Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    70 пайыз жеңілдік

    немесе кәсіпкердің хикаясы

    Кәсіпкерлерді тексеру туралы мораторий күшін жойғалы бері салық инспекторлары тексеруге белсене кіріскені белгілі. Бір қызығы, олар ірі кәсіпорындардан гөрі, отбасылық бизнес ашып, нан-пұлын айырып отырғандарды тексеруге әуес. Оның өзіндік сыры бар. Ірі кәсіпорындардың салықшыларды сес көрсетіп, жол нұсқайтын заңгері бар. Ал жеке кәсіпкерде не заңгері, не бухгалтер жоқ. Осылайша олар салық органдарының құрбандығына айналып отыр. Қазір заңнамалық базада шағын кәсіпкерлерге тиісті деңгейде қорған болып отырған жоқ. Осындай түйінді мәселенің түйінін тарқату үшін «Атамекен» одағы жанындағы Кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің бірінші отырысын өткізіп ойларын ортаға салды.

    143Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің мақсаты – кәсіпкерлерге нақты құқықтық көмек көрсету және заңнамалық, нормативтік актілерге өзгерістер енгізу болып табылады. Қазір кез келген бизнес қауымдастық ұйымдарына мемлекеттік органдардың оспадарлығын айтып кәсіпкерлердің шағымдануы толастамай отырғаны ащыда болса шындық. Айтпақшы, жиын барысында «Атамекеннің» басшысы Аблай Мырзахметов кәсіпкерлерге қысым көрсеткен шенеуніктердің атын атап, түсін түстеп жалпақ жұртқа жария ететіндерін де айтты. Осылайша жиынға қатысқан Бас прокуратура, Салық және Кедендік бақылау комитеті, Қаржы полициясы өкілдерін бір тіксіндіріп тастады. Отырыста негізінен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнама, лицензиялы-рұқсат беру жүйесіндегі кемшіліктер және жалған кәсіпкерлік мәселелері кеңінен талқыланғанын айта кетуіміз керек. Атамекендіктер үстіміздегі жылдың алғашқы 9 айында кәсіпкерлік субъектілерге меморгандар 225 200 тексеру жүргізгенін анықтаған. Кәсіпкерлерді көбінде СЭС мамандары (112 307 тексеру өткізді), Төтенше жағдайлар министрлігі (35 635), Салық органдары (26 785), сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі (11 247) тексеріпті. Тексерулердің орындысы да, орнысызы да жыртылып айырылатынын білдік. Айталық, аталған мерзім ішінде 550 заңсыз тексеру шарасы тіркелген. Осындай бассыздықты реттеу «ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңнамаға өзгеріс енгізіп, тексерулерді оңтайландыру қажет. Сондай-ақ, «Лицензиялар мен рұқсат берулер туралы» жаңа заң қабылдап, онда лицензиялаудың шағын түрлерін алып тастау, лицензияланатын қызмет түрлері саласын шектеудің мәні зор.

    Осы ретте айта кетуіміз керек, Қоғамдық кеңес әр отырыс сайын бір кәсіпкердің басындағы мәселені талқыға салуды дәстүрге айналдыруда мақсат етіп отыр. Бұл жолы қарағандылық кәсіпкер Ирина Ушакованың мәселесі талқыға түсті. Ушакованың басындағы түйткүл еліміздегі барлық сүт өндірушілеріне түсіп отырған ауыртпалық болып тұр. Соңғы кездері салық органдары ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді жүзеге асыратын қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер «ұйымдар» болып табылмайды. Сондықтан қосымша құн салығын төлеу бойынша жеңілдікті (70%) пайдалана алмайды дегенге саятын саясат жүргізіп отырған көрінеді. «Заң дұрыс жазылмағандықтан, оның зардабын кәсіпкерлер тартып жатыр. Мысалы, бізде заң бойынша сүт өнімдерін өңдейтіндерге қосымша құн салығын төлеу бойынша 70 пайыз жеңілдік қарастырылған. Н.Ушакова осы жеңілдікті үш жыл бойы пайдаланды. Содан бері үндемей келген салық органдары енді «Сіз жеке кәсіпкерсіз, заңды тұлға болып есептелмейсіз, 70 пайыз жеңілдікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ғана пайдаланады» деп, кәсіпкерге 15 млн. теңге айыппұл салған. Енді кәсіпкер кәсібін жабуға мәжбүр болуда. Осындай жағдай Шығыс Қазақстандағы 20 кәсіпкердің де басында бар», – дейді А.Мырзахметов. Бір қызығы, бұл мәселесі Қарағанды қаласындағы қос бірдей аудандық және облыстық сотта қаралып, сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шешілген. Бас прокуратура да фермерлік қожалықтар мен жеке кәсіпкерлердің мүддесі тұрғысынан сөйлеп отыр. Соған қарамастан, салық органдары Жоғарғы сотқа аудандық және облыстық соттардың шешімін бұзуды сұрап шағым түсірген. Жиынға қатысушылар салық органдарының бұл әрекеті ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басым бөлігінің банкротқа ұшыратып, ауыл-аймақтағы ағайынды кіріс көзінен және жұмысынан айыратындығын алға тартты.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений