Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Кәсіпкерге қорғанбыз

    sud01Өткен жылы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы үшін оңай болған жоқ. Шағын және орта бизнес өкілдеріне Кедендік одақ жайында көптеген мағұламаттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бір сөзбен айтсақ, өткен жыл өнімді жұмыс істеп кәсіпкерлердің алғысын алдық. Дәл осы жылы филиалдан көмек пен заңдық кеңестер сұрап келген халықтың қарасы көп болғаны бізді қуантады. Осылайша Жайықтың бойын жағалай қоныстанған жұртшылыққа филиалымыз кеңінен таныла түсті.

    Әдетте бізге келетін кәсіпкерлер әкімшілік заң бұзушылық оқиғаларына байланысты заңгерлерімізден көмек сұрайды. Өткен жылы шағын және орта бизнесті қадағалауша органдардың толтырған алты хаттамасын сот қарайын деп тұрғын жерінен біздің заңгерлеріміз араласып, істің алдын алды. Бүгінде өз құқын қорғауға ұмтылған кәсіпкерлерді қадағалаушы органдар заң орындарына әкімшілік құқық бұзушы етіп көрсететін жаман әдет пайда болған. Дәл осындай оқиғаға тап болып, құзырлы орындардан теперіш көрген кәсіпкердің ісіне араласып, сот залында кәсіпкерлердің ешқандай заң бұзушылыққа бармағанын талай рет дәлелдеп шықтық. Білген адамға бұл оңай шаруа емес. Облыс көлемінде қауымдастықтың кәсіпкерлердің шынайы қамқоршысына айналғанын білген шағын және орта бизнес өкілдері қатарымызға өздері келіп қосылып жатыр.

    Құзырлы орындар кәсіпкерлерге қарсы тексеруін үдеткен сайын шағын және орта бизнес өкілдері маңайымызға көптеп тастасуы бізді қуантады. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы жұмысын бастаған 8 жылдың ішінде қадағалаушы органдар мен кәсіпкерлердің арасындағы дауды шешуде мол тәжірибе жинағаны белгілі. Өткен жылы жергілікті салық органдары кәсіпкер И.В.Винокуровтың жұмысына тексеру жүргізіп заң талаптарын орындамады деп кәсіпкерге заңсыз шығын келтіргенін анықтадық. Сондай-ақ, біздің заңгерлер «Инвест-Ойл-Сервис» серіктестігінің корпоративті табыс салғын шамадан тыс мөлшерден көп төлегенін сот залында анықтап, оны толықтай қайтарды. Салық органдары аталған серіктестіктің корпортивтік табыс салығын қайтарып алу турасындағы өтінішін заңсыз түрде кері қайтарған. Тек қауымдастықтың араласуының арқасында бұл іс кәсіпкердің пайдасына шешілді. Тағы да айта түссек, шағын кәсіпкер А.К.Абдулова Орал қалалық әкімдігінен істеп тұрған дүкенінің жанындағы жер теліміне құрылыс жүргізуге рұқсат алмақ болды. Бірақ билік орындары кәсіпкердің құрылыс жүргізуіне рұқсат бермеген. Сонда олар дүкеннің жанынан болашақта қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама саламыз деген желеумен кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған. Бұдан кейін бұл іске біздің заңгерлеріміз араласып, сот залында қалалық жер, архитектура және транспорт бөлімінің мамандары заңсыздыққа бой алдырғанын дәлелдеп, істі кәсіпкердің пайдасына шешіп берді. Осылайша жыл бойы облыстағы шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын сот залдарында қорғап, оларға қорған болғанымызға мақтана аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс істейтін боламыз.

    Гүлбану Әубәкірова.

     

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений