Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    БЭК Ресейге тиімді болып тұр

    tompievЖақында «Алматы ақшамы» газетінің журналисті Әйгерім Сауытбекова кәсіпкер,  экономика ғылымының докторы, академик Марал Томпиевпен Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) жайында сұхбаттасыпты. Білікті маманның экономикалық кеңістік аясында кәсіпкерлердің қандай жағдай күтіп тұрғаны жайындағы айтқан ойы бізді қатты қызықтырды. Сондықтан сұхбатты ықшамдап жарялауды жөн деп шештік.

    - Марал Қазкенұлы, таяуда  Кедендік одаққа мүше Ресей, Беларусия және Қазақстан интеграцияның жаңа белесі саналатын Біріңғай экономикалық кеңістікті құрды. Мұндай кеңістік құру идеясы қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?

    - Әлемде халықтар  мен мемлекеттерді бірыңғай экономикалық аймаққа біріктіру идеясы бұрыннан бар. Сондықтан, Қазақстан, Ресей мен Белорусияның Біріңғай экономикалық кеңістікке бірігуі жаңалық емес.  Мұндай  экономикалық одаққа  біріккен елдер көне дәуірлерде де болған.  Тарихқа көз салсақ, ежелгі заманның өзінде интеграциялау процесі жүзеге асқанын байқаймыз.  Әлемдегі алғашқы жаһандастырушылардың бірі - Еділ қаған (Атилла) болғаны белгілі. Ол алғаш рет Азия мен Еуропаның  отырық-шы елдерін бір мемлекеттің астында біріктіріп, Ғұн империясын құрды. Еділ қағанның тұсында Ғұн империясының иелігіне шығыста Тынық мұхиты жағалауына дейінгі, батысы Ресейге, терістігі Дания аралдарына, күнгейі Дунайға дейінгі жерді алып жатты ірі кеңістік еді. Осы жерлер бір империяның астында бірікендіктен, ондағы халықтар бірыңғай экономикалық кеңістікте өмір сүрді деп айтуға болады. Халықтар ежелден бері бірлестікте тұруға үйреніп қалған. Мемлекеттер  қандай мақсатта бірігеді? Ортақ нарық болу үшін, мемлекет аралық бәсекелестік болу үшін, сауда қатынастары жоғары деңгейде жүзеге асуы үшін, адам ресурстарының қозғалысы болуы үшін бірігеді.

    - Сіздіңше, біріңғай экономикалық кеңістікті құру идеясы  пісіп, жетілді ғой?

    - Меніңше, бұл идеяның пісіп, жетілуіне әлемде қалыптасқан ахуал әсер етті деп ойлаймын. Бүгінгі дағдарыс жағдайында әлемде үлкен өзгерістер орын алуда. АҚШ пен Қытай арасында әлемдік көшбасшылыққа талас жүріп жатыр. Осындай жағдайда Ресей, Беларусия және Қазақстанға күрделі  шешім қабылдау керек болды. Демек, АҚШ-тың ықпалына бағынып, «америкаланбай» немесе Қытайдың ырқына көніп, «қытайланбау»  керек болды. Бұл жағдайда біздің Президентіміз үшінші жолды таңдады - Еуразиялық экономикалық интеграция аясында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру. Демек, Қытай мен АҚШ-тың арасындағы үшінші алып ел болу. Бұл - менің ойымша экономикалық, саяси еркіндікті  сақтап қалу мақсатындағы қабылданған ең дұрыс шешім. Әзірге, өзара тиімді шарттар қабылдадық деп айта алмаймын. Жалпы, қазір Ресей үстемдік жүргізуде. Олар  Кеден одағы бойынша да өз шарттарын қойып жатыр. Қаржыны үйлестіру орталығы Мәскеуде болуын қалайды. Нарықта да сол жағдай. Мысалы, тағам нарығында техникалық регламент, техникалық шарттар қандай болу керек екенін Ресей белгілеп отыр. Егер олар осы саясатынан арылмай, одан әрі ұстанатын болса, ешқандай бірлестік болмайды. Мәңгілік ешнәрсе жоқ. Қазір құрып отырған экономикалық бірлестігіміз ыдырап кетуі мүмкін. Кеңес одағы неге ыдырап кетті? Себебі, республикаларға одақтың құрамында өмір сүру экономикалық тұрғы3f36a66870c9fдан тиімсіз болды. Мәскеу мемлекеттерді қару күшімен ұстады. Онда экономика болмады, тек әскери күш қана болды. Сондықтан, Ресей, Беларусия мен Қазақстан құрып отырған экономикалық бірлестік ыдырап кетпесі үшін, үш елге де экономикалық тұрғыда тиімді болатын заңдар, құжаттар, келісімдер қабылдау керек. Ал, егер бұл одақ Ресейге ғана тиімді болса, ерте ме, кеш пе кеңістік жойылады. Бүгінде Канада мен АҚШ-тың арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатылған. Біз осындай қарым-қатынас орнатуымыз керек.

    - Демек, сіз жаңадан құрылып жатқан экономикалық аймақта өмір сұру Ресейге тиімдірек деп айтпақшысыз ғой?

    - Иә, бүгінде бұл экономикалық аймақтың құрылуы Ресейге тиімдірек болып тұр. Қазір, мысалы, Ресей біздің кәсіпкерерді қысып жатыр, әсіресе, өңдеу өнеркәсібінде. Қазақстанға Ресейдің деңгейіндегі өңдеу өнеркәсібін құру керек. Ресей бағалардың демпингін жүргізіп жатыр. Демек, сыртқы нарықты өзіне қаратып, бәсекелесетерін нарықтан ығыстырып шығару үшін тауарды әдейі арзан бағамен  сатып жатыр. Ресей техникалық регламент сияқты түрлі бөгеттерді қою арқылы  бізді өз нарығына кіргізбеуде. Қазақстан экономикасын тежейтін тосқауылдар өте көп. Мысалы, біз Ресейге ет өнімдерін жеткізгіміз келеді делік. Алайда, Ресей регламенттерің сәйкес келмейді, сәйкестендіріңдер деп, біздің тауарымызды кері қайтарып жібереді. Немесе, сүттің сапасы дұрыс емес дейді. Түрлі бақылау органдары бар. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресей нарығына кіріуіне бөгет жасайтын  ішкі сауда саясаты бар. Неге біз олардың стандарттарын қабылдауымыз керек? Неліктен Ресей бізге жеңілдіктер жасамайды? Немесе, бір өтпелі кезең жасамай ма...

    - Біз үш ел болып ортақ экономикалықаймақ құрып жатсақ, неліктен ортақ регламенттерді құрмасқа?

    - Мұндай қадамға мемлекеттер дайын емес көрінеді.

    - Онда экономикалық кеңістік құрмай Кедендік одақтың құрамында қала бермедік пе, қалай ойлайсыз?

    - Иә, бұл ойыңызбен келісемін. Жалпы, біз Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрумен асыққан сияқтымыз. Кеден одағын еуропалықтар сияқты асықпай 10-15 жылда құруымыз керек еді. Осы уақыт аралығында интеграциялаудың жаңа  белесі - бірыңғай экономикалық кеңістік  құруға мұқият дайындақ жүретін еді. Арбаны аттың алдына қойып, көптеген қателерге ұрынып қалуымыз мүмкін. Кедендік одақта тұрып, егер онда бәрі жақсы болып, сауда эволюциялық жолмен дамыса, одан кейін интеграциялаудың жаңа сатысына көшуге болады. Ал, бізде  бәрі революциялық жолмен жүріп жатыр. Ал, мұндай жол түп төркінінде күйреуге алып келетіні белгілі.

    - Сіз кәсіпкер ретінде, экономист ретінде Біріңғай экономикалық кеңістік құру идеясын қолдайсыз ба?

    - Әрине, қолдаймын. Мемлекет оқшау өмір сүрсе, оның экономикасы құлдырайды. Адамды алайық, егер адам жападан жалғыз өмір сүрсе, ол жетілмейді, дамымайды, күйзеледі. Сол сияқты, мемлекет те даму үшін басқа мемлекеттермен бірігуі керек. Экономикалық қарым-қатынасты орнатып, дамыту керек, тәжірибе алмасу керек. Алайда, бұл идеяның жақсы болғанымен, кез-келген идеяны құртып алуға болады.  Ең бастысы келіссөздер әділ жүргізіліп, үш ел үшін де тең құқылы әріптестік қатынастар орнатылуы керек.

    - Біріңғай экономикалық кеңістік құру аясында туындап отырған өзекті мәселелердің бірі - ортақ валюта шығару мәселесі болып келеді. Бұл мүмкін бе?

    - Жалпы, ортақ валюта шығару туралы мәселе көтерілген жоқ. Бірде бір мемлекет өзінің төл валютасынан бас тартпайды. Себебі, валюта - мемлекттің Тәуелсіздік нышандарының  бірі.  Еуропаның өзі ортақ валюта - еуроға 40 жыл бойы келген болатын. Бізде келуіміз мүмкін. Бірақ, дәл қазір бұл туралы әңгіме қозғау  әлі ерте деп ойлаймын.

    -  Алматыда кәсіпкерлік жақсы дамы-ған. Біз республикалық бюджеттің 25 пайызын осы кәсіпкерліктің арқасында қамтамасыз етеміз деп айтуымызға толық негіз бар. Келер жылдан бастап, Біріңғай экономикалық аймақ құрылғаннан кейін нарығымызға Ресей, Беларус кәсіпкерлері келеді. Осы жағдайда біз осы мемлекеттердің экономикасына «жұтылып» кетпейміз бе?

    - Бәрі мүмкін. Мысалы, Ресей тауарларының сапасы біздікіне қарағанды жоғарырақ, бағасы да кейбір позициялар бойынша төмен. Біздің кәсіпкерлер бәсекелестік жағдайында «жұтылып» кетпесі үшін, көп жұмыс істеп, белсенді болуы болуы тиіс. Сондай-ақ, инновациялар енгізуі қажет. Және, ең бастысы, мемлекеттің қолдауы аудай қажет. Жария түрде де, жариясыз да.

    - Мемлекет жариясыз қалай қолдай алады?

    - Біздің шенеуніктер кәсіпкерлерге оң көзбен  қарап, сенсе, несие алуға көмектессе, тексерістерді азайтса, кейбір «ұсақ-түйектерге» көз жұма салса - міне осыны жариясыз қолдау деп айтуға болар еді. Егер бізді өз мемлекетіміз қолдамаса, басқа кім қолдайды? Жарайды, билік бізді салықпен, тексерістермен жаншып тастасын.  Оның үстіне Ресей кәсіпкерлері келеді де, тас талқанымызды шығармай ма? Сондықтан, бізге биліктің қолдауы керек, әсіресе, Біріңғай экономикалық кеңістікке кірген тұста.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений