Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Инфляцияны  ауыздықтаудың  үш  жолы

    inflyaciyaБүгінде қарапайым адамның инфляция мен шаруасы жоқ. Оны толғандыратын баға. Базардағы азық-түлік, коммуналдық шаруашылықтағы пәтер ақысы мен жылу, жарық күнделікті адымыңды ашқызбайтыны белгілі. Қазір азық-түліктік емес тауарларының басым бөлігі импорт есебінен қамтамасыз етілетіні белгілі. Үкімет олардың бағасына негізінен ұлттық валюта бағамын нығайту арқылы төмендете алады.

    Дамыған елдердегі секілді 3-4 пайыздық инфляция деңгейі біздің өңіміз тұрмақ түсімізге кірмейтіндей. Инфляцияның деңгейін сәл де болса, әлсірету үшін не істеуіміз керек. Ұсыныс төмен, бәсеке жоқ, оны жолға қоюға белгілі бір мүдделі топтар жол бермейтін болса, халық бар тапқан-таянғанын тек тақұл-тұқыл тамақтану мен киім-кешекке жеткізгенін місе тұтып жүре береді. Бұл тығырықтан шығудың бір амалы болуы тиіс қой. Ол үшін алдымен, азық-түліктік өнім өндіретін отандық үлесті өсіру керек. Екіншіден, ұлттық валюта бағамының тұрақты болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Тек қана долларға қатысты емес, негізгі саудалық серіктес елдер валютасына шаққанда да біздің теңгеміздің тұрақты бағамы болады. Үшіншіден, табиғи монополистер тарифінің өсуін шектеу керек. Әрине, осы аталған шараларды о бастан жүзеге асыра бастағанымызда осы уақытқа дейін еліміздегі инфляция біршама төмендеу болатын еді. Себебі инфляцияны ауыздықтау үшін жасалуы тиіс шараларды дұрыс жолға қою керектігі сарапшылар тарапынан кеше-бүгін ғана айтылып жүрген жоқ. Соған қарағанда, инфляцияны ауыздықтау билік басындағылар үшін соншалықты өзекті мәселе емес-ау деп ойға батады екенсің.

     

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений