Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Сөмкелеп тауар тасуға тыйым салынды

    15-і қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына Қытай мен Қырғызстаннан шекара арқылы тауар алып өтуіне шектеу қойылады. Жаңа бұйрыққа сәйкес тұрғындар өзімен бірге салмағы 50 келіден аспайтын және құны мың жарым еуроға жетпейтін тауарды айына бір рет қана кедендік төлемсіз алып өтуіне рұқсат.

    IMG_4679Мұндай шараның қабылдануына коммерция-лық мақсаттағы тауарлардың шекарадан кедендік төлемсіз көп өтуі себеп болған. Бірақ пысықай делдалдар тауарларын 50 келіден аспайтындай етіп бөліп, екара маңында тұратын тұрғындарды жалдау арқылы елімізге бір тиын шығармай-ақ алып өтіп жүр. Жаңа тәртіп осындай құйтырқылықтарға жол беру үшін егізілуде. «Жеке тұлға енді айына бір рет қана тауарын өткізе алады. Сондай-ақ, шетелде 3 күннен аз мерзім болмауы керек. Оның өзінде де шекараға іргелес жатқан ауданның тұрғыны және жұмыссыз, кәсіпкер болуы тиіс», – дейді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Тәуекелдерді талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Аян Көлбай. Аталған шарттар сақталмаса, онда тауарға кедендік баж салығы төленеді. Бірақ, бұл шектеу киім кешек, кілемдер мен маталарға ғана қолданылады. Бұл жағадай өз кезегінде сөмкелеп тауар тасып, отбасы асырып жүрген қарапайым халыққа үлкен соққы болып тиетіні айтпаса да түсінікті

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений