Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Ауыл еңбекерлерінің зары

    Көптеген кәсіпкерлер ірі қалалардан жырақта болсада, күнделікті өмірде жерлестерінің жай-күйін жете ұғынып, тұрмыс-тіршіліктің түйткілін бөлісіп, жұмыс орындарын ашып, елімізге аса қажетті азық-түлік өнімдері мен өзгеде тұтыну тауарларын өнідіріп, экономикаға елеулі үлес қосуда. Жақында Алматы облысы Ұзынағаш ауылында өткен «Қазақстанның ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау» атты дөңгелек үстелге кәсіпкерлер, «Жетісу» ӘӨК, «Даму» қоры, «Фудмастер» АҚ-ы, ҚР Сүт өндірушілер одағы, Қазақстан қызылша өндірушілері мен қант зауыттары қауымдастығы, ҚР Фермерлер одағы, Құс шаруашылығы одағы өкілдері мен Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шаруа қожалықтары басшылары, жергілікті кәсіпкерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

    Ысырапшыл жобалар

    omartaКәсіпкерлер жерді ауыл-шаруашылығында еңбек ет-пейтін адамдардың сатып алып, субаренда арқылы таб-ыс табу көзіне айналдырғанын қынжыла жеткізді. Жер қазір толыққанды пайдаланылмауда. Бұл жағдай өз кезегінде ауыл шаруашылығына инвестиция тарту тежеп отыр. Фермерлер мемлекеттік даму институттарының  қымбатқа түсетін және ысырапшыл жобалармен айналысып, одан ауылдағы кіші және орта бизнеске орасан зор зиян шегіп отырғанын атап өтті. Мысалы, ауылда 50-70 бас ірі қара ұстап, олардың эпидемиологиялық тұрғыда қауіпсіздігін сақтап, сапалы сүт және ет өндіріп отырған шаруалар бар. Алайда, олар мемлекеттен көмек ала алмайды. Тиісті мекемелер 300 бастан көп ірі қара малы бар шаруашылықтарға ғана субсидия береді. Оның үстіне субсидия тек шет елден келетін асыл тұқымды малға ғана беріліп, Қазақстанның қаржысына отандық өндірушілер емес, шет елдегі бәсекелестері алып отыр. Дихандарда да мәселелері жетіп артылады. Техникалық база әбден тозған. 20 жыл бұрынғы техникалар ілдебаймен әрең жүргені ащыда болса шындық. Әсіресе оңтүстікте техникамен жабдықтау сын көтермейді. Салық заңына байланысты қосылатын қосысмша құн салығы (ҚҚС) техниканы лизингке сатып алуды қиындатып отыр. ҚҚС-на жеңілдіктер берілген өндіріс саласының тізіміне шағын және орта кәсіпкерлер үшін өте маңызды қант өндіру, сүт өңдеу, тері өңдеу кірмей қалған. Соның кесірінен елімізде тері өңдейтін кәсіпорындар мүлдем жоқ, ал сұраныс Қытай қанағаттандырып отыр. Тағы да өзгенің эконосикасына қаржы құюдамыз.

    Кедендік одақ отандық қант өндірісіне соққы болды

    Кедендік Одақ құрылғаннан кейін Ресей және Белорус кәсіпорындарының қысымына тап болған отандық сүт өңдеушілер өздерінің позицияларынан айырыла бастаған. Ал қант қызылшасын өндірушілері қауымдастығының вице-президенті Алдияр Жолдыбаев Ресейдің әділетсіз бәсекелестігіне байланысты еліміздегі барлық қант зауыттарының жұмысы тоқтатып, 6 мыңдай адамды ақысыз демалысқа кеткенін ресми түрде жария етті. Масқара болғанда, Ресейдің Қазақстанға қант экспорттайтын зауыттары қосымша құн салығынан толығымен босатылған, ал жергілікті өндірушілер ондай жеңілдік қарастырылмаған. Сондай-ақ,  Ресейдің қант өндірушілері үшін теміржол тарифі 1 тоннаға 25 доллар болса, қазақстандық өндірушілер үшін 95 доллар. Ал, нан өнімдерін шығарушылар да заңдағы қитұрқылықтарға байланысты жеңілдіктер ала алмауда.

    Ал мал азығын дайындауелімізде мүлде  ұмытылған. Қазір мал азығын дайындайтын бірде бір кәсіпорын жоқ. Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiкке мүше болған еліміздің тауар өндiрушiлерінiң мүддесiн қорғау ерекше талқыланды. Мәселен, Ресейдің ет өндірушілері Қазақстанның ет өнімдерін Ресейге экспорттауға кедергі келтіре отырып, Қазақстан нарығына Ресей аумағы арқылы үшінші мемлекеттің, көбінесе Аргентина мен Қытайдың етін толтырып отырғанын жеткізді. Пікірталастың қорытындысы бойынша кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын артқа тартып отырған жайттарды шешудің нақты жолдарын көрсетіп, Үкіметке үндеу жолдауға келісті. Қазір оған 20 мыңнан астам кәсіпкер қол қойып үлгерген.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений