Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    Айдың арғы беті

    Американда ынталы, шешімтал, білімді әрбір адам өз кәсібін ашып, оны дамытуға мүдделі. АҚШ-тың шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, барлық сала бойынша қызмет етушілердің 52 пайызы шағын кәсіпкерлер екенін байқадық. Шағын бизнес АҚШ экономикасы үшін тұрақты дамудың негізі болып табылады.

    IMG_9619Соңғы уақыттары АҚШ-та нәзік жандылардың шағын кәсіпкерлікке құлаш ұруы айрықша байқалып тұр. Біздер АҚШ-қа сапар шеккенімізде кәсіпкер әйелдер істі тиімді ұйымдастырып, оң нәтижеге қол жеткізетінін байқадық. Сондай-ақ, АҚШ-тың көп-теген қалаларында шағын кәсіпкерлік сырттан келген иммигаранттардың есебінен жақсы дамып жатқанын айтуға тиіспіз. Көк теңіздің арғы жағында тұрып әлемді аузына қаратып отырған алып елдегі шағын кәсіпкерлік біздің елдегіден ешқандай айырмашылығы жоқ. АҚШ-ғы шағын кәсіпкерлік көптегенадамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, Америкада отбасы бизнесі жақсы дамыған. Олар өз кәсіпктерін ардақтап «әке-шеше» деп атайды. Сондықтан американдықтар  еш уақытта өзінің ісін тастаған емес.

    Армеикаға барған сапарымызда мұнда қол арбалармен тамақ сату кең тарағанын байқадық. Шағын кәсіптің бұл түрі барлық штатқа тарған. Бірақ әр штатта бұл кәсіпті реттеудің өзіндік өзгешелігі бар. Мәселен Техас штатында жедел тамақтанатын нысан ашқан адам әжетханасын қатар қоса ашуға міндетті. Қомақты қаржысы бар адамдар үлкен трейлрлер сатып алып, ісін кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Жылжымалы құрамның үстіне орнатылған мейрамханалар клиенттерін өздері іздеп барады. Мұндай мейрамханалар көбінде өз тұтынушыларына дисерттер ұсынады екен. Кәсіпкерлер жылжымалы мейрамхана ашу үшін штат губернаторынан болмаса қала мэриясынан тиісті рұқсатын алса болғаны. Билік орындарынан алынатын рұқсаттардың басым бөлігі санитариялық тазалақ мәселесіне қатысты болатынын айта кетуіміз. Өз кезегінде құзырлы орындар шағын кәсіпкерлердің соңдарынан шырақ алып түспейді. Соңғы уақытта АҚШ-та жедел паркингтер бизнесі де табысты дамып келе жатқанын айтуға болады. Бұл іспен айналысатын шағын кәспкерлер 4-5 қабатты паркингтерді саябақтардың айналасына орналастырып, қаптаған көліктердің реттеуге атсалысып отыр. Мұндай іс-тәжірибені біздің Алматы мен Астана қалаларында дамытудың мәні зор. Пайданауға қолайлы мұндай пркингтер көп те жерді алмайды.   

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений