Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Тастаяқшылар маусымашар жасады

    Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы жанындағы «Билярд клуб» Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында жазғы демалыстан кейінгі маусымын бастады. Жаз бойы қолына кий ұстамаған кәнігі тастаяқшылар бильярдты сағынып қалғанын бірден байқадық. О баста бірнеше адамнан құралған «Бильярд клубытың» қазір 30 астам тұрақты ойыншылары бар. Олардың бәрі кәсіпкер.

    Шағын және орта бизнестің тірлігенін босағанда бір уақыт шар ұрып, шаршауды басуды әдетке айналдырған жандар. Бір сөзбен айтсақ, қауымдастыққа мүше кәсіпкерлердің арасына тастаяқтың «тастай батып, судай сіңгеніне» де біраз болды. Өз кезегінде кәсіпкерлер шарларына шаң, кийлеріне кір жұқтырмай жүр. Кейбір дерек көздері тастаяқты қазақтың тұла бойы тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов әкелді десе, енді бірі Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуші, этнограф, белгілі саяхатшы, қазіргі Алматы, сол кездегі Верныйдың тұңғыш генерал-губернаторы Григорий Колпаковский әкелген деп жүр. Қалай десек те бұл екі есімнің қатар аталуына себеп те жоқ емес. Себеп солШ.Уәлиханов пен Г.Колтаковский екеуі де Омбыдағы Батыс Сібір генерал- губернаторлығында адъютант боп қызмет еткені белгілі. Бұл кезінде I-ші Петрдің өзі аттай қалап алғызған «ақсүйектер ойыны» тастаяқтың Ресейде тамыр жайған шағы еді. Демек ақсүйек тұқымынан шыққан Шоқанның «ақсүйектер ойынына» аңсары ауғаны анық. Бүгінде Шоқанның ізін басып, қолына кий ұстап, тастаяққа құмартып жүргендер елімізде мыңдап саналатыны белгілі. Ал Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы жанындағы «Бильярд клубтың» жетекшісі Жұмағұл Оразов болса кәсіпқой ойыншыларын көптеген жарыстарға қатыстырып, ойыншылық қабілетін арттырып жүргенін жақсы білеміз. Оған қауымдастықтың «Бильярд клубының» мүшелері Алматыдағы өтетін жарыстарға қалмай қатысып, қарсылас шақ келтірмей ұтып жүргені айқын дәлел болады. Қазіргі таңда «Бильярд клубтың» жұртшылыққа мақтанышпен көрсететін өзінің чемпиондары да бар. Клуб мүшелері алдағы маусымда да жеңісті жолдарын ары қарай жалғастырып, Алматы қаласында өтетін клуб аралық жарыстарға қатысуды жалғастырмақшы. Осы ретте Жұмағұл Оразовтың елімізге келген әлемге аты мәлім тастаяқшылармен клуб мүшелері арасында жолдастық кездесу өткізіп тұратынын да айтпай кетуге боламайды. Кәсіпкерлер бұған дейін Украина мен Ресейдің белді тастаяқшыларымен кездесіп, зор тәжрибе жинағанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа клбутың еліміздегі кәсіпқой бильярдистермен де байланысы бар. Жаңа маусымашар ойыны кезінде «Бильярд клубтың» мүшелерімен тілдесіп, ойларына қанықтық енді соған назар аударсаңыздар.  

    Жігіттер осал емес

    Ерғанат ҚАЙЫПОВ, ТКҚ жанындағы «Бильярд клубтың» мүшесі:

    Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының «Бильярд клубынына» мүше болып, тастаяқты үзбей ойнап келе жатқаныма 7-8 жылдың жүзі болды. О баста біздің клубта төрт-бес қана жігіт едік. Аптасына бір мәрте бас қосып, өз арамызда ойнайтынбыз. Ол кезде қауымдастық жаңадан құрылып жатқан еді. Соның өзінде қауымдастықтың 200-ден астам мүшесі бар болатын. Бір күні Талғат Акуов қауымдастық ішінен клуб құрайық деген ұсыныс айтты. Біздер оның ұсынысын бірден қолдадық. Содан қауымдастыққа мүше кәсіпкерлер арасында құлақтандыру жасағаннан кейін, оннан астам кәсіпкер «Бильярд клубқа» мүше болуға өз өтініштерін тапсырғаны әлі есімде. Содан бері жыл сайын біздің клубтың мүшелері артып келеді. Қазргі таңда қатарымызда 30 астам ойыншымыз бар. Клубтың өзіндік формасы мен ережесін дайындадық. Ережеге сәйкес ойын кезінде ойыншыларымыз салаутты өмір салтын қатаң сақтайтынын айта кетуім керек. Алматы қаласындағы тастаяқшылдар біздің клубты жақсы таниды. Барлықтары ұйымдастырған жарыстарына қалдырмай шақырады. Соған қарағанда біздің жігіттердің оңай шағылатын жаңғақ еместігін байқау қиын емес

    Бильярд мен үшін – хобби...

    Жұмабек БАСТАУБАЕВ, ТКҚ жанындағы «Бильярд клубтың» мүшесі, 2008-2010 жылдардағы чемпион:

    – Әрбір адам спортпен айналысып, денсаулығын бақлауда ұстауы керек. Жас кезімде еркін күреспен айналысып, «спорт шебері» деген атаққа ие болғам. Ал тастаяқ ойнап жүргеніме 6-7 жылдың жүзі болды. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығына мүше болмай тұрып та біраз ойнағам. Қауымдастықта «Бильярд клуб» жұмыс істейтіндігін білгенде бірден мүшелікк жазылдым. Клубта жүріп тәжірибемді шыңдап, жарыстарда топ жарғанымды мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі таңда клуб мүшелері аптасына бір рет жиналып бильярд ойнауды дәстүрге айналдырған. Тастаяқ адам денсаулығына өте пайдалы ойын. Үстелді айналып, шар ұрып жүріп бірнеше шақырым жүріп тастағаныңды аңғармайда қаласың. Жүрген сайын адамның бойында қан айналымы жақсарып, денсаулық жақсаратыны  белгілі. Сондықтан жастарға бильярд ойнап тұруға кеңес беремін. Біздің клуб мүшелері бильярдтың барлық түрін ойнай береді. 2008-2010 жылдары Абсалюттік бильярдтан, яғни тастаяқтың «Мәскеу», «Невский», «Американдық» түрінен чемпион болдым. Мен үшін бильярд хобби, адамдармен араласып, демалуға таптырмас ойын деп білемін. Алдағы уақытта қалалық деңгейдегі жарыстарға қатысып Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының мүддесін қорғаймыз.
     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений