Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Ситуация

    6 айда 6 мың кәсiпкердiң құқы бұзылған

    Бас прокуратура жыл басынан бері 6 мыңға жуық кәсіпкерлікпен байланысты заңдардың бұзылу жағдайларын анықтады. Бұл туралы журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

    6a00d83452c78269e2010534db323e970b-800wiҚазір кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Бас прокуратураның басты назарында. «Осыған байланысты биылғы жылдың басынан бері прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 4 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалып, прокурорлардың наразылығынан кейін, кәсіпкерлердің құқықтарымен байланысты 350-ден астам заңсыз актілердің күші жойылды», – деді ресми өкіл. Оның айтуынша, прокурорлар бақылайтын басты мәселелердің бірібизнеске әкімшілік қысым көрсету әрекеттерінің жолын кесу болып табылады. «Осы мақсатта Тараз қаласының прокурорлары салық органдарының 20-дан астам шаруашылық субъектілерінің банк есепшоттарының қызметін тоқтату жөніндегі заңсыз шешімінің күшін жою бойынша шаралар қолданды», – деді ресми өкіл.

    Ағымдағы жылы кәсіпкерлік туралы заңдарды бұзудың 6 000 жуық фактісі анықталып, прокурорлық ықпал ету шаралары арқылы 4 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтары қорғалған. Прокурорлардың қадағалау қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі – бизнеске әкімшілік қысым көрсетудің формаларын анықтау және жолын кесу болып табылады. Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық маңызы елеусіз және жоспарлы тексеруден жылына бір рет қана өтуі тиіс 20-дан астам кәсіпкерлік субъектілерін тоқсан сайын тексергенін бақылаушы органды таңқалдырған. Елімізде барлық аумағында кәсіпкерлердің дабыл қағысымен дереу келіп, тексерушінің заңсыз іс-әрекетінің жолын кесетін прокурорлардың жедел топтарының жұмысы ұйымдастырылған. Жыл басынан бастап ұтқыр топтардың сенім телефонына 260 астам кәсіпкер хабарласып, 150 заңсыз тексеру жөніндегі мәлімет расталды. Сонымен қатар осы жылдың сәуір айында енгізілген «Бизнес тірегі» жобасы да табысты жүзеге асырылуда. Аталған жоба шеңберінде кәсіпкер интернет-ресурс немесе ұялы байланыс арқылы тексеруді тіркеу туралы білуге, тексеруші мен тексерілушінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы жадынамамен танысуға, сондай-ақ тексеруге байланысты заң бұзушылықтар жөнінде дереу хабарлауға мүмкіндік алғанын айта кетуіміз керек. Бұл жоба 6 ай ішінде 2,5 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсеткен.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений