Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Электронды жүйе жемқорлыққа дауа болады

    Кедендік одақтың жұмыс істей бастағанына бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер мен билік орындары да одақ жайындағы ойларын ортаға армансыз салды. Тіпті, олардың Кедендік одақ жайында не айтатынын күнібұрын біліп тұрасың. Енді дауды қойып, одақтың пайдасын көруге ден қоюымыз керек. Бұл ретте еліміздің кеден саласы бастаған құзырлы орындары мен кәсіпкерлері бірлесіп, ел мүддесін көздеуі тиіс. Осындай жолайрыққа келгенімізде «Қазақстан кеден декларанттары одағының» жетекшісі Нұрлан Бұршақбаевпен тілдесіп, «не істеу керек» деген маңызды сұрақ төңірегінде ой өртіттік.

    burshkbaev– Нұрлан мырза, жақында еліміздің Кедендік бақылау комиетінің лауазымды тұлғалары аусып, жаңа басшылық келді. Өз кезегінде комитеттің жаңа төрағасы кеден саласындағы сыбайлас жемқолықпен күресетіндігін айтқан еді. Кеденді бақылап отырған маман ретінде саладан қандайда бір ілгерілеушілік көре алдыңыз ба?

    – Шынымды айтсам, кеден саласынан ауыз толтырып айтатындай алға жылжушылық көріп отырған жоқпын. Басшылық ауысқанымен кеденшілер баяғы ескі тәсілмен жұмыс істеп жатыр. Мұны кез келген кәсіпкерден сұрсаңыз айтып береді. Сыбайлас жемқорлық қазақ қоғамына дендеп еніп алған дерт болып тұр. Мұндай жағымсыз құбылыстан басшылар ауысқаннан кейін кеден сала айығып кетеді дегенге сенбеймін. Қазір кеден саласы экономикаға қанша кіріс кіргізіп, еліміздің дауына қаншалықты үлес қосып жатқанын тап басып айту қиын. Меніңше, кеден саласына әлі де болса жариялылық жетіспейді. Кедендегі құжаттарды рәсімдеу электронды жүйегі  көшіру әлі күнге дейін шешін иапқан емес. Еліміз Кедендік одаққа мүше болғаннан кейін салада көптеген өзгерістер орын алды. Өзгерістерді кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілген жоқ. Ал мұның салдары жемқорлықтың өріс алуына негіз болғанын жасырудың жөні жоқ. Кеден саласының электронды жүйеге көшірудің айтылып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бірақ нәтиже жоқ. Соған қарағанда кеденшілердің жаңа жүйеге көшуге құлықсаз ба деп ойға қаласың. Кеден саласындағы жемқорлық деңгейін төмендету үшін Үкімет қаржыны аяп жатқан жоқ. Жақанда Қаржы министрлігі кеден саласындағы электронды жүйені жетілдіру үшін тағы да 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлді. Ақша бөлінгенмімен істің алға баспай жатқаны біздің таңданысымызды туғызып отыр.

    – «Қазақстан кеден декларанттары одағы» еліміздегі беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Сіздер кеден саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының жұмысалуына қоғамдық бақылау жасап, саралап көрдіңіздер ма?

    – Меніңше, Үкімет қаржы бөлгенде қай  компанияның тендр-ді жеңіп алғанын, олардың технологиясы қалай жұмыс істейтінін бақылап, талаптарын қоюы керек. Сонда ғана нәтиже шығады. Біздің одақ қоғамдық ұйым болғандықтан кеден саласының ішкі жұмыстарына араласа алмайды. Дегенмен біздер өзіміздің ой-пікірімізді ашық айтып, ұсыныстарымызды Үкіметке жолдап келеміз. Кезінде Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті консултативтік кеңес құырып, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлердің басын қосып, кедендегі шетін мәселелерді бірлесіп талқылаған едік. Өкінішке орай, жаңа басшылық келгелі бері бірде-бір рет консултаивтік кеңестің отырысы өткен жоқ. Осы отырыс қана бізді кеден қызметкерлерімен ой бөлісуге мүмкіндік туғызатын. Енді оған да зар болып қалдық. Меніңше, кеден саласындағы жемқорлықтың 70 пайызын жоюға болады. Бұл үшін биліктің саяси ерік жігері жетпей тұр. Мәселен еліміздің салық органдарына электронды жүйе енгізілгелі бері, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық оқиғалары күрт азайғанын кез келген кәсіпкер біледі. Қазір кәсіпкерлер салық органдары қызметкерлерімен бетпе-бет келмей барлық салықтық есептемелерін электронды жүйе арқылып тапсырып жүр. Күрделі және ауқымды болып саналатын салық органдарының жұмысын жеңілдеткен электронды жүйе кеден саласын да жаманаттан арылтатына сенімдімін. Сондықтан кеден саласын электронды жүйеге көшіру ісін батыл, әрі жылдам жүргізу қажет.

    – Еліміздің Кедендік одаққа мүше болғанына бір жылдан асып кетті. Үштік одақтың қандай пайдалы тұстарын көре алдыңыз? Жалпы біз бұл одаққа мүше болып ұттық па, әлде ұтылдық па?

    0639885F-C475 – Кез келген мемлекет ұйымға мүше болғанда одан ұтылайық деп мүше болмайды. Тек қана пайда көруді ойлайтыны белгілі. Жалпы Кедендік одақтан еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері қатты жапа шеккенін айттық. Қазақстанның Кедендік одаққа мүше болуы кәсіпкерлерді шынықтырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсті. Енді үштік одақтың пайдасыз тұстарын айтқанымызбен, билік бұл одақтан қол үзіп кете алмайтыны белгілі. Мұны жақсы түсінген кейбір кәсіпкерлер Кедендік одақ аясын табысты жұмыс істеудің жолын қарастыруда. Өйткені кез келген қиындықтың бір шешімі болатыны анық. Меніңше, Кедендік одақ кәсіпкерлердің ғана бәсекелестігін арттырып қана қойған жоқ. Бұл ұйым мемлекеттік органдардың да заман талабына сай жұмыс істеуіне түрткі болуы керек. Өкіншке орай, біздің құзырлы орындар  мұны әлі толықтай түсінген жоқ. Егер кеден саламыз жемқорлықтан айырылмаса Ресей мен Белорустан қалып, еліміздің абыройын түсіреді. Бұдан басқа Ресейдің шағын және орта бизнесті қолдаудағы саясаты біздің Үкіметті де ой салуы керек деп ойлаймын. Егер біздің атқарушы билік кәсіпкерлерге тиісінші қолдау көрсетпесе, біздер Кедендік одаққа мүше елдермен терезесі тең әріптес бола алмаймыз. Сондықтан біздің билік орындары Ресей мен Белорустаға тиімді іс-тәжірибелерден үлгі алып, қорытынды шығаруы керек. Кеден одағы қызметін дұрыс қолдансақ, экономикаға қаражат тартуға мүмкіндік бар. Кәсіпкерлер өндірген өнімдерін өзге елдерге шығара алады. Енді оның теріс әсеріне келсек, Ресейдің экспонсиясы күшейеді. Оған жергілікті өндірісшілер тек сапалы және арзан өнім өндіру арқылы ғана тосқауыл қоятыны анық. Еліміздегі тасымал бағасының жоғары болуы кәсіпкерлерге үлкен қиындықтар туғызып отыр. Кейде олардың өндірген өнімінің бағасынан  тасымалдау шығындары 2 есеге дейін жоғарлатып жіберетіні жасырын емес. Қажетті барлық инфрақұрылымдар жасалып, әділ бәсекелестік қалыптасқан кезде бұл тығырықтан да шығуға болады. Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі сыртқа өнім шығаруға әрекеттенген кәсіпорындарға бірқатар қолдау көрсетіп жатыр. Осыдан-ақ, Кедендік одақ билік орындарына оң бағатта әсер ете бастағанын байқаймыз. Біздің мал және астық өнімдерін сыртқа экспорттауға мүмкіндігіміз мол. Алдағы уақытта ауылшаруашылығын дамытып, Ресей нарығына өз өнімімізді ұсынып, Кедендік одақтың пайдасын көруіміз керек.

    ҚОС ПІКІР

    rahmatulinaГүлнұр РАХМАТУЛИНА, Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің сарапшысы:

    Кедендік одақ тым қысқа уақыт ішінде құрылды. Қазақстан бұл одаққа кірмес бұрын бәрін електен өткізіп, алдын ала жақсы жақтары мен жаман жақтарын салмақтап көру керек еді. Бүкіл экономиканың нормативті-құқықтық базасын бары-жоғы жарты жыл ішінде жасап шықтық. Ең басты Кеден одағы құрылған кезде мемлекет пен бизнес арасында байланыс болмады. Нормативті-құқықтық база жоғарыдан құрылды. Кеден одағы комиссиясының отырысына келген салалық қауымдастық өкілдерін «орын жоқ» деп кіргізбедік. Көмірсутек тасымалы тарифтеріне келсек, ол мүлдем Кеден одағының шеңберіне кірмейді. Бірыңғай тариф – Біртұтас экономикалық кеңістіктің құзырында. Былтыр 9 желтоқсан айында Біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде 17 келісім қабылданды. Соның ішінде мұнай-газ саласы жөнінде екі келісім бар. Онда ішкі және транзиттік тарифтерді теңестіруді қарастыру мүмкіндігі туралы айтылған. Қазір біз көмірсутегіні әртүрлі тариф бойынша экспортқа шығарып жүрміз.

    Кедендік одақ Қырғызстан мен Қытайдан келетін бағасы арзан заңсыз тауарлардың жолын кесті. Айта кету керек, Кедендік одаққа мүше Қазақстанның үшінші елдермен арадағы импорттық кеден тарифі Ресейге қарағанда, төмен болды. Яғни, біздер о бастан импортқа серпін бердік. Өз өндірісімізді қираттық. Енді тауарды міндетті түрде сертификаттау талап етіледі.

    Мұхтар ТАЙЖАН, экономист-сарапшы:

    muhtar– Ресейдің экономикасы бізден он есе үлкен. Халық саны да, кез келген саласы, бизнесі де солай. Ал Белорусьтен 34 есе үлкен. Салмағы әртүрлі ойыншылардың арасында бәсекелестіктің болуы да мүмкін емес. Есек өзінен он есе үлкен пілмен күш сынаса алмайды ғой?  Бұрындары еліміздің Кеден кодексі өзімізде өндірілетін өнімді қорғайтын. Шекарамыздағы бірыңғай кедендік тариф – ресейлік кедендік тариф. Ресейдің вице-премьері Шуваловтың Мемлекеттік Думада айтқан сөзіне сүйеніп отырмын. Ресейдің Кеден кодексі де өз өнім өндірушілерін қорғайды. Ресейдің кедендік тарифі – әлемдегі ең протекционистік тариф. Демек, қазір орыс монополизмінің аймағы кеңіді деуге болады. Демек, біз теріскейдегі көршіміздің өнім өндірушілерінің мүддесін қорғап келеміз. Сондықтан, еліміздегі барлық тауарлар қымбаттап шыға келді. Ресей Белорусьтің мұнай өңдеу зауытына көп мұнай әкелетін. Белорусьтің Кеден одағына кіргендегі мақсаты – мұнайды баж салығынсыз алу еді. Кеден одағына кірген кезде, Ресей Белоруське мұнайды баж салығынсыз бергісі келмеді. Белорусь Ресейді ТМД сотына берді. Сотта жеңіп шықты. Сонда да Ресей бұл баж салығын алып тастамай отыр. «Біртұтас экономикалық кеңістікке кірсең ғана, баж салығын аламыз» деп шарт қойды. Еліміздің алкогольді ішімдіктер қауымдастығы өздерінің өнімдерін Ресейдің қабылдамай жатқанын айтты. Кеден одағына қарамастан, орыстар өз мүддесін қызғыштай қорғауда. Бізде өндірілген ішімдіктер сапалы әрі бағасы да арзан. Бәсекеге қабілетті.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений