Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Өнеркәсіпті өлке ерлеп тұр

    _DSC6114Жақында Павлодар қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушылар форумы болып өтті.

    Басқосу барысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсету аясында Қазақстандағы халықаралық қаржы ұйымдары қызметінің тұсаукесері мен бизнес пен билік орындарының «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл етуін үйлестіру жөніндегі мәселе талқыланды. 2011 жылдың 10 қазанындағы жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы субсидия алу және несиеге кепілдік беру бойынша 1158 өтінім келіп түскен. Өтінімдерден елімізде кәсіпкерлердің жаңа бизнес-бастамаларды дамытуға ықыласты екенін байқауға болады. Сондай-ақ, өндірісті экспортқа шығаруда да қазақстандық кәсіпкерлердің өз ой-жоспары бар екенін аңғардық. Осы ретте бағдарлама шеңберінде 199 млрд. теңгеден астам субсидиялау шартына қол қойылған. Оның ішінде бірінші бағыт бойынша – 400, екінші бағыт бойынша – 114, үшінші бағыт бойынша – 45 келсімшарт рәсімделгенін айтуға тиіспіз. Аймақтар бойынша қол қойылған келсімшарттар саны жағынан өнеркәсібі дамығанҚарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстары көш бастап тұр. Ал ауылшаруашылығына бейімделген Қызылорда және Жамбыл облыстары төменгі орында. Салалық тұрғыдан алып қарасақ, мақұлданған жобалардың көпшілігі өңдеуші өнеркәсіпте (50 пайыз), көлік және жинақтау (12 пайыз), агроөнеркәсіп кешенінде (10 пайыз) және денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында (9 пайыз) іске асырылуда

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений