Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    «ДАМУ»: бизнесті

    қолдаудағы бағыттар

    _DSC7131«Даму» кәсіпкерлікті даму қоры соңғы уақыттағы тиімді жұмыстары мен сыртқы фактордың әсері төмендегенін ескеріп, мемлекет қаржысын басқарудағы тәуекелдік деңгейін төмендетті. Қазіргі таңда қордың қоржынында мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған 200 млрд. теңгесі бар.

    «Моральдық» қолдау

    Даму институтының мұндай қадамға баруын сарапшы мамандар қор пайда табуға бет бұра бастады деп бағлауда. Мемлекеттің әл-ауқатын арттыруды бастық мақсат еткен қордың жұмысында қазір қайшылықты жағдайлар орын алған. Ресми құжаттарда «Даму» қоры еліміздің макроэкономикалық жүйесін құрайтын шағын және орта бизнесті қолдайтыны тайға таңба басқандай анық жазылған. Осы бір анықтаманың өзінен қордың шағын кәсіпкерлермен шараусы жоқ екенін байқау қиын емес.  Өткен жылы «Даму» қоры Талдықорған қаласындағы аккмульятор зауытына несие бергені белгілі. Бұл зауытта шағын кәсіпкерлік нысандармен салыстыруға келмейді. Осылайша қордың бизнесті қаржылай қолдаудағы іс-әрекеттерінен шағын кәсіпкерлер автоматты түрде тыс қалып жатыр. Бірақ қор басшылары шағын кәсіпкерлермен ісіміз жоқ деп ешқашан мойындаған емес. «НГ» газетінің өткен сандарында белгілі экономист Қанат Берентаев шағын және орта кәсіпкерлердің аражігін ажырататын кез келгенін айтқан еді. Бізде бұл пікірге қосыламыз. Үкімет халыққа «Даму» қоры кәсіпкерлердің барлық буындарына көмек көрсетіліп жатыр деп айтатыны белгілі. Ия, қор кәсіпкерлерге «Бизнес кеңесші» бағдарламасы мен түрлі семинарлар арқылы қолдау көрсеткен болуда. Бүгінде біршама кәсіпкерлердің басын қосып, шетелден іс-тәжірибеден өткізу ісін де жолға қойғанын білеміз. Таяуда «Даму» қорының кезекті басқосуында Германияда іс-тәжірибеден өтіп қайтқан кәсіпкерлер өздері жатқан қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы мен қызыл балықты тамсана жегенін айтқан еді. Осылайша Германиядағы кәсіпкерлік саланың қалай дамып жатқаны жайында білуге келген жұртшылықтың үміті ақталмаған болатын. Осы ретте біз «Даму» қоры ірі кәсіперлерге қаржылай қолдау көрсетсе, шағын кәсіпкерлерге «моральдық» қолдау көрсетіп жатыр деп баға беруге болатындай... Мұндайда «құрғақ қасық ауыз жыртады» деген көнеден келе жатқан тәмсіл еріксіз есіңе түседі екен.

    «Қазпоштаны» қайда қоямыз?

    Ақыр айтқан соң, «Даму» қорына қатысты көкейде жүрген тағы бір ойымызды айта кетейік. Қазір қордың әр облыста филиалдары жұмыс істейтінін бәріміз білеміз. Жергілікті жердегі әкімдік жанындағы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің қызметкерлерін де «Дамудың» өз адамдары десек қателеспейміз. Қор алыс аудандардағы кәсіпкерлерге түрлі семинарлар ұйымдастырғанда осы бөлімге арқа сүйейтіні белгілі. Ал мемлекеттің шағын және орта бизнеске бөлген жеңілдетілген несиесін таратуға келгенде «Даму» қорының екінші деңгейлі банктермен ауыз жаласып кететіні түсініксіз. Жарайды, аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдердің қаржы тарататындай мүмкіндігі жоқ дейік. Бірақ, жүз пайыз акциясы мемлекетке қарайтын «Қазпошта» торабын қайда қоямыз? Осы ретте «Даму» қоры еліміздің бас операторының қызметін неге пайдаланбайды деген заңды сұрақ туындайтыны сөзсіз. Қазір пошта қызметінің әр ауылда бөлімшесі бар. Сондықтан Үкімет банкпен серіктес болуға құмар даму институттарын «Қазпоштамен» әріптестік қарым-қатынас орнатуға міндеттеуі керек. «Қазпошта» Үкіметтің басқаруындағы компания болғандықтан мемлекет қаржысын халыққа жеткізуде тиімді шарттар ұсынатын мүмкіндігі бар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдерді халыққа жеткізуде пошта қызметін пайдалануда. Тіпті, екінші деңгейлі банктердің өздері ауыл тұрғындарына тұтынушылық несиесін жеткізуде «Қазпоштаның» қызметіне жүгінді емес пе? Егер пошта қызметінің ақысы жоғары болса банктер «Қазпоштаның» маңайынан жүрмес еді. Сондықтан «Даму» қорының басшылығына «Қазпоштаның» қызметін пайдалануға кеңес береміз. Сонда шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған жеңілдетілген несиенің жылдың пайыздық үстемесі төмен болады.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений