Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Дөңгелек саудасы франшизаға бет бұрды

    Жақында Мишлен компаниясы Астана қаласында TYREPLUS көлік шиналарын сататын кезекті орталықтың тұсауын кесті. Жиын барысында Мишлен компаниясының Қазақстандағы бизнесті дамыту бөлімінің директоры Николай Мазаев Қазақ жеріндегі түрлі көлік шиналарын сатуды компания табысты жалғастырып жатқанын алға тартты.

    2010 жылы жаңа автомобильдер сату көлемі 2009 жылмен салыстырғанда  14,35 пайызға өсіп, 21,6 мың бірлікті құраған. Бұл ретте нарықтың барлық сегменттерінде өсу байқалды. Әсіресе жеңіл автомобильдер жол талғамайтын автомобильдер сегментінде 16,5 пайызға өскен. Ағымдағы жыл  дөңгелек саудасы бұдан да жоғары серпінді көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде ғана жаңа автомобильдер сату өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе өсіп, 17,3 мың бірлікті құрағанын айта кетуіміз керек. Көлік саудасындағы оң үрдіс автокөлік шиналарының дамуына әсер ететіні айтпасада түсінікті. 2009 жылы күрт құлдырағаннан кейін шина нарығы 2010 жылы қайта жандана бастады. 2011 жылы Қазақстанда жеңіл көлік шиналарын сату 9 пайызға артып, 2,58 млн. шина сатылуы мүмкін.  Мамандардың пайымдауынша, Қазақстанда табанында бүрі бар шиналарға деген сұраныс жоғары екен. Осы ретте Мишлен компаниясы қазақстандық тұтынушыларға  «Latitude X-Ice North 2» табаны бүрленген шиналарды ұсынып отыр. Өз кезегінде компания басшылары Қазақстанда Мишлен шиналарын сатуды 65 пайызға арттырғанын жеткізді. Олардың сөзіне сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 4х4 шиналарына деген сұраныс жоғары.   

    Сапалы көлік доңғалақтарын шығарып, әлемді ауызына қаратып отырған компания Қазақстанда Мишлен шиналарын саудалайтын орталықтар ашып, франшизалық бағытта жұмыс істеуге де дайын екендерін алға тартты. Өз кезегінде Николай Мазаев Астанда жаңадан ашылған шина орталығының ашуға 2 млн. доллардан астам қаржы жұмсағандарын мәлім етті. Мишленмен бірге франшизалық бағытта жұмыс істеген кәсіпкерлерге компания тарбынан қызметкерлерді тегін оқыту, қаржылай қолдау көрсететінін алға тартты.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений