Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Әділ басекенің болғанын қалаймыз!

    IMG_6961Еліміздің Кедендік одаққа мүше болуы шағын және орта бизнеске көптеген қиыншылықтар туғызғаны белгілі. Екі жылдан бері Қазақ кәсіпкерлері тырмысып жұмыс істеп келеді. Ал мемлекет болса шағын кәсіпкерлерге тиісті деңгейде қолдау көрсете алмай отырғаны жанға батады. Өткен жылы біраз қиындықтарды еңсеріп, басты экономикалық одақтасымызға айналған Ресей елімен жұмыс істеуге тырысып бақтық. Бірақ солтүстіктегі көршіміздің Қытай сияқты алуан түрлі тауар өндіретін мүмкіншілігі жоқ. Бүгінде өндірген өнімнің өзіндік құны төмендігі жағынан ешқандай ел Қытаймен бәсекелесе алмайды. Сондықтан Қазақстан мен Қытай  арасындағы кедендік төлемдер қанша көтерілсе де  аспан асты елінен тауар тасымалдау кәсіпкерлер үшін тиімді болып тұр.

    Қалай болғанда да біз Кедендік одаққа мүше мемлекетпіз. Енді суды кері ағыза алмайтынымыз ақиқат. Сондықтан кәсіпкерлер үштік одақтың режимінде жұмыс істеудің жолын қарастыруы тиіс деп ойлаймын. Құр айқаймен кәсіп дамымайтынын кәсіпкерлер жақсы беледі. Ресейдің дамыған кәсіпорындарымен бәсекеге түсу үшін бізге мемлекеттің қолдауы қажет. Қазір мемлекеттік қолдаудың басым бөлігі  ірі кәсіпорындарға бағытталып, шағын кәсіпкерлер назардан тыс қалып жатқаны өкінішті. Біздің Үкімет Ресейдің кәсіпорындарының қаржы айналымы мен тауар өндіретін мүмкіндігі он есе артық екенін ойлап отырған жоқ. Олардың Қазақстан нарығына кіріп, енді ғана дамып келе жатқан отандық өндірісті тұралатып тастауы мүмкін. Сол себепті біздің билік орындары отандық бизнес өкілдеріне қаржылай, салықтық тұрғыдан жеңілдік пен қолдауларын аямауы тиіс.

    _DSC2214Қазір билік басындағылар еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымын кірер тұста Кедендік одаққа мүше елдермен бәсекеге түсіп, әбден шынығатын болуы деп желпініп жүр ғой. Бәсекенің болғаны жақсы. Бірақ біздер әділ басекенің болғанын қалаймыз. Алдағы уақытта Ресейдің кәсіпкерлерімен ынтымақтасып, бірлескен кәсіпорын құру ойымыз бар. Бірақ бұл әзірше жоба-жоспар күйіндегі дүние. Қазір бірқатар құзырлы  орындар Кедендік одақ кәсіпкерлерге оңай соқпайтынын мойындап отыр. Бірақ билік орындары осындай қысыл-таяң шақта тарифтің өсіруге, кәсіпкерлерге саламақ түсіретін түрлі дүниелерді іске асыруы жығылғанға жұдырық болып тиіп жатқанын жасырмай айтуымыз керек. Қазір билік кәсіпорындар үшін дифференциалды тариф түрін енгізудің іс-тәжірибесін, салықтық саласында, алькоголді өнімдерді шектеу, Еуро 3 жүйесін енгізіп жатыр. Бұл науқас адамға бірнеше дәріні беріп улағанмен тең емес па? Бір кезеңде бірнеше бағытта бастамалар мен ұсыныстардың іске асуы кәсіпкерлерді титықтатып бітті.

    Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуде қиямет-қайымға айналып кеткен. Бір сөзбен айтсақ, қоғамда орын алып жатқан ауыртпалықтар кәсіпкерлерге тиіп жатыр. Алдағы уақытта билік ірі кәсіпорындарды қолдай бермей, бір уақыт шағын  кәсіпкерлерге  де мойын бұруы қажет. Бұрындары айналымдағы тауарымызды кепілге қойып несие алушы едік. Қазір банктер  айналымдағы тауарларды кепілге алмайды. Күннен күнге несие алудың мүмкіндігі тарылып барады.  Үкімет болса дағдарыстың екінші толқыны келе жатқанын айтып дабыл қағуда. Өз кезегінде кәсіпкерлер де дағдарысқа қарсы тұру үшін қам жасап жатыр. Реформашыл, халықаралық ұйымдарға мүше болуға құмар Үкіметіміз алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға талпынып жатқаны белгілі. Меніңше, билік орындары бұл процесті мейлінше жылдамдатуы қажет. ДСҰ-ға мүше болсақ, ортақ тарифтер пайда болып, әріптес елдердің қатары толыға түсетіні сөзсіз. Сондықтан кәсіпкерлер ДСҰ-ға мүше болудан көп үміт күтіп отыр. Бұл ұйымға мүше болсақ көліктердің шарықтаған бағасы түсетін болады. Бұл халық үшін пайдалы болатыны сөзсіз.

    Нұржан Қалиев, кәсіпкер.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений