Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Дандайсыған даму институттары

    Қазіргі таңда даму институттарындағы мемлекет қаржысын ұстағаннаң қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқаны жасырын емес. Жақында «Времия» газеті Қазақстанның даму банкының (ҚДБ) қызметі жайында өткір мақала жариялап, қоғамның назарын даму институттарының қызметіне аударғаны белгілі. Газеттің үстіміздегі жылғы 17 қарашадағы санында ҚДБ баспасөз қызметі әріптестеріміздің сұрақтарына жауап беріпті.

    kortonҚазақстан даму банкының қаржылық капиталы бюджет есебінен толып отырады. Сондықтан журналистер қауымның банктың мемлекет қаржысын қалай жұмсап жатқанын бақылап, сұрау салуы өте орынды. Ия, ҚДБ елімізде маңызы зор, стратегиялық ірі жобаларды іске асырып жатқанын білеміз. Бірақ   бұл жайт олардың жауапкершіліктен жалтаруына жол ашпайтыны анық. Негізінен дау Алматы облысы, Іле ауданында ҚДБ-ның қаржыландырған Іле картон-қағаз комбинатына қатысты өрбігені белгілі. Газет бетінде банктың баспасөз қызметі аталмыш комбинаттың қожайындары мемлекет қаржысын дұрыс игермей жатқанын жасырмай жазған-ды. «О баста жобаны іске асырушылардың бізге көрсеткен бизнес-жоспары дұрыс болатын. Олар бізден несие алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын бизнес-жоспарда көрсеткендей жүргізбей істі тығырыққа тірген. Егер олар барлық жұмысты жоспарға сай жүргізгенде бүгінде Іле ауданында іргелі өндіріс ошағы бой көтеріп, жүздеген адам жұмыспен қамтылушы еді. Өкінішке орай, іс біз күткендей болмады. Олар қайткен күндеде банктен алған қаржысын қайтаруы тиіс. Біздер заңға сәйкес жобаны іске асырушылардың ішкі жұмысына араласа алмаймыз. Бірақ мемлекет қаржысы далаға кетпейді, оны кері қайтару ісімен қаржы полициясы айналысып жатыр», – деп баспасөз мамандары банктың ұстанымын паш етті. Сұхбат барысында ҚДБ-ның қаржыландырып отырған жобаларының 70 пайызын жаңадан салынып жатқан өндіріс ошақтары құрайтыны айтылған. ҚДБ-ның өкілі өз жауабында елімізде зауыт салынып біткенше көптеген қиындықтар туындайтынын алға тартыпты. Бұл ретте өндіріс ошақтарын іске қосуды құзырлы орындардың кедергі жасайтынын айтсақ жетіп жатыр. Бұдан басқа банктың баспасөз қызметі ҚДБ-ның басшылары мен қызметкерлерінің қомақты жалақы алады деген әңгіменің жел сөз екенін айтып, сыбысты жоққа шығарғанын айта кетуіміз керек.

    Қалай десекте даму инс-титуттарының жұмысы анау айтқандай оңып тұрмағаны анық. Мемлекет қаржысын депозитке салып, еселеп пайда табуды осы даму институттары әдетке айналдырды емес па? Сондықтан даму институттарын қоғамдық бақылау орнатудың маңызы зор. Бұл ретте бақылаушылардың құрамында тәуелсіз журналистердің болуы маңызды.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений