Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Бала еңбегін қанаудың түйіткілі

    Таяуда Қазақстанның жумыс берушілер конфедерациясы ұйымы еліміздегі бизнес қауымдастықтардың жетекшілері жинап, арнайы басқосу өткізді. Жиында кәмелеттік жасқа толмаған жас жеткіншектерді жұмысқа тартудың орынсыздығы талқыланды. Дүниежүзінде бала еңбегін пайдалануға қатысты арнайы халықаралық заңнамалық нормалар бар екені белгілі. Бірақ бұл заң-закондардың бәрі бірдей орындала бермейтіні ащы да болса шындық. Кейде халықаралық ұйымдар осындай түйіткілді мәселелерге саяси астар беріп те жататыны жасырын емес. Осы ретте Шығыс халықтары балаларды жастайынан еңбекке баулып, өз жолын тауып кетуіне ықпал ететінін де естен шығармауымыз керек.

    DSC6589Жиын барысында сөз алған Алматы қаласы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Сәуле Бекетаева Алматы мен Алматы облысында бел жазбай еңбек етіп жүрген балалардың басым бөлігі Қырғызстан, Өзбекстан Тәжікстаннан келгенін айтты. Олар сабақты ысырып қойып темекі алқаптары мен қара базарларда еңбек етуге әбден машықтанып алған. Еліміздегі балалардың құқын қорғауды басты мақсаттарына айналдырған қоғамдық ұйымдар да еңбек етіп жүрген жас жеткіншектер аталған елдің балалары екенін растады. Ал қазақстандық балалардың еңбегі қаналып жатпағанын алға тартты. Жиын барысында «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының маманы Элвира Александрованың баяндамасы тыңдалды. «Бүгінде Қазақстанда еңбекке тартылған жас жеткіншектердің басым бөлігін көршілес елдерден келген еңбек мигранттарының балалары. 2010 жылы АҚШ елшілігінің қолдауымен Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бала еңбегін қанауға қатысты зерттеу жүргізгенімізде, жас мигранттардың көшін Өзбекстаннан келген балалар бастап тұр-ғанына көз жеткіздік. Бұдан кейінгі орында Қырғызстан мен Тәжікстан тұр. Сондай-ақ, зерттеу барысында Қазақстанда нәпақа тауып, жұмыс істеп жүрген Ресей, Молдава, Украинаның баларын да кезіктірдік. Еңбекке ерте бастан араласқан балалардың жасы 14 жастан басталады», – деп бала құқын қорғаушы маман елімізде сырттан келген балалардың еңбегін пайдалану өрістеп тұрғанын алға тартты. Бала құқын қорғаушылар биыл жазда базарлар мен егіс басына барып,  97 баланы медициналық тексеруден өткізіп, біршама дәрі-дәрмек тартқандарын тілге тиек етті. Маманның сөзіне құлақ түргенімізде, жұмыс берушілер еңбекке жегілген балаларға жарытымды демалыс, медициналық көмек көрсетпейтнін ащына жеткізді. Елімізде бала құқын қорғаумен айналысатын ұйымдар мемлекеттік мекемелердің еңбек мигранттарының балаларын ауыр жұмыстан құтқаруға атсалыспай отырғаны орынсыз екенін алға тартқанын айта кетуіміз керек. Сырттан келген жас келімсектермен тек көші-қон полициясы ғана айналысатыны белгілі, Көші-қон полициясы оларды жинап, әке-шешесімен бірге келген жағынан қайтарып жібереді. Одан басқа жұмыспен айналыспайды. Бірақ арда ай өтпей жатып олар Қазақстанды бетке алатыны да жасырын емес. Қазіргі таңда Үкіметтің сырттан келген келімсек балаларды жинап, оларды тәрбиелеуге қауқарсыз екенін мойындауға тиіспіз.  Мұндай зілмауыр, әлеуметтік жауапкершілікті атқарушы биліктің мойнына алғысы жоқ.

    Жиынға бизнес қауымдастықтар атынан қатысқан Жібек Әжібаева бала құқын қорғаушылардан «бала еңбегін пайдалануға қатысты еліміз бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздіңіздер  ма» деп сұрады. Өз кезегінде қоғамдық қоры мамандары мұндай ауқымды жұмысты іске асыруға қаржының жетіспеушілігі қолбайлау болғанын айтып, түсіндірді. «Біз қаржының жетімсіздігіне байланысты Алматы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласын және Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал мен Сарыағаш аудандарымен ғана шектелдік. Болашақта ауқымды зерттеулер жүргізетін боламыз», – деді. Бұдан кейін бизнес қауымдастық өкілдері бала еңбегін қанауда нақты қазақстандық балалардың үлесін сұрады. Бала құқын қорғаушылар бұл сұраққа жастайынан ауыр жұмыстарға жегілген балалардың басым бөлігі еңбек мигранттарының балалары екенін айтып жауап берді. 

    Жібек Әжібаева бала еңбегін көбінде көлеңкелі бизнеспен айналысушылар пайдаланатынын алға тартты. «Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласы мен базардағы сауда-саттықта көлеңкелі бизнеспен айналысушылар өріп жүр. Бала еңбегін қанау мәселесі жайында сөз қозғағанда, осы түйіт-кілді мәселелерді туындатын факторға, яғни көлеңкелі бизнеске де жете мән беріп, оны жоюудың жолдарын қарастыру керек деп ойлайын. Жиынға қатысып отырған бала құқын қорғаушылар алдағы уақытта осы мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлуі керек. Сіздер зерттеу жүргізгенде бала еңбегін пайдаланушылардың заң негізінде тіркеліп, тіркелмегенін сұрауларыңыз қажет деп ойлаймын. Сонда ғана сүйегі қатаймаған балаларды ауыр жұмыстарға салуға тоқтау болады», – деп ойын ортаға салды. Ал Қазақстанның халықаралық жүк тасымалдаушылар одағының бас хатшысы  Теодор Каплан: «Жастаймыздан еңбек етіп, бүгінде соның жемісін жеп отырмыз. Меніңше, бала еңбегін қанау жайында сөз қозғамастан бұрын, көптен жайттардың басын ашып алу керек сияқты. Кез келген ата-ана баласын еңбекке баулып, тәрбиелейтіні белгілі. Егер біз жастардың қолын күрек ұстатпасақ, олар ертеңгі күні қандай азамат болып қалыптасады. Бала құқын қорғаушы мамандар бұны да назардан тыс қалдырмауы керек. Тағыда айтсам, біздер еңбекке араласқан балаларға жасалынатын жағдайды жақсарту жағына да баса мән берген жөн. Әрине, бұғанасы қатпаған баланы ауыр жұмыстарға салуға мен де қарсымын. Бірақ жастар шамасы жететін жұмысты істеуден қашпауы керек», – деген жүк тасушы жиналғандарға мәсенеің астарына үңілуді ескертті.

    Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіретіні белгілі. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектейді. Өмірлік құндылықтардың өзгеруіне байланысты кейбір балалар білім алғаннан гөрі жұмыс жасаған неғұрлым пайдалы деп есептейді. Сондықтан ертеңін ойлайтын мемлекет бұғанасы қатмаған жастарын ауыр жұмысқа салмайтыны белгілі. Сондықтан мемлекет бұл бағытта тиісті заңнамаларды қабылдап, қатаң бақылауларды қалыптастыру керек.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений