Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Кедендік одақтың жаңа мүшесі – қырғыздар

    ЕурАзЭҚ-ке мүше елдердiң Үкiмет жетекшiлерi Қырғызстанның Кедендiк одаққа кiруiн бірауыздан қолдады. Естеріңізге сала кетейік, Петербургте Қырғызстанның Премьер-Министрi мiндетiн уақытша атқарушы Өмiрбек Бабанов өз елiнiң Кедендiк одаққа кiруi туралы мәселе бiржолата шешiлгенiн мәлiмдеген болатын.

    kyrkyzБір қызығы Өмiрбек Бабановтың жиыннан екі күн бұрын Кедендік одақтың қырғыздар үшін тиімсіздігін айтқаны есімізде. Егер Қырғызстан осы экономикалық альянсқа мүше болса, Орталық Азиядағы iрi – «Дордой» мен «Қара-Суу» базарларында күн көрiп жүрген мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

    Осыдан бiр ай бұрын қырғызстандық кәсiпкерлер Кедендiк одаққа кiруге қарсы шыққан. Тоқмақ қаласы кәсiпкерлер қауымдастығының жетекшiсi Мұқамбет Сариев егер Қырғызстан Кедендiк одаққа кiрсе, сауда-саттықпен айналысатын кәсiпкерлер бұдан ұтылатынын айтқан болатын. Бiр жағы Қырғызстан бюджетiнiң бiр бүйiрi қытайлық тауарлардың реэкспортының арқасында түгенделедi. Ал Кедендiк одаққа кiрiсiмен қырғыз бюджетi бұл табыстан айырылмақ. Десек те Қырғызстанның Ресей, Беларусь және Қазақстанмен бiрге одаққа енуiн қолдайтын елдің жаңа Президенті Алмазбек Атамбаев бұл жоба iске асса, шекарада көп мәселе шешiлетiнiн алға тартуда. Ал тәуелсіз тарпшы Мирсұлтан Намазалиев Кедендiк одақ Ресей өз мүддесi мен империялық пиғылын iске асыру үшiн жасалған бiрлестiк екенiн айтқан.

    Қырғызстанның Кедендiк одаққа мүшелiгiн алақайлап гулеткен ресейлiк БАҚ-та мұның астарында Путиннiң сайлау алдындағы өз ұпайын түгендеу әрекетi жатқанын жасырмайды. Мәселен, «Независимая газетаның» жазуынша, Бiшкек Мәскеу белгiлеген бағытпен жүрсе, Ресейден пайызсыз несиелер мен гранттар алады деп үмiттенедi. “Бiшкекте басқа жол жоқ – көптеген шетелдiк донорлар көмектi қысқартты немесе мүлде тоқттаты”.

    Расында да, қырғыздардың бюджетiне ақша ауадай қажет болып тұр. Себебi қырғыздар өз бюджетiнiң тапшылығын қысқарта алмады. Сондықтан зейнетақы мен жалақыны уақтылы төлей алмауда.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений