Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Образование

    Сыр бойында жекеменшік балабақша дамып келеді

    Қызылорда облысына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен «Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» тақырыбында өткен республикалық семинар болып өтті аталған шараға Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдарының директоры Роза Садықова да қатысып қайтты.

    image159Сыр өңірінен арнайы келген қонақтар алдымен Сырдария ауданының Бесарық ауылына барды. Бесарық аудан ғана емес, облыс шеңберіндегі көрікті ауылдардың бірі. Гүл-майсасы жайқалып, қауыздарынан су атқылап, мәдениет үйі жаңарып, мектебі жарқырап тұрған ауыл. Былтыр осы ауылда Мәдәлі, Мағауия, Марғұлан атты үшем дүниеге келген болатын. Қазақ о бастан ырымшыл халық емес пе? Үшемнің ата-ана­сы мәртебелі меймандардың алдынан балаларын алып шықты. Сөйтіп тұсауын кесіп беруді өтінді. Осылайша, үш нәрестенің тұсауын Ербол Орынбаев, Бақытжан Жұмағұлов, облыс басшысы Болатбек Қуандықовтар кесті. Ел ағалары да құрқол келмепті. Олар үшемнің ата-анасына жаңа үйдің кілтін табыс етті. Шара барысында қонақтар биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен «Бөбек» балабақшасының жұмысымен танысты. Қызылорда қаласында 300 орындықты «Шұғыла» жеке меншік балабақшасы ашылған болатын. Оны ашқан «Нұрай» серіктестігінің басшысы, белгілі кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев. Астаналық қонақтар осы балабақшаның ашылуына да қатысты. Балабақша 12 топқа арналған. Акт залы, қауыз, ойын және жатын бөлмесі, асха­насы бар. Шыны керек, балабақшаның ғимараты анау-мынау колледждің ғимаратынан кем емес. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған топ мұнан кейін «Назым» жеке меншік балабақшасына барды. Бұл бақша 2009 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар «Назым» ең алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тапсырыс берілген балабақшаның бірі. Балабақша облыстық бюджеттен 70 пайызға дейін мемлекеттік тапсырыс алып отыр.

    Біраз білім ордаларын аралғаннан кейін арнайы делегация Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру» тақырыбында республикалық семинар болды. Семинардың жұмысы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, қазақстандық мектепке дейінгі білім берудің инвестициялық тартымдылығының шарты ретінде» тақырыбындағы көрме жұмысымен танысумен басталды. Көрменің мақсаты еліміздегі кәсіпкерлік өкілдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында іскерлік және серіктестік байланыстарды орнатуда мектепке дейінгі білім беруде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің перспективалы және өзекті бағыттарын көрсету болып табылады.

    Бұл жиынның Қызылордада өтуінің өзіндік себептері бар. Өйткені республика бойынша алғаш рет 2009 жылдан бастап жекеменшік балабақшаға облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс берілген болатын. Осыған орай, облысымызда мектепке дейінгі мекемемен қамту деңгейі өсіп отыр. Облыста бүгінгі күні 319 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Онда 20233 бала тәрбиеленуде. Облыстағы 3-6 жастағы баланың мектепке дейінгі ұйымға тартылуы 56,5 пайызды құрап отыр. 319 мектепке дейінгі ұйымның 179-ы балабақша, 140 мектепке дейінгі шағын орталық. Жылдан-жылға аймақта жеке меншік балабақшалар желісі өсіп келеді. Облыс бойынша 2008 жылы 5 жеке меншік балабақша болса, қазір жеке меншік балабақшаның саны 54-ке жетті. Семинардан соң қонақтар «Назарбаев интеллектуалдық» мектебінің» құрылысымен танысты. Мектепте 120 оқушыға арналған жатын орын бар. Интеллектуалдық мектеп химия-биология бағытын тереңдетіп оқытады. Шара соңында журналистермен жолыққан Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев пен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өңірде атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений