Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Қауымдастық біздің басты тіреуішіміз

    aliyaҚазір дамыған елдердің өздері шағын және орта бизнеске айрықша көңіл бөліп отырғаны белгілі. Себебі, шағын кәсіпкерлік кез келген елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының ажырамас бөлігі. Біздің Павлодар облысында да қазір шағын және орта кәсіпкерлік қанатын кеңге жайып келеді. Бизнестің дамуына жергілікті билік орындары мен Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының филиалы генератор болып отырғанын айтуға тиіспін.

    Дамыған елдерде тұрақты дамудың кілті - кәсіпкерлік саласында деген түсініктің қалыптасқанына бірнеше ғасыр болды. ЕуроОдақ елдерінде еңбек етуге қабілеті халықтың басым бөлігі шағын бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ-та бұл көрсеткіш 53 пайызды құраса, Жапонияда 72 пайыз. Ал біздің еліміз жан басына шаққанда бұл салада едәуір артта қалған. Ресми мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда ШОБ саласында 2,5 миллион адам (30 пайыз) жұмыс істейді. Әрине, шетелдің нарықтық экономикасының аяғына тұруына сандаған жылдар өткені белгілі. Оларда ұзақ жылдардан бері тәжірибелі «кәсіпкерлер әулеті» қалыптасты. Мәселен, Францияда ШОБ-тің 99 пайызы кішігірім отбасылық бизнеске негізделген. Тәуелсіздігіне 20 жыл енді ғана толып, ұлттық экономикасын түзуге енді ғана мүмкіндік алған Қазақстандағы бизнес ахуалын дамыған елдер көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды. Мұндайда ата-бабамыз «көш жүре түзеледі» демеуші ма еді.

    IMG_0728Халыққа қызмет көрсету саласында еңбектеніп, бизнеспен айналысып жатқанымызға біраз уақыттың жүзі болды. Бүгінде керекуліктерге монша жағып, алғысын алып жүрген жайымыз бар. Алдағы уақытта біз сияқты шағын кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп жүрген жандарға мемлекет тарапынан қолдаулардың көп болғанын қалаймыз. Мемлекеттік қолдау дегенде көпшілік қаржылай қолдау деп ойлап ақалатыны белгілі. Бізге несиеден басқа салықтық, тарифтік жеңілдіктер де аудай қажет. Осы ретте Үкіметтің электр қуатына дифференциалды тариф түрін енгізгені шағын кәсіпкерлер үшін пайдалы болды деп ойлаймын. Айталық, таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 аралығында 1 кВат сағат электр қуатына 6,4 теңге болса, кешкі сағат 18:00-ден түнгі сағат 12:00 аралығындағы 1 кВат сағат қуат көзі 17,29 теңгені құрап отыр. Ал түнгі сағат 12:00-ден таңғы сағат 6:00-де 1 кВат сағат электр қуаты үшін 2,2 теңге төлейміз. Тарифті бұлайша жіктеу үнемшілдікке бастайтыны белгілі. Сондай-ақ, біз сияқты түнімен жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлер үшін тиімді болып тұр. Еліміздің негізгі қуат көздері біздің облысымызда орналасқандықтан, электр қуатынан бәлендей таршылық көріп отырған жоқпыз. Сол сияқты судың тарифі де қолайымызға жағып тұр. Бір текше метр суық суға 45,8 теңге төлесек, дәл осы көлемдегі ыстық суға 63,4 теңге шығындаймыз. Өткен жылдың аяғында қаламызда тарифтер 1,5 пайызға көтерілгені белгілі. Бұл меніңше, еліміздің экономикалық жағдайына сай болды деп ойлаймын.

    Бүгінде Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының Павлодар облысындағы филиалы қаламыздағы шағын кәсіпкерлерге айрықша қолдау көрсетіп, кәсібін дамытуға бастамашы болып отырғанын айтуға тиіспін. Шағын кәсіпкерлер әдетте төр-бес адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттің дамуына өзінің үлесін қосуда. Кәсіпкерлікпен айналысқаннан кейін салық, СЭС, өрт сөндіру мекемелерімен жұмыс істеуге тура келеді. Қазір жұрттың бәрі бухгалтер емес қой. Бизнеспен айналысқаннан кейін салық органдарына салықтық есебіңді тапсыруың керек. Бізге бұл жағынан қауымдастық құрамындағы «Бухесеп НАП» орталықтандырылған бухгалтерлік жүйесі көп көмек көрсетіп отыр. Сондай-ақ, заң саласы бойынша түрлі кеңестер алып келеміз. Таяуда, саунамды өз атыма аударғанда филиалда жұмыс істейтін заңгерлер көп көмектесті. Сондықтан қауымдастыққа айтар алғысым шексіз. Біздің билік орындармен тату жағдайда жұмыс істеуімізге осы қауымдастық көп көмеген тигізіп отыр.

    Әлия Тезекбаева,

    жеке кәсіпкер.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений