Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Мемсатудың таза, әділ өткенін қалаймыз!

    Соңғы жылдары Қазақ кәсіпкерлерін дағдарыс, Кедендік одақтың құрылуы және қадағалаушы органдардың жөнсіз тексеруі әбден титықтатқанын бес жасар бала да біледі. Бұл жолы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Бегалы Мырзабеков шағын және орта бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін өз аузымен айтып берді. Тұщымды ойға құлақ түріңіз құрметті оқырман!

    Бегалы мырза, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері күні кеше ғана ғаламдық қаржы дағдарысын бастан кешіргенде, билік Кедендік одаққа мүше болып кәсіпкерлерді әбден титықтатқаны жасырын емес. Алда тағы да дағдарыс күтіп тұр. Жалпы соңғы екі-үш жылда бастан өткерген қиыншылақтардан нендей ой түйдіңіз?_DSC6327

    Кез келген дағдарыс кәсіпкерге түрлі қиындықтарын алып келетіні белгілі. :аңадан құрылып, бизнестің қыр-сырын жетік білмеген кәсіпкерлер дағдарыс кезінде істерін тоқтатуға дейін барғаны жасырын емес. Жақында ғана Үкімет дүниежүзін тағы да дағдарыс шарпитынын айтып, дайындықты бастады. Шағын және орта бизнес өкілдері де дағдарысқа қарсы тұру үшін өзінше қам жасауда. Әлемді дағдарыс жаулаған қиын-қыстау кезеңде біздің билік Кедендік одаққа мүше болып, шағын кәсіпкерлерді тығырыққа тіреуі орынсыз болды деп ойлаймын. Меніңше, бұл одақтан кәсіпкерлер анау айтқандай пайда көріп отырған жоқ. Әрине, үштік одақ тау-кен өндірісі мен мұнай-газ секторында жұмыс істеп жатқан ірі бизнес үшін қолайлы. Бірақ ірі бизнес үшін шағын кәсіпкерлердің құқын таптауға болмайды ғой. Әрбірден кейін таразаның басын тең ұстау Үкіметтің міндеті емес па? Өкінішке орай, біздің атқарушы билік өз жұмысын тиісті деңгейде атқарып отырған жоқ. Ресейүлкен ел. Олардың әбден қалыптасқан өндірісіне қанатын енді ғана жайған кәсіпорындарымыз төтеп бере алмайтыны айтпаса да түсінікті. 1993 жылдары билік өз алдымызға ел боламыз деп Ресеймен арадағы экономикалық байланысты үзді. Ол кезде де кәсіпкерлердің бастан өткерген бейнеті аз болған жоқ. Ал енді аяққа тұрып, ес жиғанымызда қайтадан Ресейге кіріптар болуымыз өкінішті жағдай. Күні кеше ғана Белорусте деваливация орын алып, экономикалық қиыншылықпен бетпе-бет келгені белгілі. Егер Кедендік одаққа мүше елдер қандайда бір қиын жағдайға тап болса, оның салқыны ұйымға мүше елдерге де тиетіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда өз басым Қазақстанның Кедендік одаққа мүше болғанын қош көрмеймін. Қазақ кәсіпкерлері Тәуелсіздік алған жылдары Қытаймен қоян-қолтық жұмыс істеді. Кедендік одақтан кейін Қытаймен арадағы байланыс қиындап кетті. Таяуда бір станокқа тапсырыс беріп едім, жеткізуші мекеме кедендік рәсімдеудің қымбаттап кеткенін, бюроктариялық кедергілерді орын алып жатқынын айтып, затымды жеткізіп бере алмауда.

    Көптеген кәсіпкерлер еліміз Кедендік одаққа мүше болмай тұрғанда Қытаймен байланыс орнатып, жұмыс істегені белгілі. Жалпы осы үштік одақ пайда болғаннан кейін өзіңіз қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз?

    Өз басым Кедендік одақ пайда болғаннан кейін қандайда бір қиын жағдаймен бетпе-бет келдім деп айта алмаймын. Дегенмен жағдай осылай жалғаса беретін болса көптеген кәсіпкерлердің қиын жағдайларға тап болытыны анық. Еліміз Кедендік одаққа мүше болғаннан кейін шағын және орта бизнес өкілдері орыстармен тығыз байланыс орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеп кетті деп ешкім кесіп айта алмас. Кәсіпкерлер әлі күнге дейін Қытаймен байланысын үзген жоқ. Ресейдің өндірген өнімдерінің бағасы мен технологиялары Қытаймен бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан біздерге Ресеймен жұмыс істеу әзірше тиімсіз болып тұр. Өкінішке орай, билік басындағылар бұған тиісті деңгейде көңіл бөліп отырған жоқ.

    Дағдарыстан кейін құрылыс саласы өзінің даму қарқынын жоғалтып алғаны белгілі. Қазір қандай жобалармен айналысып жатырсыздар?

    Құрылыс қарқынды жүргенде көптеген ғимараттың жобасын жасап, жақсы жұмыс істедік. Қазір баяғыдай қарқынды жұмыс жоқ. Мемлекеттің тапсырысын алуға ұмытылып жүрген жайымыз бар. Ал тендрде оза шауып, жеңіп шығудың қаншалықты қиын екенін өзіңізде жақсы білесіз. Мемлекеттік тапсырысқа ие болу үшін жоғары жақпен байланысың жақсы болуы керек. Бірақ кәсіпкерлікпен айналысу үшін танысың болуы керек деген талап болмағандықтан, кәсіпкерліктің жалына жармасып, жұмыс істеп келеміз. Қазір кәсіпкерлікті ары қарай жалғастыру өте қиын. Тендрді жеңіп алғандар мердігер жалдап, кәсібіне адал кәсіпкерлердің үстінен күн көріп отырғаны жанға батады. Ал оларға қарсы істей қоятын айла-шара жоқ, қиын жағдайға тап болып тұрмыз.

    Мемсатудағы тендрдің тақсіретін шағын және орта бизнес өкілдері бір кісідей тартып жүргенін жақсы білеміз. Сіздің ойыңызша, мемсатудағы тазалықты қалыптастыру үшін не істеу керек?

    Теледидар мен газетке құлақ түріп, көз салсаңыз мемсатудан ешқандай мін таппайсың. Шындығында да солай. Заңда да ешқандай кінәрат жоқ. Ал іске келгенде бәрі кежегесінен кері кетіп, шатқаяқтайды. Сондықтан «бұл жерде былай істеу керек еді» деп айтудың өзі де қиын. Бұл жалғыз құрылысқа ғана емес, барлық салаға қатысты түйіткілді мәселе болып тұр. Кәсіпкерлер мемсатуда тендрдің таза, әділ өткенін ғана қалайды. Өкінішке орай, Үкімет кәсіпкерлерге осыны ұйымдастырып бере алмай отырғаны арқаңа аяздай батады екен. Біздер биліктен одан басқа ештеңе талап етпес едік. Мемсатудағы жең ұшынан жалғасқан жымысқы әрекеттер Кедендік одақ пен дағдарыстан қажыған кәсіпкерлерге ауыр соққы болып тиіп отыр.

    Дағдарыс орын алғанда билік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы шағын және орта бизнеске қол ұшын созғанын әлі күнге дейін жыр қылып айтып жүргені өзіңізге мәлім. Жалпы бұған дейін болмаса дағдарыс кезінде мемлекеттің қолдауына арқа сүйеп көрдіңіз ба?

    Үкіметтің «Даму» қоры арқылы еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп жатқанын білемін. О бастаДаму» қорынан бұрын) мемлекеттің несиесін алуға әркеттеніп, көңілім қалған-ды. Содан кейін Үкіметтің қолдау қаржысын таратып жатқан банк пен қорлардың есігін қағып көргенім жоқ. Кәсіпкерлікпен айналысқалы бері біраз азаматтармен араласамын. Бірақ солардың арасында «Даму» қорының көмек қаржысына ие болған кәсіпкерді көрген емеспін. Қазір «мемлекет кәсіпкерлерге көмек көрсетіп жатыр екен» десе күдікпен қарайтын болдық. Алдағы уақытта билік кәсіпкерлердің көкейіндегі осындай күмән-күдікті сейілтуі керек.

    Қазір кәсіптік мамандарды дайындауда кәсіпкерлер көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Әрбірден кейін шағын және орта бизнес өкілдері маман дайындау ісімен өздері айналыс жатыр десек бізге ешкім қарсы дау айта қомасы анық. Жалпы сіздер ерік-жігерлеріңізді сарп етіп дайындаған жас мамандар кәсіптің қыр-сырын терең меңгергеннен кейін жалақсы жоғары басқа жұмыс орындарға кетіп қалады. Оларды бір орында ұстап тұратын заң да жоқ. Сіздің ойыңызша, бұл мәселе өз шешімін қалай табуы керек?

    – Кәсіпкерлер арасында маман тапшылығы мәселесі бар. Колледждерді бітіріп келген жастардың қарапайым станокпен жұмыс істейтін іс-тәжірибесі жоқ. Олар оқу барысында алған білімін іс жүзінде шындап көрмеген. Осыдан кейін оларды қайта тәрбилеуге тура келеді. Қазіргі жастардың айтқанға көне бермейтіні де жасырудың жөні жоқ. Ренішіңді білдірсең жұмысты тастайды да кете береді. Сондықтан кәсіпкерлер білікті маманнан айырылып қалмауға тырысады. Қазірдің өзінде маған тәжірибелі әкімшілер мен аспазшылар қажет. Газеттерге хабарландыру бердік. Хабарласқандарының іс-тәжірибесі жоқ. Осы бір өзекті мәселе Үкіметті де ойландырған секілді. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау ісіне қатты көңіл бөлініп жатыр ғой. Сондықтан маман тапшылығы алдағы уақытта шешімін тауып қалатына үміттімін. Ал білікті мамандар кетем деп жатса біздер оны күштеп ұстай алмаймыз. Кәсіпорын өз қаражатын жұмсап оқытқан жастар біраз уақыт мекемеге еңбегін сіңіруі керек деп ойлаймын. Мұны реттейтін баршаға ортақ заң болса жөн болар еді. Кеңес заманында жастар бір мекемеде үш жылға дейін жұмыс істеуі шарт болатын. Ал қазір жастарға ондай талап қою да орынсыз. Әлеуметтік жағдайы шешілмеген жастарға талап қою үшін ең құрғанда мемлекет оларды баспана мәселесін шешіп берсе орынды болар еді деп ойлаймын.

    –   Беке, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай көмек-қолдау қажет?

    – Кейде қадағалаушы органдарға зығырдаым қайнағанда бізге Үкімет тарапынан ешқандай көмектің қажеті жоқ деп айтқым келеді. Үкімет бізді жөнсіз тексерулер мен брокаратиялық кедергілерден басымызды аршалап берсе, ең үлкен көмек-қолдау сол болар еді. Жақында мекемеміздің алдындағы бос жатқан жерге мынадай қызмет көрсетеміз деп жазып, жарнама тақтайшасын ілгенімізде, «Алматыжарнама» мекемесінің қызметкерлері келіп, жарнаманы заңсыз ілдіңдер деп айыппұл салып кетті. Олардың бар ойы кәсіпкерлерді қыспаққа алып, қалта қағу. Сенің ол айыппұлды төлей аласың ба, жағдайыңының қандай онымен олардың ісі жоқ. Бұл барлық қадағалаушы органдарға тән құбылыс. Айыппұл салған инспектордың бірімен сөйлесіп те көрдім. Ол айтады: «Қазір сіздерге айыппұл салмасам, бастығым мені сіздерден бірдеңе алды деп күдіктенеді» дейді. Ал осыдан кейін қадағалаушы органдар жайында не айтуға болады? Болымсыз нәрсеге бола айыппұл салу, кәсіпкерлерді қанау бізді ешқашан ұшпаққа шығармасы анық. Осыны түсінген Елбасы бірнеше рет кәсіпкерлерді тексермеу турасында мараторий жариялағанда еркін тыныстаған едік. Меніңше, қадағалаушы органдардың 70-80 пайызы кәсіпкерлердің аяғына тұсау болып отыр. Бүгінде Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін көздейтін агенттік құруды Үкіметтен талап етіп жүр ғой. Өз басым мұны орынды ұсыныс деп есептеймін. Егер Тәңірі қолдап, кәсіпкерлердің ой, тілегі орындалып жатса, оны кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік білетін – арамыздан шыққан адам басқаруы керек. Жоғарыдан тағайындау болса, агенттіктің жұмысы алға басады деген өз басым сенбеймін. Сондықтан бұл мәселеге де тиісті деңгейде көңіл бөлген жөн.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений