Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Қырғыз көлігі Қазақ жерінде ойқастауда

    Қазақстан кедендік одаққа кірген соң сырттан әкелінетін автокөліктердің кедендік төлемдері қымбаттады. Қазіргі төлемнің құны бұрынғымен салыстырғанда үш есе жоғары. Жаңа төлемнің шарты бойынша бірыңғай кедендік тариф төлемдері қазіргі нарықтағы көліктердің бағасынан асып түсуде. Осындай жағдай отандастарымыздың сырттан көліктерін рәсімдеп келуіне себеп болып, көлік сатып алушылар кедендік рәсімдеуді айналып өтудің амалын тапты. Автокөліктерді көршілес Қырғызстанға барып тіркетіп, кейін елімізге айдап келеді. Қазір Алматы көшелерінде айыр қалпақты ағайындылардың қызыл туы мен сары түспен айшықталған нөмірі бар көліктер зулар жүр. Есесіне Кедендік одаққа енбеген қырғыз елінде көлік бағасы арзан қалпында қалып, ел қазынасына қаражат түсіп жатыр. Көрші елдегі баға біздікімен салыстырғанда 40 пайызға төмен.

    Біздің заңымызда көрші елдің көліктеріне еш тіркеусіз 2 ай жүруге рұқсат берілген. Алайда, 2 айдан кейін шығу керек деген талап та солқылдақ. Шекарадан ары шығып, бері қайта кіріп қайтадан қазақ жерінде 60 күн тағы да алаңсыз жүруіне болады. Мұндай өрескелдік еліміздегі жол сақшыларының жұмысына салмақ түсіріп отыр.Себебі еш жерде тіркелмеген көлік иелері Қазақстан заңына бағынбайды. Жол ережесін бұзған көлік иесі тіркеуде болмағандықтан оларды табу қиынға соғуда. Қаламыздағы жол сақшыларының мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстаннан келген көліктерге байланысты жылдың басынан бері жалпы 1800 хаттама толтырылыпты. Соңғы 20 шілде мен 20 тамыз айларының аралығында 1500-ден аса хаттама толтырылып, көлік иелері әкімшілік жазаға тартылған. Оларішімдік ішіп көлік жүргізу, жолдың қарсы бетіне шығып кету, бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда жолдан өтіп кету, еш құжатсыз көлік жүргізу секілді ережені бұзғандар. Әкімшілік жазаға тартылғандардың басым көпшілігі - еліміздің азаматтары.

    nomerСары тақтаға жазылған көлік нөмірі еліміздегі уақытша тұруға келген жүргізушілерге беріледі. Қырғызстан автокөліктерінің мемлекеттік нөмірлері де сары тақтайшаға жазылған. Өзге елде арзанға рәсімделген көлік еліміздің шекарасын асуда. Бұл көліктер техникалық тексеруден Қырғызстанда өтіп, салықты сол елдің қазынасына құйып отыр. Бірақ, Қазақстан жолдарында жүреді. Жол ережесін бұзған жағдайда оларға айыппұл төлету қиынға түсуде. Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, басқа елдерде тіркеуде тұрған автокөліктерден туындайтын түйткілді мәселелер көп екен.

    Оңтүстік астанамыздағы қазіргі ахуал туралы Алматы ішкі істер департаменті, жол полициясы үгіт-насихат және БАҚ-пен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Еркін Өтегеновтен сұрағанымызда: «Алматы қаласы еліміз және көрші мемлекеттер үшін маңызы бар шаһар. Соның ішінде магистраль жолдары өте көп, әрі күніне қала ішіне сырттан ағылып келіп жатқан көлік көп. Шілдеден бастап Кедендік одаққа кіргендіктен Алматы ішкі істер департаменті көршілес Қырғызстаннан келетін транспорт құралдарының айналымын бақылауға алды. Себебі, Қырғыз елі Кедендік одаққа мүше емес. Құқықтық сараптау барысына келер болсақ, қазіргі заңда қалыс қалған тұстар бар. Соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында халықаралық құқық нормалары бекітілмеген. Дегенмен, БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес 1968 жылы 8 қарашада қабылданған «Жол қозғалысы туралы» халықаралық жол қозғалысындағы автокөлік иесінің қолында көлік құралының тіркелгендігі туралы куәлігі болуы тиіс. Қазақстан азаматтары Қырғызстанда берілген автокөліктің техникалық талонымен мұнда жүре береді, тіркеу куәлігі оларда жоқ. Көлік иесі еліміздегі стандарттық қызмет көрсету нормаларына сәйкес, Жол полициясы басқармасына келіп тіркелуі тиіс. Жүргізушіде ондай тіркеу куәлігі болмаса, жүруге тыйым салынып әкімшілік кодекстің 470-бабы бойынша хаттама толтырылып, көлік уақытша тұраққа қойылады» - деп жауап берді.

    Қала көшелеріндегі фото-бейне құр-ылғыларына жыл бойы жол ережелерін бұзған 300-ден аса «қырғызстандық көліктің» бейнетаспасы жазылған. Алайда, жол сақшылары көлік иелеріне ескерту жасап, айыппұл сала алмай отыр. Өйткені, тіркеусіз жүрген көлік мен оның жүргізушісі туралы мәліметтер базада аз немесе мүлдем сақталмаған. Жалпы көлік жүргізушілеріне 7 млн-нан астам айыппұл салынса, әзірге 800 мыңға жуық қаржы өндірілген. Ал, қалғаны әзірге қайтарылмаған... Ең үрейлісі тіркеусіз жүрген көліктердің қатысуымен жол апаты немесе қылмыстың жасалғаны. Оқиға орнынан ізін суытқан жағдайда, кінәлі жүргізушіні табу қиынға соғары анық.

    Әзірге айыр қалпақты ағайындардың айы оңынан туып отыр. Қырғыз базарында көлік бизнесі қарқын алған. Онда 500 долларға көлік сатып алушыға қажетті құжаттың бәрін дайындап беретін делдалдар бар. Бір ғимаратта көлік нөмірімен қоса, сенім хатты да алуға болады. Сенімхатты қолға алған соң, алысқа бармай сол жерде тіркейді. Техникалық байқау ғана басқа жерде өткізіледі екен. Жүргізушілерге мұндай рәсімдеу өте қолайлы. Ал, еліміздің сыртқы істер министрлігі өкілдері қыруар қаржының шетке кетіп жатқанын көріп жуырда бұл заңсыздыққа тосқауыл қойылады деп отыр...

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений