Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Аймақ тынысы

    Женис КАЗИЕВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының СҚО филиалының төрағасы.

    Қымбатшылықтың салқыны

    Күн райы қоңыр салқын Солтүстік Қазақстан облысында бағаның қызуы бет қаратпай тұр. Әсіресе, азық-түлік пен жанар-жағармайдың бағасы жалына қол тигізер емес. АИ-82 маркалы бензиннің бағасы 108 теңгеден саудалануда. Жағдайды күні бұрын ойлайтын солтүстіктегі тиянақты жүргізушілер үйлеріндегі бөшкелерін жан-жағармайға толтырып жатыр. Олардың мұндай қадамға баруының өзіндік себебі де жоқ емес. Солтүстік Қазақстан облысы Ресеймен қоңсылас қонған аймақ. Еліміз Кедендік одаққа мүше болғалы бері Ресейдің кәсіпкерлері шекаралас облыстарға келіп, арзан жанар-жағармай мен азық-түлік өнімдерін орындарынан түп көтеріп сатып алып кетуде. Кедендік одақтың арқасында Ресейдегі қымбатшылық шекаралас облыстарды да күн санап титықтатып барады. Бұған тосқауыл қоятын жергілікті билік орындарынан қайран жоқ. Қымбатшылықтың өріс алуына бюджет қызметкерлерінің жалақысының 30 пайызға өсуі де қамшы болып тигенін айтуға тиіспіз. Бұл жағдай өз кезегінде аймақтағы кәсіпкерлерге де оңай тиіп отырған жоқ. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының СҚО филиалына мүше шағын және орта бизнес өкілдері еліміздегі шағын кәсіпкерлердің мәселесімен айналысатын жеке дара агенттік құрып, істі бақалауға алудың мәні зор екенін айтып жүр. Бүгінде Кедендік одақтың пайдалы және пайдасыз тұстарын шекаралас аймақтағы кәсіпкерлер бірден аңғарғаны белгілі. Сондықтан олар Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының елімізде шағын және орта бизнесті қолдайтын жеке агенттік құру турасындағы ойын қызу қолдап отыр.  Сондай-ақ, облысымыздағы кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы тек ірі кәсіпорындарды қолдауға бағытталғанын айтып, билікке өз реніштерін білдіруді. Үкімет дағдарыстан енді ғана ес жиған шағын кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа бағдарламасын дайындауды талап етуде. Облысымызда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 13 өтініш қана қанағаттандырылған. Өтініштерді ірі кәсіпорындар берген. Олардың арасында шағын кәсіпкерлер мүлде жоқ. Ал құрамында 5-6 жұмысшысы бар ешқандай өнім өндірмейтін жеке кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауынсыз, өз қотырын өздері қасып жатыр. Егер шағын және орта бизнесті қолдайтын агенттік құрылып жатса, олардың арыз-армандары жоғары жаққа жетер еді. Бұл енді кәсіпкерлердің басты арманы болып тұр.

    Петропавл қаласы

    Светлана ПЕТРЯКОВА, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының Қостанай облысындағы филиалының төрайымы.

    Кедендік одақ және саяжай

    Қазір Қостанайға келе қалсаңыз, қоғамдық көлікте қол дорбаларын арқалып, ары-бері қайшалысқан халықты көресіз. Жасырып керегі не, жұрттың бәрінің дорба арқалып, көше кезіп кетуіне қымбатшылық себепші болып тұр. Облысымызда алдымен жанар-жағармайдың бағасы қымбаттады. Содан кейін азық-түліктің бағасы бас білмейтін шу асаудай жөнеп берді. Өңірде мұндай алашапқын дүрлігістің орын алуына еліміздің Кедендік одаққа мүше болғаны отқа май құю түскені белгілі. Өз кезегінде қала тұрғындары саяжайларына қыс бойы жейтін көкөністерін егіп, азығын қамдауға көшкен. Базардағы көкөністің бағасы удай. Оның үстіне ертең қыс түскенде көрші Ресейдің кәсіпкерлері бәрін сипап, алып кетуі мүмкін. Сол себепті биыл қостанайлықтар қараусыз қалған саяжайларына бет бұрып, көкөніс егіп, қыстың қамын жазда ойлауға көшкен. Мұндай жағдай іргедегі Рудный қаласында да орын алуда.

    Еліміздің Кедендік одаққа мүше болуы бухгалтерлердің жұмысын біршама ауырлата түсті. Бұрындары экспортқа шығарылатын тауарлардың құжатын кеден қызметкерлері рәсімдейтін. Енді бұл іспен бухгалтерлер айналысуда. Ай сайынғы 320 және 328 формадағы есепті тапсырудың өзі мұңға айналып отырғанын жасырудың жөні жоқ. Кедендік одаққа мүше болғалы бері Белорустен жиһаздар бұрынғыдан да көптен келіп жатыр. Ресей тарапынан да көптеген тауарларды сатып алып жатырмыз. Қостанай облысының басты байлығы дәнді-дақылдар сол баяғыша Иран, Ауғанстан, Тәжікстан елдеріне тасымалдануда. Ресей біздің астығымызға алақан жайып отырған жоқ. Олардың өз астығы өзіне толық жетеді. Осыдан-ақ, Кедендік одақтың облысымызға тигізіп жатқан пайдасы жоқ екенін аңғаруға болады. Жекелеген адамдар да бұл одақтың пайдасын көріп отырған жоқ. Ресейге барсаңыз шекарашылар сағаттап тұрып тексереді. Ресейде тіркеусіз үш күннен артық бола алмайсың. Осындай жайттарды саралағанда Кедендік одақтың пайдасы қандай деп басың қатады екен.

    Рудный қаласы

    Мұрат ХАЙРУШЕВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының Маң-ғыстау облысындағы филиалының төрағасы.

    Мемлекет қаржысынан шүлен тарату

    Жақында банктер Маңғыстау өңірі үшін 7,6 млрд. теңгенің несиесін ұсынған болатын. Әрине, мемлекеттің көмек қаржысына бірінші кезекте ірі кәсіпорындар ие болғаны белгілі. Кәсіпкерлерге бөлінген 161 млрд. теңгені бауырына басқан облыстық әкімдік, жарты жылда аталған қаржыдан 16,6 млрд. теңге салық алып, «пайда» тапқанында айта кетейік. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 53 мың кәсіпкерлік нысандары бар деп есептелінеді. Оның 40 мың жеке кәсіпкерлер құрайтыны белгілі. Ал 4 мыңы ірі акционерлік қоғамдар мен ірі серіктестер. Бұл нысандар облыстық бюджетті қазынаға толтыруда көп еңбектенуде. Ал «Даму» қорының аймақтық филаиалы кәсіпкерлерге 208 млн. теңгеден несие бөлуге дайын екенін жарияға жар салып жатыр. Мұндай қаржыны жеке кәсіпкерге бермейтіні белгілі. Бұл ретте тағы да ірі кәсіпорындардың аузы майланады. Осындай қарама-қайшы әркеттерді көргеннен кейін маңғыстаулық шағын кәсіпкерлер өздерінің мәселесімен тікелей айналысатын агенттіктің қажеттігін қатты сезіну-де. Қазір аймақтағы жеке кәсіпкерлер мемлекеттің несиесін алу үшін «әкімдік-Даму-банк» арасындағы тізбектелген моншақтың сынынан сүрінбей өтуі тиіс. Әкімдік пен «Даму» қорының ақ батасын алған кәсіпкерлердің банктердің алдында сүрініп, мемлекеттің көмек қаржысынан қағылып жатқаны жасырын емес. Сондықтан мемлекеттің қаржысын әкімдік пен «Дамудың» ауласында қонақтатып, оларға салық деп шүлен таратудың қажеті жоқ. Аталған билік орынындағылардың әрқайсы өзінің үлесін алып қалуға тырысады. Олардың елімізде шағын және орта бизнес дамысын деген ниеті жоқ. Сондықтан мемлекеттің көмек қаржысын кәсіпкерлерге жеткізудің тікелей жолын тапқан абзал. Қазіргі таңда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының еліміздің барлық аймағында бөлімшелері жұмыс істейді. Сондықтан бұл ақшаны әкімшілік пен банктердің қолына тапсырмай бірден сол филиалдарға аударған жөн. Сонда банктердің қосатын пайыздық үстемесі болмас еді. Бұдан басқа билік шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жолдарын қарастыруы керек.

    Ақтау қаласы

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений