Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Етікші бизнесмен емес

    Қазақстанның алтыншы салық форумында «Салықтық бәсекелестік және Қазақстан: ерекшеліктері, артықшылықтары және келешегі» деген тақырыпта басқосу болды. Жиында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин салық жүйесін реформалауға қатысты өз ұсыныстарымен таныстырды.

    salykКомитет басшысы бизнесті дамыту үшін бірінші кезекте барлық құзырлы мемлекеттік мекемелердің блок-схемасын регламенттеуді, екіншіден, автоматтандыру тақырыбына талдау жасау немесе «қажетсіз» бөлімдерді жою. Үшіншіден, жекелеген салықтардың комбинациясы және әкімшілік салықтарын оңтайландыру, Төртіншіден, әкімшіліктік өндірістегі негізгі терминдерді нақты регламенттеу. Бесіншіден, шағын және орта бизнес саласындағы салықтық саясатты анықтаудың маңыздылығын алға тартты. Өз кезегінде Дәулет Еділұлы етікші сынды кәсіп иесін бизнес субъектісіне айналдырудың қажеті жоқтыған да айтты. Бұл жайттың ауыл шаруашылығына да қатысы бар. Ауылда тұратын 6 миллион адамның әл-ауқатының жақсаруы ел экономикасының дамуы үшін де аса маңызды.  «Көптеген шағын кәсіппен айналысып жүргендер, мысалға айтайық, аяқ киім жөндеуші кейбір өнеркәсіп иелерімен бірдей салық төлейді. Неге өнеркәсіп иесі өз табысын жасырып қалу керек? Оларға патентпен жұмыс істеген ыңғайлы. Ал мемлекетке түсер табыс азаяды. Сол үшін біз келер жылдан бастап тексеру жүргіземіз. Заңды тұлғаларға да түрлі жеңілдік жасап, заңды жұмыс істеуді ұсынбақпыз», – деп Салық комитетінің басшысы ойын ортаға салды. Бұл ретте салық заңнамасын жетілдіру үшін мүдделі тараптардың бәрі бірлесіп, өз ұсыныс-тілектерін құзырлы органдарға ұсынуы керек.

    Жиын барсында еліміздің бас салықшысы салық төлеу жүйесін жеңілдету қажеттігін де алға тартты. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер салық төлеуден қашпайды. Қаржы саласының мамандары салық төлеуді жүйелендіру үшін бірнеше ұсыныстарын да айтып қалды. Осы ретте салық органдарының қызметкерлері еліміздегі шағын және орта бизнес иелері патент арқылы жұмыс істеп, тиісті қаржыны төлеуден қашып жүргенін де айтып қалды. Келер жылдан бастап жер салығы мен мүлік салығын жинау салық комитеті емес, жергілікті билікке берілуі мүмкін. Маңызды қайта құруларды басынан кешірген еліміздің салық жүйесі халықаралық деңгейге де жетіп қалғаны белгілі. Оған Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінің бағалауы дәлел. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 14 орынға көтеріліп, 39-шы орынға жайғасқан жайымыз бар. БұлТМД аумағындағы ең жоғары көрсеткіш.

    Әйтсе де, жыл сайын енгізіліп жүрген жеңілдіктерге қарамастан, кәсіпкердің көңілінен шығу қиын. Бұл, әсіресе, салыққа қатысты. Салық жүйесінің әлемдік жүйедегі орны мен бәсекеге қабілеттілігі, инвестициялық ахуалды жақсаруына және салық әкімшілігі сапасын арттыруға түрткі болатыны сөзсіз. Мұндай пікірмен Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин да келіседі. Оның айтуынша, бүгінгі салық тәжірибесінде ең өзектісішағын және орта бизнес саласындағы салыққа қатысты мәселелер. Салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде де тіркелу оңай. Салық мекемесіне 30-40 рет барып, табалдырығын тоздырғанша, осы жолдың жеңіл болатыны түсінікті. Алайда бұл бюджет түсімдеріне әсер етеді. Себебі патент иелерінен заңды тұлғаларға қарағанда салық аз салынады.

    Соңғы жылдары салық жүйесінде қолға алынған шаралардың нәтижесінде кезекте тұру мерзімі шамамен 40 пайызға қысқарған. Салық тексерулерінің саны азайды. Салық комитетінің ендігі жоспарында жеке кәсіпкерлерді онлайн тіркеуге көшу шарасы тұр. Ол «электронды үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай рәсімге небәрі 15 минут кетуі тиіс және оған құжат тапсырудың қажеті болмайды. Сондай-ақ, «Е-лицензиялау» арқылы адвокаттар мен жеке нотариустарға электронды патент алу мүмкіндігін ұсыну жоспарда бар. Оған қоса, комитет кейбір заңды тұлғаларды жою жүйесін жеңілдету мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы протокол құрау жүйесін оңтайландыруды қолға алмақшы.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений