Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Ресеймен интеграция әлін білмеген әлектік

    Жақында «Темірқазық» пікір-сайыс клубында «Тәуелсіз Қазақстан немесе Ресеймен ықпалдасу: қандай болашақты таңдаймыз?» деген тақырып төңірегінде талқылау болып өтті. Клубтың модераторы Жарас Сейітнұр жиын барысында клуб тарихы, жетістіктері, алдағы уа-қытта атқаратын шаруалары  жайында жиналған жұртқа қысқаша баяндап бергенін айта кетуіміз керек. Басқосуда «Болатхан Тайжан» қорының жетекшісі, экономист Мұхтар Тайжан Кедендік одақ пен Еуразиялық одаққа қатысты ойларымен бөлісті.

    temikazykКүн тәртібінде бас сарапшы Мұхтар Тайжан дүниежүзіндегі аймақтық эко-номикалық ықпалдастықтың даму сатылары және Қазақстанның Кедендік одаққа мүше болу шарттары және үштік одаққа кірудің «оң» және «теріс» дәйектеріне қатысты өз ойын ашып айтты. Сондай-ақ, пікір алмасу бағытында өткен жиынға Дос Көшім, Сайфулла Сапанов, Марат Бөтеев, Бөріхан Нұрмұхамедов сынды елге есімі белгілі азаматтар қатысып, қозғалған тақырып жайында көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

    Бүгінде еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері Кедендік одақтың құрылуынан көптеген қиындықтарға тап болғаны жасырын емес. Экономист мамандар еліміздің Кедендік одаққа мүше болуы кәсіпкерлік салаға қаншалықты зиянын тигізгенін әлі ешкім түбегейлі зерттеген жоқ. Сондықтан Мұхтар Тайжанның Кедендік одақ жайындағы қызықты пікірлері көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны анық.

    – Ресеймен интеграцияға түсу еліміздің Тәуелсіздігі үшін қауіпті. Кедендік одақтың теріс тұстарын халыққа айтып келе жатқаныма 2 жылдан асты. Ал билік орындары менің ойыма ешқашан құлақ асқан емес. Соңғы уақыттары еліміздің сыртқы ведмоствасы Кедендік одақ пен Еуразиялық ықпалдастықтың құжаттарын тездетіп қабылдап жатқанын бәріміз білеміз. Олар осылайша халықтың көңілін басқаға бұрып отыр. Билік басындағылар «Кедендік одақ еліміздегі өнім өндіруші кәсіпкерлердің тауарларын экспорттауға тиімді» деп уәж айтып жүр. Бірақ бұдан халық ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Кедендік одақты жақтаушылар соңғы екі жылда Қазақстанның сырт елдерге тауар шығаруы екі есеге өскенін алға тартуды. Егер бұған тереңірек қарайтын болсақ, бұл өсім сырт елдерге экспортталатын шикізат есебенін орындалып жатқанын байқау қиын емес. Сондай-ақ, соңғы уақтта мұнай бағасының өскенін ескерсек, өсімнің қайдан туындап отырғанын бірден байқаймыз. Бүгінде біздің Ресейге бағыттайтын экспортымыздың 76 пайызын табиғи ресурстардың еншісінде. Оның 56 пайызы шикі мұнай болса, 25 пайызы түрлі металдар. Экономикалық заңдылыққа бойынша бір-бірімен экономикалық интеграцияға түсетін мемлекеттердің мүмкіндігі мен әлеуеті шамалас болуы тиіс. Сонда ғана әділ бәсекелестік қалыптасатыны белгілі. Ал Ресейдің экономикалық мүмкіндігі бізден әлденеше есе артық. Өз басым Кедендік одақтан тең дәрежеде бәсекелестік көріп тұрған жоқпын, – деп бас сарапшы ойын ортаға салды. Жиын барсында М. Тайжан шекарасы тек Қытай, Ресеймен ғана шектесетін Моңғолия мемлекеті екі елге де жалтақтамай өмір сүріп отырғанын алға тартты. Жиынға қатысушылар Кедендік одақты ЕуроОдақпен салыстыруға тырысқанда бас сарапшы бұған қатысты өз ойын жұртқа жария етті. 

    – Кәрі кұрлықтың 37 мемлекеті мүше болып отырған ЕуроОдақ ұзақ жылдар аралығында қалыптасып, өмірге келді. Оны Кедендік одақпен салыстыруға боламайды. Өйткені олардың арасында қандайды бір өктемдік жүргізуге тырысатын мемелекет жоқ. Экономикалық мүмкіндігі зор Германия, Франция, Ұлбритания, Италия, Испания сынды мемлекеттер бір-бірімен бәскелесе алады. Ал Чехия, Белгия, Хорватия сынды шағын мемлекеттер ірі мемлекеттердің табанында тапталамыз деп қорықпайды. Ал Кедендік одақта жағдай басқаша, қазақтар да, белорустер де орыстарға бәсекелес бола алмайтыны белгілі. Айталық Қазақстан экономикалық жағанынан Ресейден 10 есе кіші болса, Белоруссия 34 есе кіші мемлекет. Ресей Кедендік одақ бойынша 57 пайыз дауысты өзі алып қойған. Осыдан кейін қандай бәсеке жайында сөз қозғауға болады? Қазір Кедендік одаққа мүше елдердің шекарасына Ресей әскерлері келіп жатыр. Бұл ресми ақпарат. Ал ЕуроОдақта мұндай мәселе мүлде көтерілген емес. Сондықтан Кедендік одақты ЕуроОдақпен салыстырудың жөні жоқ, – деп мәселенің мәнісін түсіндіріп берді. Жиынға қатысқан «Ұлт тағдыры» ұйымның жетекшісі Дос Көшім де Ресейдің Қазақстанға жасап отырған саяси ықпалы жайында әңгімеледі: «Меніңше, Қазақстан алпауыт мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастыққа түсетіндей толық дамудың даңғыл жолына түскен жоқ. Әлі күнге дейін ұлтаралық, тіл мәселелері шешілмеген. Бұдан басқа отарсыздандыру кезеңінен әлі өтпедік. Енді болар іс болды, басқа салды біз көндік деп Кедендік одаққа мойын ұсынған екенбіз, ұйымның басқарушы органына бірқатар ұлттық мәселелеріміз талқыланбайды деп шарт қоюмыз керек. Бұл тілге және басқа ұлттық мәселелерге қатысты құндылықтарымыз болуы мүмкін. Біздер Кедендік одақтың аясында қазақ тілінің жетімсіреміне жол бермеуіміз керек. Егер экономика, бизнес және қаржы саласы толықтай орыс тілінде сөйлейтін болса, Тәуелсіздікте қандай мән-мағана қалады. Осы жаған ойлауымыз керек», – деді. Ал «Аллажар» қоғамдық қорының жетекшісі Марат Бөтеев «Қазақстан Кедендік одаққа кірмей тұрып өзінің мүмкіндігін саралап  аулуы керек еді» деп өкінішін де білдірді. Осылайша басқосуға жиналаған қызу пікір таластырып, өз ойларын ортаға салды.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений