Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    ДАМУ траекториясын таңдау

    buh012012 жылдан бастап кәсіпкерлердің белгілі бір категориясы үшін бухгалтерлік есеп жүргізудің қажеті болмайды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев келесі жылғы өз ведомствосы алдында тұрған міндеттерге қатысты пікірінде айтты.

     

    Әлемнің көптеген елінде шағын және орта кәсіпорындарда есеп жұмысы жүр­гізілмейді, олар арнайы фирмаға ақы төлейді. Сол мекеме мамандары салық инспекциясы алдында әлгі кәсіпорын бухгалтериясы үшін жауап беретіні белгілі. Мәселен, Германияда немесе Израильде бір бухгалтер 50-150 кәсіпорынның есебін жүргізеді. Ал біздің жүйемізде есепшілер 3-4 фирмадан артық кәсіпорынның есеп-қисабын жүргізе алмайды. Себебі еліміздегі бухгалтерлік есеп жүргізудегі талап бойынша туындайтын қағазбастылық мәселесін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Есеп-қисапқа кететін шығын ірі кәсіпорындар үшін түкке тұрғысыз болуы мүмкін, алайда шағын бизнеске ол кәдімгідей салмақ салады. Осы жағынан алғанда, Қаржы министрлігі көтеріп жатқан бұл мәселе құптарлық дүние деп айтуға болады.

     

    bolatБолат ЖӘМІШОВ, ҚР Қаржы министрі:

    -  Салық саласында ақпараттық қызметтер біріздендіріледі. Мәселен, бухгалтерлік есепті жүргізуде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жекеменшік кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік есеп жүргізудің қажеті болмайды. Қазір осыған қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Келесі жылдан бастап бұл өзгеріс өз күшіне енеді. Ұлттық стандартты біріздендіру арқылы белсенді шағын бизнес өкілдері үшін де есептілікті оңтайландырамыз. Ал шағын және орта бизнестің есептілігін халықаралық стан-дартқа сәйкестендіреміз. Міне, мұның бәрі бизнестің шығындарын үлкен көлемде қысқартатындығына сенімдіміз. Қателеспей, дамудың дұрыс траекториясын таңдау, әрине, қиын. Жалпы, сапалы даму үшін ең мықты деген тәжірибені енгізуге тырысу - күрделі міндет. Тіпті, халықаралық бюджет тәжірибесінде барлық мемлекетке бірдей қолданатын тиімді тәжірибе жоқ. Біздің ең басты мақсатымыз - бизнеске көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, бұл - салық және кеден саласындағы қызметтер. Аталған қызмет түрлерінің сапалы орындалуына ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл істі біз аяғына дейін жеткізген жоқпыз. Оған әлі де екі жыл уақыт керек. Мәселен, сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылар рұқсат беруші 40 шақты құжатты жинау үшін 15 мемлекеттік органның табалдырығын тоздырады. Енді бұлайша сеңдей соғылатын сабылыс болмайды. Кәсіпкер кеңсесінен ешқайда шықпай-ақ, өз үстелінде отырып, интернет арқылы «бір терезе» жүйесі қызметіне жүгінеді.

     

    Темір НАЗХАНОВ, ҚР Тәуелсіз кәсіпкер қауымдастығы-ның вице-президенті:

    - Салық төлеу айырмашылығына қарай кәсіпкер-лер үш топқа бөлінеді. Біріншісі - патент бойынша жұмыс істейтіндер. Яғни, олар бизнесті жалғыз өзі жүргізеді. Мұндай кәсіпкерлер жылына түсетін табысының 2 пайызын салыққа жұмсайды. Екіншісі - арна­йы салық режимінде, кәсіпорынның табысы туралы оңтайландырылған декларация жүргізетін жекеменшік кәсіпорындар. Оларға белгіленген салық көлемі - айналымдағы қаражаттың 3 пайызы. Осы екі топтағы кәсіпорындар қосымша құн салығынан, корпоративтік салықтан және тағы басқасынан босатылады. Өйткені олардың табысы мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлік бойынша белгілеген шекті көлемінен аспайды. Ал үшіншісі - ортақ белгіленген салық талаптары бойынша салық төлейді.

     

    kunanbaiҚұнанбай ТОБАТАЕВ, қаржыгер:

    - Кәсіпорынмен жұмыс істеп, бюджетке табыс енгізудің орнына біздің салық инспекторлары мыңдаған бет қағазды парақтап, ал оның кейбірін компьютер тақташасынан сүзіп оқып отыруға мәжбүр. Бұл - денсаулық үшін үлкен зиян. Сол секілді кәсіпорынға түсетін салмақ та жылдан-жылға артып барады. Бухгалтерлік тіркеу және салық есебімен байланысты шығын бір қарағанда мардымсыз көрінуі мүмкін. Бірақ шағын кәсіпорынға оның залалы орасан зор. Мәселен, осындай өндірістік емес шығынға жататындарды тізбелеп көрелік: ай сайын есепші қызметкерге төленетін жалақы, бухгалтерлік бағдарламаларды жаңартуға кететін шығын, күнделікті қажетті құқықтық жүйе анықтамалықтарына жазылу, ұдайы өзгеріске ұшырап тұратын «Салық кодексіндегі» мәселелерге түсініктеме беріп отыратын салалық әдебиеттерді сатып алу, арасында арнайы дәрістерге қатысу, есепшінің біліктілігін жо­ғарылату курсының ақысы, мамандар кеңесі (салық кеңесшісі, аудитор) қызметіне кететін шығын, есептегіш секілді қажетті кеңсе заттары... Міне, осы жағынан алғанда шағын және орта кәсіпкерлікті бухгалтерлік есепті жүргізуден босату дұрыс әрі міндетті түрде соған көшуіміз керек. Алайда, меніңше, бұл заң нормасы бастапқы кезде өз тиімділігін таныта алмайды. Өйткені бұл бір салаға қатысты ғана өзгеріс емес. Яғни, біріздендіруге біршама уақыт керек. Ол - өте ауқымды жұмыс.

    (Мақала «Алаш айнасы» газетінен ықшамдалып алынды)

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений