Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Сайлау таяп келеді

    nurtaiПарламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын таралуы мүмкін жайындағы гулеген әңгіме шындыққа айналды. Бір қызығы, төменгі палатаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға депутататтардың өздері білек сыбана кірісуі әдетке айналғандай... Нұртай Сабильянов бастағанхалық қалаулылары Мәжілісті тарату жөнінде Елбасының атына үндеу жолдады. Ал әріптестерінің тосын мәлімдемесін естіген сенаттағылар мұны «саяси сатқындық» деп бағалады.

    Осылайша Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев журналистердің басты кейіпкеріне айналды. Себебі, қос депутат БАҚ қызметкерлерін шұғыл жинап, айды аспанға бір-ақ шығарғаны белгілі. Мәлімдеме жасау мүмкіндігіне ие болған халық қалаулылары төменгі палата «тарасын» деп кесіп айтты. Олардың ойынша, кезекті қаржы дағдарысы қыспаққа алмай тұрғанда, тарап жаңа заң шығарушы орган жасақталуы тиіс. Өз кезегінде Нұртай Сабильянов «Қазақстандағы кезекті сайлау әлемдік экономикалық дағдарыс басталғанға дейін жедел өтуі маңызды. Бұл бүкіл мемлекеттік органдардың, Үкімет пен Парламенттің сайлау өткізуге алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға жұмылуына мүмкіндік береді», деді. 105 депутаттың  53-і  Президенттің атына жолданған үндеудің астына дем арасында өз қолдарын қойған. Мәжіліс тарасын деген үндеуді Ақордада отырып оқып шыққан Президент Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың тілегін қабыл алды. Ал сайлау 15 қаңтарға белгіленді.  Айтпақшы, сайлаудың өткізілуіне бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлініп те қойыпты.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений