Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Коммунистерден Ресейдің империялық

    саясатының сұлбасы көрінеді

    IMG_0692Күндей күркіреп өтті ғой сайлау демекші, бұл жолғы Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат үшін өткен сайлауда бәлендей өзгеріс бола қойған жоқ. Халықтың дауысын ұрлау, оппозицияны аяқтан шалу сол қалпында айна қатесіз қайталанғаны өкінішті. Істің ақ-қарасын анықтайтын құзырлы орында болса, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай сайлау барысында заң талаптарын сақтамағанын айтып, биліктің сойылын соғудан әріге асқан жоқ.

    Ескіге оралудың басы

    Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше бұл жолғы саяси додаға 6 миллион 980 мың сайлаушы қатысып, 7 партияның 335 өкілі бақ сынаған. Ал сайлау барысын бақылау үшін елімізге 974 халықаралық және шетелдік байқаушылар келді. Олардың арасында Батыс пен Азия, ТМД пен ЕҚЫҰ-ның сарапшылары бар.

    Ертеңгі күннен үмітті әрбір адам сайлаудан үміт күткен еді. Бірақ көпшіліктің үміті ақталмағаны өкінішті. Сайлау қарсаңында кәсіпкерлерді мүшелікке тартып, Алаш азаматтарының жолын ұстанған «Ақ жол» партиясы мен «халықшыл коммунистердің» бағы жанды. Қазақша сөйлесе қақалып қалатын Азат Перуашевтың аяқ астынан «алашшыл» болуы қара қанарды ала жіппен көктегендей жарасымсыз көрінді бізге. Қайта Перуашевқа Алаштың шапанын кигенше, бұрынғы бұрынғы «Азаматтық» партияның ләйлік кейпінде жүре бергені дұрыс еді. Парламантке «халықшыл коммунистердің» өтуінің астарынан Кедендің одақ пен Біртұтас экономикалық кеңстіктің сұлбасын аңғарғандай болдық. Өткен жылдың аяғында Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлау барысында коммунистердің зор жетістікке жеткен біздің қызылдарға да дем бергендей... Ресейді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған Владимир Путин алдағы уақытта Президент болып сайланып жатса, сыртқы саясатқа ерекше мән беретінін айтқан еді. Бұл ретте В. Путин Кедендік одақ пен БЭК арқылы Ресейдің империялық саясатын жүргізетіні сөзсіз. Сондықтан біздің билік коммунистерді Парламентке өткізіп, БЭК шеңберіндегі ортақ саясатқа бойларын үйрете беруді жөн санағандай... Сондықтан бұл сайлауда ескіге оралудың басы деп ат қойып, айдар тақсақ болатындай.

    Сайлау және мұғалім

    Сайлауды бақылаған бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы «сайлау демократиялық талаптарға сай өткен жоқ» деп сынағаны белгілі. Артынша АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, ЕуроОдақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон да ЕҚЫҰ бақылаушыларының сайлауға берген бағасымен келісетінін иәлім етті. Осылайша Батыс елдері тарапынан екі деген баға алып еңсеміз түсіп тұрғанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы сайлауды сынайтын сарапшыларды бұдан былай елге шақырмайтынын айтып ашуға мінді. «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы «Біз бұдан былай Қазақстанға өткізген сайлауымызды сынайтын, әлдекімдер жалдаған сарапшыларды шақырмаймыз» деді. Осы бір сайлаудан түйген ойымыз әрбір саяси дода бала тәрбиесімен айналысатын ұстаздар қауымның беделіне дақ түсіретінін анық байқадық. Біздің билік мүғалімдердің қолымен от көсеуді қоймаса, еліміздегі ұрпақ тәрбиесі оңалмайтыны белгілі. Сайлау барысында ұстаздар қауымымен тілдескенімізде олар сайлау болды дегелі жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істегендерін айтты. Сайлау жұмысын ұйымдастыршыларға барлық жағдайды жасадық деп ақпарат беріп отырған жергілікті жердегі Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері қағазбен өзгеде кеңсе тауарларын толық бермеген. Бүгінде саяси науқандардың көпшілігі мұғалімдердің күшімен өтетіні жасырын емес. Мұғалім деген ардақты мамандық иесі қазір биліктің қол баласына айналған. Өткенде референдум десіп дүрліктік. Үй-үйді аралап, биіктігі Қытай қорғанымен иық таластыратын шойын қақпалар мен алып дуалдарды айналып мұғалім бейшара жүрді. Итарқасы қияндағы ауыл мұғалімдеріне тіпті қиын тигені белгілі. Ауылдан жиналған «құнды» құжаттарды құшақтап  аудан барған олардың арып, ашқан халін айтудың өзі аянышты. Осындай сорақы жайтты еске еске алсақ «соқыр көзден жас тамады». Үгіт, насихат, үй-үйді аралай, сайлауды ұйымдастыру дейсіз бе бәріне ардақты ұстаздарымыз жегілді. Осындай лас жұмыстарға жегілген мұғалімнің шәкіртінің алдында қандай беделі болатынын билік ойлайды ма екен? Ұстаздардың арқасында биліктің тізгінін қолға алған «Нұр Отан» партиясының депутаттары алдағы уақытта мұғалімдердің айлығын, көтеріп мейманасын тасытса қанеки.

     

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений