Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Польша Еуропа жүрегі

    Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы отандық шағын және орта бизнес өкілдерінің өзге елдегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуына барын салып келе жатқаны белгілі. Қауымдастық еліміздегі Польша елшілігінің Сауда және инвестиция бөлімімен табысты жұмыс істеуде. Бұған дейін де қауымдастықтың бас болуымен қос елдің кәсіпкерлері Қазақстан мен Польшада түрлі деңгейде бизнес форумдар өткізген болатын. Жақанда Алматыда екі елдің кәсіпкерлері Алматы қаласында тағы да бас қосты.

    polakiЕуропа төрінде орналасқан Польша Қазақстанның басты саяси-экономикалық серіктесі десек қателеспейміз. Осы ретте Алматыды орналасқан Польшаның Сауда және инвестиция жөніндегі бөлімі Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп, жылына төрт рет қос елдің кәсіпкерлерінің басын қосып жүр. Бұл жол Алматыға Польшаның Великополь воеводствасынан ұзын саны 16 жететін кәсіпкерлері арнайы келіп, қазақстандық әріптестерімен іскерлік байланыс орнатуға тырысты. Поляк кәсіпкерлерін Қазақстан-Польша сауда және өнеркәсіп палатасының жетекшісі Петр Гузовский бастап келді. Сапар барысында Польша елшілігінің жанындағы саяси-экономикалық бөлімінің жетекшісі Мечилавом Лапановским өз отандастарына Қазақстанның экономикасы жайында семинар өткізіп, еліміздегі шағын және орта бизнестің аяқ алысы жайында мағұлмат берген. Басқосуда Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Темір Наз-ханов қауымдастыққа мүше кәсіпкерлердің польшалық әріптестерімен терең қарым-қатынас орнатқанын және бұл байланыстың екі ел үшін экономикалық пайдасы зор екенін алға тартты. «Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын және орта бизнес даму үрдісін бастан кешуде. Өз кезегінде біздің қауымдастық кәсіпкерлердің мүддесін көздеп, олардың ішкі мәселелерін зерттеп жоғары жаққа жеткізуге барынша күш салып келеді. Қазіргі таңда біздің ұйым Қазақстаның ірі 10 қаласында бөлімшелерін ашып, табысты жұмыс істеп жатыр. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы Польша кәсіпкерлеріне заңдық, бухгалтериялық қызмет көр-сетуге әрқашан дайын. Екі елдің шағын және орта бизнес өкілдерінің қанатын кеңге жаюына біз қашан да мүдделіміз», – деп ойын ортаға салды. Бұдан кейін «Қазақстан-Польша экономикалық ынтмақтастық» деген тақырып аясында Польшаның Сауда және инвестиция жөніндегі бөлімінің жетекші маманы Анджей Стэфаньский Польшаның экономиалық әлеуеті жайында әңгімелеп берді. «38 миллионнан астам халқы бар Польша қазіргі таңда кәрі құрылықта дамудың даңғыл жолына түскен ел ретінде танылып отыр. Польша өзінің географиялық орналасу жағынан Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Сондықтан біздің еліміздегі кәсіпкерлер өзінің тауарларын Еуропаның кез келген еліне еш қиындықсыз жеткізетін мүмкіндікке ие. Бұдан басқа елімізде әр түрлі салалар бойынша маман дайындайтын 455 жоғарғы оқу орын бар. Осы білім ордаларында тәлім алған поляк жастары ның қабілет қарымы кез келген бәсекелестікке төтеп баратынын айта кетуіміз керек. Мұндай бәсекеге қабілетті жұмыс күші еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына негіз болып отыр. Польшамен әріптестік қарым-қатынас орнатқан Қазақ кәсіпкерлері осы айтқан мүмкіндіктерді пайдаланып, өз ісін дамытуына біздің елімізде барлық жағдай жасалынған», – деген Анджей Стэфаньский қазақстандық кәсіпкерлерге маңызды мағұлмат берді. Бұдан кейін сөз алған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры-ның Басқарма Төрағасының көмекшісі Нұрлан Ақшанов қордың атқарып жатқан жұмыстары жайында айтса, еліміздегі Төрелік соттының төрағасы Валерий Жакенов польшалық кәсіпкерлерге еліміздің сот және құқықтық жүйесі жайында әңгімелеп берді

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений