Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Франчайзинг дайын бизнес

    _DSC3529Таяуда Франчайзингтік агенттік «2012 жылы Қазақстандағы франчайзингтің дамуын үлгілеу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуыдың соңы білікті мамандардың қатысуымен «Интеллектуалды меншік мәселелері - франчайзингтің негізгі элементтері» және «Халықаралық франчайзингтің кейбір мәселелері» атты семинарға ұласты.

    Қазақстанда франчайзингті дамыту «Coca-Cola» компаниясы зауытының ашылуымен 1994 жылы басталған. Ал 2011 жылы франчайзинг талаптарында 100-ден астам кәсіпорын ашылады. Қазіргі уақытта сарапшылардың есептеуінше, франчайзингтік қатынастарды пайдаланған кәсіпкерлер елімізде 450-ден астам шетел брендтері ұсынуда. Франчайзинг компанияларында 16 мыңнан астам адам жұмыс істесе, саланың жылдық айналымы 1 млрд. доллардан асқан. Осы ретте франчайзингтің басым саны бөлшек сауда саласына (барлық франчайзингтің 47 пайызы) тиесілі, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру секторында, қыз-мет көрсету саласында да еншісі бар. Франчайзинг одағының деректері бойынша, соңғы кездері шет ел компанияларының өз бизнесін Қазақстан аумағында дамытуға қызығушылықтарының өсуі байқалған. Франчайзингті ірі шетелдік компаниялардың қатысуымен Қазақстанда қолдану және дамыту инновацияның дамуына жәрдемдесуге, бизнес ұйымдастырудың жаңа  стандарттарын енгізуге және отандық нарықтағы іскерлік мәдениеттің артуына мүмкіндік туғызып отыр. Шетелдік ірі франчайзерлердің аймақтық экспансиясы және олар туындатқан бәсекелестік деңгейінің артуы бизнес-жобаларды әрі қарай дамыту және жаңа нарық талаптарына бейімдеу үшін, отандық бизнесмендердің инновациялық  бизнес-үдерістер әзірлеуіне және енгізуіне тура келеді.

    Бүгінде кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғын-дардың франчайзинг саласында хабардар болу деңгейін нақты арттыру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты «Даму» Қоры мен Франчайзинг одағы кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға және Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге ақпараттық-консультациялық және консалтингтік қызмет көрсету арқылы Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызатын Франчайзинг орталығын құруды жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда франчайзингті әрі қарай дамыту бойынша шоғырландырылған шаралар әзірлеу мәселелесі кеңінен талқыланды. Ал семинарда франчайзингтің негізгі элементтері және халықаралық франчайзинг мәселелері бойынша «БМФ Груп» ЖШС Басқарушы серіктесі Юрий Болотов және «БМФ Груп» ЖШС серіктесі Всеволод Марков өз пікірлерін ортаға салды. Юрий Болотов Қазақстандағы және өзге елдердегі зияткерлік меншік нысандарын пайдалану және олардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейді. Всеволод Марков қаржыландыру және құнды қағаздар шығару  бойынша әртүрлі мәміле түрлерімен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар, сонымен қатар франчайзинг, корпоративтік, салық және еңбек құқықтары саласының сарапшысы болып табылады. Семинар соңында барлық қатысушыларға  сертификат тапсырылды.

    beknurkisikovБекнұр Қисықов, «Франчайзинг в Казахстане» кітабының авторы, сарапшы:

    - 2012 жылы Қазақстанның франчайзинг нарығына бірқатар факторлар әсер етеді. Кеден одағының құрылуы нәтижесінде  Қазақстандағы ресейлік франчайзингтің үлесі артты. Алдағы жылы, менің ойымша, олар 50-60 пайызға дейін ұлғаймақ. Бұрын елімізде американдық брендтер басым болса, қазір ресейлік брендтер теңесіп қана қоймай, өз желілерін кеңейтуде. Енді американдық бренттер Ресей арқылы  ғана келеді. Алдағы жылы Ресей  Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмек. Бұл үрдіске  Қазақстан да қосылады. Бұл  брендтік активтердің ұлғаюына түрткі болмақ. Сондай-ақ, дағдарыс кезінде франчайзинг инвестицияның нақты көзі болып отыр. Өйткені қор нарығы әлі жеткілікті дәрежеде  дамымаған. Сондықтан бос ақша дайын бизнеске ағылмақ. Алдағы жылда франчайзинг нарығындағы мынадай  10 жаңа  трендтер орын алады. Олар -  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру бағдарламалары,  фитнес,  экологиялық таза технология, медицина, логистика, үй жануарларын күту,  сэндвич, қарт адамдарды күту, СПА орталық және  білім франчайзингі. Оның ішінде үй жануарларын күту мен қарт адамдарды күту Қазақстан үшін жаңа желі болмақ. Ал әлемде ең жеңіл және  қолайлы саналатын сэндвич франчайзингі тренд жағынан 4-5 қатарға ысырылып отыр.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений