Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Кәсіпті басқару олқы соғып тұр

    Елімізде екінші жыл қатарынан дағдарыстық кезеңде кәсіпкерлік саланы қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 94 пайызды құрайды.

    Қазақстанда шағын және орта бизнеспен айналысатын 500 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан бар. Осы тұрғыдан еліміздегі бизнес құрылымда шағын кәсіпкерлік үлесі аса көп емес айтуымыз керек. Менің ойымша, мұндағы басты мәселе бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерге барып тіреледі. Айталық, еліміздегі ортанқол компаниялардың корпоративтік басқаруларында стандарттар әлі де қалыптаспаған. Басқарушылықтың жаңа стандарттарына үйрету үшін аз қаражат жұмсалып жатқан жоқ. Сөзімді тағы бір мысалмен түйіндей кетсем, 2008-2010 жылдардағы дағдарыс кезеңінде Қазақстанның қор биржасында 18 дефолт орын алды. Ең өкініштісі олардың басым бөлігі облигациялар шығарып тұрған өндірістік компаниялар еді. Ал мұның себебі не? Әлгіндей компаниялар өзінің даму бағытында соншалықты мән бермей, ең арзан қаржы ресурстарын тартқан. Менің жеке пікірім – олардың басты проблемасы  кәсіби басқарушылық болмағандықтан туындап отыр.

    Еліміздегі кәсіпкерлік салада өңдеп, өнім өндіруге қарағанда сауданың үлесі басым екені белгіл. Тіпті, екінші деңгейлі банктердің кредиттік құрылымына үңілсеңіз онда да  сауда үлесінің деңгейі 45 пайыз екенін байқайсыз. Сондықтан еліміздің шағын және орта бизнесте әрекет ететін  қаптаған сауда компаниялары отандық тауарлармен сауда жасауы керек, ал ол үшін өндірісті дамыту керек.

    Несиелік ресурстан бөлек, кәсіпкерлер үшін маңызды мәселе инфрақұрылым. Бастаған ісің дөңгелеп кетуі үшін электр энергиясынан бастап ақыр аяғы түзу жолға дейінгі техникалық жағдайлар әсер ететіні белгілі. Сондықтан да «Бизнестің жол картасы» қолдаудың бір тетігі – «индустриялық инфрақұрылым» бағдарын қарастырды. Бұл ретте іс бастаймын, кәсіп ашамын дегенге әкімдік өз қаражаты есебінен индустриялық инфрақұрылым нысандарының құрылысын жүргізіп беруі тиіс. Кәсіпкерлікті қолдаудағы төртінші бағыт – «Кадр әлеуетін нығайту». Бұл да кәсіпкерліктің құлашын кеңге жаю үшін аса қажетті дүние. Расында былтырғы жылы бағдарлама жүзеге аса бастаған тұста, өндіруші сектор үшін білікті басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі анық байқалған-ды. Несие алу үшін сауатты бизнес-жоспар жасай білетін,  қолдағы қаражатты тиімді жарататын, есеп жүргізе алатын, бір сөзбен айтқанда өндірістің болашақ дамуына дем беретін іске қабілетті адамдар жеткіліксіз. Кадрлық әлеуетті дамытудың тағы бір тетігі  «Іскер байланыстар» жобасы. Бұл ретте «Назарбаев Университетінің» нысанында топ-менеджерлер оқыту бағдарламасы жүзеге асады. «Бизнестің жол картасына» қатысатын компаниялар нақты салалар бойынша білімін жетілдіріп, еліміздегі оқуынан кейін АҚШ пен Германияда тәжірибе шыңдауға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда шамамен 220 адам осы бағдарламамен оқып шықты.

    Егер компанияның 10 пайыз табысы валютадан тұрса, онда бұл компания экспорттық компания болып табылады. Заңға сәйкес, валюталық табыс табуға тек экспорттаушылардың ғана құқы бар. Ал оларды мемелкеттік қолдауға келсек, біз экспорттаушылардың кредиттерін субсидиялаймыз. Бүгінгі күні экспортқа қатысты 45 жоба субсидиялануда. 38 келісімге қол қойылып, тағы 7 келісім қарастырылуда. Дегенмен, экспорттық бағыт елімізде бірыңғай дамып отырған жоқ. Кейбір облыстарда 6-7 экспорттаушыдан болса, кейбірінде мүлдем жоқ. Бұның өзі әкімдіктер үшін үлкен дабыл емес пе? Өйткені, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде тау-кен өндіру және мұнай-газ компанияларына, сондай-ақ акцизге тәуелді өнім түрлерін шығаратын компанияларға қолдау жасалмайды. Яғни, мемлекеттік бағдарлама тек қана шикізаттық емес секторды қолдайды. Соған сәйкес ескерсек, кейбір өңірлерде Қазақстаннан тысқары жерлерге қандай да болмасын шикізаттық емес сектордың өнімін экспорттайтын бір де бір компания жоқтығын түсінуге болады.

    Ләззат Ибрагимова,

    «Даму» кәсіпкерлікті қолдау

    қорының басқарма төрайымы.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений