Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Қырғыз сүті Қазақстанға қайта

    аға бастады

    1x640Қырғызстан Үкімет басшысының орынбасары міндетін атқарушы Өмірбек Бабанов телефон арқылы Қазақстан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке дайын сүт өнімдерін экспорттауға байланысты шектеуді алып тастау жайлы өтініш білдірді. Осыдан екі ай бұрын қырғыз елі ірі қара малдары арасында пайда болған ауруға байланысты көршілес мемлекеттен сүт өнімдерін алуға уақытша шектеу қойылған болатын.

     

    Расында да осы мерзімдегі қырғыз сүт өнімдеріне қойылған шектеу бұл ел ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қиын тигені белгілі. Қырғыз Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда қазір жағдай қалыпты. Әйтсе де Қазақстанға осы мерзімде жеткізілмеген сүт өнімдері салдарынан қырғыз елі экономикасына едәуір нұқсан келіп үлгерген. Әсіресе, мал шаруашылығымен және сүт өндірумен тікелей айналысатын ауыл тұрғындары кәдімгідей шығынға ұшыраған. Екі елдің Үкімет басшылары аталмыш мәселеге қатысты өз ойларымен бөлісіп, нәтижесінде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені оңтайлы шешу мүмкіндіктерін қарастыру жайлы тапсыратынын мәлімдеді.

    Қазақ Үкімет басшысымен телефон арқылы сөйлесер алдында Өмірбек Бабанов өз елінде арнайы жиын өткізіп, Мемлекеттік ветеринария қызметіне «Қырғыз сүт өнімдеріне шектеу қою туарлы мәселе төңірегінде белсендірек жұмыс жасау керек екенін, қазір ауруға шалдыққан малдың жойылғанын, жағдайдың қалыпты екенін айтып, көршілес елдердің хабарласқанын күтіп қарап отырмай, керісінше, қажет болған жағдайда өздерінің барып, қойылған шектеуді алып тастауға қол жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазір қырғыз елінде «сүт тасқыны» орын алып жатыр десе де болады. Өндірілген сүт өнімдері ел дүкендері мен қоймаларында асып-тасып жатыр. Мұндай жағдайда үкімет басшысы міндетін атқарушы Өмірбек Бабанов қол қусырып қарап отыруға дәті шыдамай, өзі қазақ елі Премьер-Министріне телефон соғып, мәселені шешуге білек сыбана кірісіп кетті. Отандық тауар өндірушілерге қазірден қолдау жасамаса, жағдай күн өткен сайын ушыға түсетінін ол жақсы біліп отыр. Сондықтан да осындай қадам жасады.

    Ата кәсібі болып саналатан мал шаруашлығы, оның ішінде сүт өнімдерін өндіруге біздің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері де қарап отырған жоқ. Мәселен, өткен жылы 294,39 мың тонна сүт өндірілген. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 28,7 пайызға артық көрсеткіш.

    Дегенмен осы жылдың басында Ауыл шаруашылығы экс-министрі Ақылбек Күрішбаев «Бізде жыл сайын сүт өндірісі артып отырғанына қарамастан, өнеркәсіптік өңдеуге оның тек 30 пайызы ғана жіберіледі. Оның бірқатар объективті себебі бар. Отандық өндірушілер кейбір сүт өнімдерінің сапасы мен бағасы жағынан көршілес мемлекеттер, соның ішінде Кедендік одақ елдері тарапынан қысымға ұшырап келе жатыр» деген болатын. Демек, отандық өндірушілерді қолдау мәселесін үнемі назардан тыс қалдырмау жағын оқтын-оқтын қарастырып қойсақ, артық болмайтыны анық.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений