түйінді мәселелеріміздің бәрі соған тіреліп тұрғандай... Сондай-ақ, ел азаматтары осы қоғамның бір бөлшегі, салық төлеуші ретінде сезініп қоғамдық мәні бар істерде ұйымшылыдық танытуы керек. Меніңше, Қазақстанда көрші Ресейдегі-дей Президент әкімшілігінің жұмысын бақылайтын орган керек. Мұндай бақылаушы мекеме болмағандықтан барлық іске Елбасы жауапты болып жатады. Егер жоғарғы деңгейдегі бақылаушы орган құрылса іс алға басатыны сөзсіз.

    aidarАйдар Әлібаев, Зейнетақы қорлары қауымдастығының кеңесінің төрағасы:

    – Шындығын айтар болсақ, қазір билік пен қоғам арасында диалог та, монолог та жоқ. Бүгінде жұрттың ойына құлақ асып, ой түйетін шенеунікті көрген жоқпын. Жаңа жиынның басында болып, ортасында кетіп қалған Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің өкіліне сұрақ қойсам деп отыр едім, үлгермедім. Меніңше, аталған агенттіктің құрылып жұмыс істеп жатқанына біраз уақыт болды. Бірақ олар шенеуніктердің жұмысына оң өзгеріс әкелген жоқ. Қазіргі таңда жастар жеке секторды тексере-тін мемлекеттік құрылымдарға жұмысқа тұруға күш салады. Олар санасында саланың жұмысын жолға қояын, дамытайын деген ой жоқ. Тек қана оңай олжаға қол жеткізуді ғана ойлайды. Мен осыдан қатты қорқамын. Бұл мемлекет үшін қасірет десем артық айтқандық болмас еді. Сондықтан Үкімет әкімшілік және кадрлық реформаларды жедел қолға алуы керек. Бұлай кете беретін болсақ, қатты опық жейтініміз сөзсіз.

    timurТемір Назханов, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

    – Біздер көптеген мем-органдарға, яғни Президент әкімшілігі, Үкімет пен түрлі министрліктерге кәсіпкерлердің жағдайына қатысты көптеген хаттар жолдаймыз. Ең өкініштісі аталған меморгандар азаматтардың хаттарын өз ісіне дұрыс атқармайтын органдарға қайтадан бағыттай салады. Ол жердегі кеңсе бөлімінің маманы хатыңыз бойынша мәселені қараймыз деп жауап жазатыны белгілі. Осылайша бір-бірімізге хат жазудан әріге аса алмай отырмыз. Құзырлы орындардың басшылары жазылған хаттарға мүлде көңіл бөлмейді. Қазір бизнес пен биліктің арасындағы жағдайға назар аударған адам көп істің көзбояушылық үшін істелініп жатқанын байқайды. Өз басым «Жеке кәсіпкер туралы» заң жобасын талқылауға қатысқанымда меморгандардың қандай жағдай болса да заңды өздерінің қолайына жағатындай етіп қабылдауға күш салатынын байқадым. Айталық, басқарудың тәуекелдік жүйесі. Бұл тексерушілерді прокуртура органдары бақылап отыру үшін қажет жүйе екен. Осыдан кейін меморгандар арасында жемқорлықтың пайда болатыны сөзсіз. Қазір жастарды шетелде оқытып жатырмыз. Ия, олар нарықтық экономиканың заңдылығына сай жақсы білім алып жатыр. Күні ертең олар келіп, қызметке тұрғанда өздерінің білімі түкке қажеті жоқ екенін көріп, жемқорлықтың шырмауына қалай шатылғанын білмей де қалады. Сондықтан мұндай талқалауларды жиі өткізіп, мұнда талқыланған мәселелерді билікке, халыққа насихаттап тұрудың мәні зор деп ойлаймын. 

    Ерлан Смайлов, модератор:

    – Жаңа ғана билік атынан басқосуымызға қатысқан Геннадий Данияров «жиналысты бізге қолайлы уақытқа белгілемепсіңдер» деп айтқанын естідіңіздер. Мұны шенеуніктің шіренуі демеске лажың жоқ. Қалай десек те билік пен қоғам арасында диалог болуы керек. Меніңше, диалог азаматтар, қоғам, бизнес пен мемлекеттің арасындағы арасалмақты реттеп отырады.

    Жасанды кеңестер

    andreiАндрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті мәселелерді зерттеу орталығының директоры:

    – Қазір Үкімет пен министрлік жанында, керек десеңіз әкімдіктер жанында түрлі қоғамдық кеңестер құрылған. Өз кезегінде олар кәсіпкерлікпен, жастар және гендерлік саясатпен, яғни қоғамдық мәселелерді шешумен айналысады. Бірақ солардың ауыз толтырып айтатындай іс тындырып жатпағанын бәріміз білеміз. Өйткені қаптаған кеңестер жұмыс істмейді. Шенеуніктер мұндай кеңестерді құрып, өздерінің қолайына жағатын қоғамдық ұйымдардың қарасын көбейту үшін әдейі істейді. Ал кеңестердің қай уақытта жиналып, қай уақытта қандай мәселені талқылайтынын жүйелі жұмыс кестесі, тіпті оған ие болатын басшысы да жоқ. Әдетте меморганның жанынан құрылған кеңестерді бөлім басшылар қосымша жұмыс ретінде «амалсыз» атқаратыны жасырын емес. Олардың өткізген жиналыстары да қоғам үшін пайдасы жоқ. Осындай «жасанды» кеңестер қоғамның өзекті мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйымдарының жолын кесіп отырғаны өкінішті. 

    Мұрат Машкенов, ҚР Еңбек конфедерациясының бас хатшысы:

    – Елімізде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұй-ымдардың  арасындағы байланысты үйлестіретін жүйе қалыптаспағаны ащы да болса шындық. Парламент қабырғасында қабылданған бюджет туралы заң жобасына ешқандай кәсіподақ ұйымы қатысқан жоқ. Еліміздің барлық аймақтары жөнсіз өскен тарифтерге өз наразылықтарын білдіріп жатады. Бірақ бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізіп, кәсіподақ ұйымдармен тізе қосып жұмыс істеген құзырлы орындарды көрген емеспін. Еліміздің әлеуметтік бағдарламалар түрлі қоғамдық ұйымдардың талқылауынсыз қабалданғаннан кейін жұрттың назарлығын туғызатыны сөзсіз.

    P.S. Жиынға қатысқан сарапшылардың сөзінен құлақ асқанымызда мемлекеттік органдардың тізгінін ұстаған шенеуніктер саңырау қоғам орнатқанын байқағандай болдық. Жұрттың ой-пікіріне құлақ аспайтын биліктен үміт күтудің қажеті жоқ. Дегенмен қоғамдық өміріміз билік саңырау екен деп бір орында қалып қоймайтыны белгілі. Осындай жиындар арқылы халықтың санасына сәуле түсіруге болады. Сондықтан мұндай талқылаулар мен басқосулардың мәні зор деп есептейміз.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений