Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Сыра арақ емес

    _DSC0433Ресей мен Қазақстандағы сыра өндіру саласын реттеуде билік орындары сыра мен күшті спирт ішімдіктерін теңестіруге бел буып отыр. Өкінішке орай, билік басындағылар бұл өнімдердің айтарлықтай айырмашылығы барын ескермеуде. Оның үстіне сыраның өзіндің құны спирт өнімдерінің өзіндік құнынан біршама жоғары. Осындай реттеулердің «арқасында» сыра өндірушілер шамадан тыс шектеулермен бетпе-бет келіп отырған жайы бар. Сыраны күшті алкогольді өніммен салыстырғанда қол жетімділігін төмендетіп, сыра бағасының қымбаттауына әкеліп соғуы ықтимал. Осыдан барып тұтынушылар сұранысы арзан спирттік ішімдіктерге ауып, алкоголь пайдаланушылар қатарын көбейтіні айтпасада түсінікті.

    Қазір күшті спирттік өнімдерді Қазақстан мен Ресейде  тұтыну жоғары, яғни, 60 пайыздық деңгейден асуып отыр. Кедендік одаққа мүше елдердің ішімдік саласын реттеудегі саясаты әлемдік тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйtoigunovымының талаптарына да қайшы. Кеден одағына мүше мемлекеттер 21 желтоқсанда «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі тура-лы» техникалық регламент жобасында сыра өнімдері мен күшті спирттік өнімдер бірдей деп қарастырылған. Бұл Кеден одағы аумағында алкоголь тұтыну жағдайын күрделендіріп, өзге де салалардың құлдырауына әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыра өндіру саласы өкілдері «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент аясынан сыраны алып, сыра өніміне жеке техникалық регламент әзірлеуді талап етуде.

    Алик ТУЙГУНОВ, Ресей сыра өндірушілер одағының атқарушы директоры:

    - Өндіріс үрдісінде сыраның өзінің қасиеттері мен ерекшеліктері жағынан аколгольдік өнімге жататын ішімдіктерден біршама айырмашылығы бар. Сыраны күшті алкогольді өнімдермен  теңестіру заң тұрғысынан да, техникалық тұрғыдан да дұрыс емес. Бізде сыраны жеке техникалық регламентке бөлу үшін айтарлықтай негіздер бар. Техникалық регламент сарапшылардың қатысуымен әзірленуі тиіс және өндіріс үрдісінің барлық техникалық ерекшеліктері ескерілуі қажет еді.  Сонда ғана өнімнің қауіпсіздігін толық бақылауға болады, бұл тұтынушының да, мемлекеттік органдардың да, өндірушілердің де мүддесі үшін қажет. Бірақ мамандардың пікірі ескерілмеді.

    Владислав СКРЕБЦОВ, Беларусь сыра өндірушілер гильдиясының атқарушы директоры:

    vladislav- Алкоголь туралы техника-лық регламентті әзірлеуші ұсынған редакцияда қабылдау салдарынан Кеден одағының бүкіл сыра өндіру саласы мүшкіл хәлге ұшырайды. Біз техникалық регламентте еш негізсіз және өнім сапасына да, өнім қауіпсіздігіне де ықпал етпейтін шектеулердің белгіленгенін түсіне алмадық. Сонымен қатар, бұл техникалық регламент Бүкіләлемдік сауда ұйымының қағидалары мен саланы реттеудің жалпыға танылған әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді және халықаралық саудада айтарлықтай кедергі тудырады. Сондықтан Кедендік одаққа мүше үш елдің тиісті құзырлы орындары бұл мәселеге жедел көңіл бөліп, шешуі тиіс.

    Бексұлтан Мейірбеков, Қазақстан сыра өндірушілер одағының президенті:beksultan

    - Шамадан тыс заңдық талаптар сыра өндіруші компаниялардың коммерциялық қызмет бостандығын біршама шектейді және саланың дамуына кедергі келтіреді, өз кезегінде, бұл оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Біз Беларусь жағының пікіріне қосыламыз және сыра өндірісі үшін жеке техникалық регламенттің болуын қатаң талап етеміз. Бұл үш елдің сыра өндірушілерінің ортақ ұстанымы. Мұнда ешкім ұлттық заң нормаларымен белгіленген сыра айналымына қатысты талаптар алып тасталсын деп отырған жоқ. Мұнда мәселе өнім қауіпсіздігіне байланысты өндіріс шарттарының жан-жақты және барынша нақты сипатталу қажеттігінде болып отыр.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений