Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    СЭС бизнеске сес көрсетпейді

    Қазіргі таңда, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі заң аясында өз жұмысын табысты атқарып келеді.  Қазір, біздің алдымызда тұрған басты міндет, тұрғындардың денсаулығын сақтау, нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыда, профилактикалық іс-шараларды күшейтіп, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіріп отырған жайымыз бар.

    farhadАуданымызда кәсіпкерлер мен санитариялық-эпидемиология-лық қызметі арасында ешқандай түсініспеушілік жоқ. Ірі серік-тестіктер мен шағын кәсіпкерлерге жоспарлы тексеру жүргізілетін мерзімнен  бір ай бұрын хабарлама жіберіп, ескертіп отырамыз. Ал жоспардан тыс тексеру кезінде, кәсіпкерлерге бір күн бұрын хабарланады. Кез келген тексеру жұмыс-тары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп  басқармасында тіркелген соң,  жүзеге асатыны белгілі.

    Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сай, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында, қауіптерді бағалау жүйесі енгізілген. Заң бойынша қауіптерді бағалау жүйесі негізінен үш сатыға жатады. Бұл жүйе, кәсіпкерлік нысандарында тексеру жиілігін қысқартуға мүмкіндік береді. Тексерілетін нысандар қауіпті бағалау жүйесі бойынша үш топқа жіктеледі. Мәселен, жаңа туған сәбилерге арнап сүт, тағам шығаратын кәсіпорындар болса, мұндай нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары ай сайын тексеруі тиіс. Өйткені, жаңадан туған нәрестенің тұтынатын тағамдары, барлық уақытта санитариялық нормаларға сай болуы керек. Ал қалған нысандарға  тоқсанына, жылына  бір рет тексеру белгіленген.

    Кәсіпкерлік саланы қолдауға байланысты, Елбасының және Үкіметіміздің жүргізіп отырған саясаты шеңберінде, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, Қазақ-станның «Атамекен» одағы ұлт-тық экономикалық Палатасымен, басқа да қауымдастықтармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты дамыту және нығайту жұмысына белсене қатысып келе жатқаны белгілі.

    Осы ретте, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен «Атамекен» одағы ұлттық экономикалық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын білеміз. Осы меморандум, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуді реттеп, сонымен қатар санитариялық-эпидемиология саласы мен бизнес қауымдастық арасында қордаланған түйіткілді мәселелерді шешуге септігін тигізіп келеді.

    Қадағалаушы органдар шағын және орта бизнес өкілдерінің тиімді жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап келеді. Өйткені кәсіпкерлер, ел экономикасының тірегі екенін біз жақсы түсінеміз.  Кәсіпкерлер көп жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тарапынан көптеген тексерулер орын алып жататынын айтып  жатады. Меніңше, олар біздің жұмысымызды жете түсінбегендіктен, осындай пікір айтады деп ойлаймын. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері, кәсіпкерлік нысандарының ішкі санитариялық жағдайын, онда еңбек ететін адамдарың жұмыс жағдайларын және нысанның орналасуына дейін қадағалайтынын білуі шарт. Жалпы алғанда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау са-ласының жұмысы ауқымды екенін көпшілік біле бермейді. Бүгінде біздің қызметкерлерге өндірістік нысандардағы экологиялық жағдай, шудың тиісті мөлшерде болуы, пәтер иелері кооперативінің тұрғын үйлерді уақытында залалсыздандырып, тазалап тұруы және тағы басқа санитариялық-гигиеналық жұмыстарды қадағалау жүктелген. Бұл жұмыстарды өз деңгейінде орындау, үлкен кәсіби біліктілікті қажет етеді. Жақында «Атамекен» одағы осы тексерулерді оңтайландыру үшін, өз ұсыныстарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне тапсырған болатын.

    Қазіргі таңда, қадағалаушы орган мен бизнес қауымдастықтары бұл мәселені қызу талқылау үстінде. Осы ретте, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары да тексерулердің заман талабына сай болуы үшін, барын салып отырғанын айтуға тиіспін. Жаңадан кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттенген азаматтарға тиісті көмегімізді көрсетіп, кеңестер беріп, оларға өз тарапымыздан рұқсат қағазды қысқа мерзім аралығында беріп  отырамыз.

    Сөз соңында, Бостандық ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі кәсіпкерлер түсіністік жағдайда жұмыс істеуін жалғастыра беретіне сенімдімін.

    Фархад Тоқмолдинов,

    Алаты қаласы, Бостандық

    ауданы МСЭҚБ бастығы.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений