Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Кәсіпкерлерге бет

    бұрған кәріс банкы

    P1180053Тәуелсіз кәсіпкерлер қау-ымдастығы шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін қашанда бірінші орынға қоятыны белгілі. Жақында қауымдастықтың вице-президенті Темір Назханов бір топ кәсіпкерлерді жинап, елімізде жұмысын бастаған Оңтүстік Кореяның «Шинхан Қазақстан» банкының басқарма төрағасы Джонг Джи Хо мырзамен кездесті. Екі жақты жүздесу барысында кәсіпкерлер қаржы институтының шағын және орта бизнесті несиелеу ісіне қатысты көптеген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

    Бүгінде қауымдастық құзырлы орындар тарапынын орын алатын түрлі әкімшілік кедергілерге білікті мамандары арқылы тосқауыл қойып келеді. Айталық, өткен жылы алкогольдік өнімдерді саудалайтын  шағын кәсіпкерлік нысандар білім беру мекемелерінен (балабақша, мектеп, колледж, университет) жүз метр кашықтықта орналасу керек деген орынсыз талапқа лайықты жауап бергені белгілі. Қауымдастықтың Оңтүстік Кореяның беделді «Шинхан» банкының басшыларымен кәсіпкерлерді кездестіру шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жаңа бағыттарын іздегені белгілі. Өз кезегінде банк басшысы Джонг Джи Хо мырза Тәуелсіз кәсіпкерлік қауымдастыққа мүше кәсіпкерлерге тиімді шарттармен несие ұсынуға дайын екендерін мәлім етті. Қазақстандағы алғашқы жұмысын 2008 жылы бастаған «Шинхан Қазақстан» банкы еліміздің  қаржы жүйесінде қанатын кеңге жаюды басты мақсат етіп қойып отыр. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда беделі зор «Шинхан» қаржылық тобының бүгінде әлемнің көптеген елдерінде бөлімшелері жұмыс істейтінін айта кетуіміз керек. Қысқа мерзімде клиенттеріне несие беруді басты мақсаттарының бірі санайтын банк, шағын және орта бизнес өкілдеріне 8-9 пайыздық мөлшерлемеде несие беретін мүмкіндікке ие. Қазақ жерінде жұмысын жаңа бастаған қаржы ұйымы өткен жыл мен биыл несие алған шағын және орта бизнес өкілдерінен комиссия алудан бас тартып, өз жеңілдіктерін ұсынды. Бүгінде отандық банктер  кәсіпкерлерге несие бергенде олардың жылжымайтын мүліктерін кепілге алудан бас тартып отырғаны белгілі. Ал «Шинхан Қазақстан» банкының еліміздегі  өкілдігі кәсіпкерлердің ел аумағындағы жылжымайтын мүліктерін кепілге алуға дайын. Банктің клиенттері үшін бұл шарттарды тиімді деп бағалауға болады. Өйткені қазір еліміздегі екінші денгейлі банктер қалалар мен облыс орталықтарындағы жылжымайтын мүліктен басқа заттарды кепілге алмайтыны жасырын емес. Ал кәсіпкерлердің кепілге қоятын жер телімдері мен өндірістік базалары қала сыртында орналасқаны белгілі. Джонг Джи Хо мырза қауымдастыққа мүше шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесуінде кәсіпкерлердің қала сыртындағы дүние-мүліктерін Қазақстанның жылжымайтын мүлікті бағалау қауымдастығына мүше бағалаушылар бағалағанда ғана кепілге алатындарын атап өтті. Бұдан кейін ол:

    shinhan- Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда кәсіпкерлерге кепілсіз несие беру ісі кең қанат жайып келеді. Бұл үрдіс еліміздегі кәсіпкерлік саланың дамуына жол ашып отыр. Алдағы уақытта қазақстандық банктер де мұндай іс-тәжірибені жүзеге асыра бастайтынына сеғнімдімін, - деп өз ойын ортаға салды. Кездесуде «Шинхан Қазақстан» банкы өкілдері өндіріс ошақтарын құруға талпынған кәсіпкерлерге  несие бергенде оларға бір жылға дейін несиелік демалыс беретіндерін алға тартты. Қолға алынған жұмыс күрделі, қысқа мерзімде пайда әкелмейтін болса, несиелік демемалыс мерзімі 3 жылға дейін созылу мүмкін. Осы ретте «Шинхан Қазақстан» банкы кәсіпкердің кәсібін бағамдап, оның табыстығын есепке алып бизнестің өзінде кепілге алатын мүмкіндігі бар екенін айта кетуіміз керек. Джонг Джи Хо мырза әрбір кәсіпкерге несие бергенде олардың жағдайы  назарға алынып, шешім қабылданантынын алға тартты. Бүгінде 60 елден өздерінің өкілдігін ашқан   қаржы институты өз клиенттерінің бір елден екінші бір елге қаржы аударғанда тиімді шарттар ұсынатындарын да айтты. Кездесу барысында кәсіпкерлер корейлік компаниялармен тығыз жұмыс істейтіндіктерін алға тартты. Осылайша қос тарап алдағы уақытта ынтмақтастықты дамытуға ынталы екендерін байқатты. Кездесудің соңында Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Темір Назханов қауымдастық банк пен кәсіпкерлердің арасына
     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений