Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Образование

    Оқушылар білім грантына ие болды

    IMG_1128Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы жанындағы Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдарының қауымдастығы еліміздегі жекменшік білім ордаларының заман талабына сай, бәсекелестікке қабілетті болуы үшін көптеген жұмыстар атқаруда. Тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болған жекеменшік оқу орындарын қазақ қоғамының үрке қарағаны рас. Өйткені тегін білім алуға үйренген ел ақысын төлеп оқуға түсу дегенмен келіскісі келмеді. Содан ба екен нарық заманына сай пайда болған жекеменшік білім беру жүйесін қалыптастыру оңайға түспегені анық. 2006 жылы іргесі қаланған Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы осы мәселені шешу үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп, қазіргі таңда зор жетістікке жетіп отырғанын айтуға тиіспіз. Жаңа оқу жылы қарсаңында қауымдастық ұйымға мүше жекеменшік білім ордаларында оқып жүрген жас жеткіншектер арасында байқау өткізіп, түлектерге білім грантын табыс етті. Шараға журналистер, жекменшік білім беру ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар қатысты.

    Бірден айтуымыз керек байқауға қауымдастыққа мүше білім ордаларында білім алып жүрген жастар қатысты. Қауымдастық директоры Роза Садықованың айтуынша, о баста Ұлыбританияда білім алуды армандаға 30-дан астам жас жеткіншке  байқауға қатысқан. Нәтижесінде үш жеткіншек тұманды Альбионда оқу мүмкіндігіне ие болғанын айтуға тиіспіз. Өз кезегінде мамыр айында байқауға қатысушылар тест тапсырып, өздерінің бақтарын сынаған болатын. Жекеменшік білім беру ұйымдарының қауымдастығы аталмыш байқауды «Интеллект» консултативті білім беру компаниясымен бірлесіп іске асырған. Өз кезегінде ағылшындардың «ABBEY DLD» компаниясы қазақстандық әріптестерінің жоба-жоспарын іске асыру үшін 100 мың фут стрилинг көлемнеде қаржы бөлгенін қауымдастық басшысы мәлім етті. Байқау нәтижесінде екі жас жеткішек 2 жыл Ұлыбританияда тегін білім алу мүмкіндігіне ие болса, ағылшындар тағы 7 оқу шығынының жартысын көтеруді мойнына алғанын айта кетуіміз керек.  Еуропа төрінде білім алу бақытына иа болған «Тұран» мектебінің түлегі Анна Халидис Роза Садықова өз қолымен білім грантын табыс етті. Осы ретте айта кетуіміз керек, байқауға Астана, Алматы, Шымкент қаласының жас жеткіншектері белсені қатысыпты.  Жиын барысында қауымдастық басшысы алдағы уақытта Ұлыбританияға барып, ондағы әріптестерімен іс-тәжрибе алмасуға баратындығын мәлім етті. «Интеллект» консултаивті білім беру компаниясының атқарушы директоры Айгүл Есжанова «Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығымен мұндай жетістікке қол жеткізіп отырғынымыз бірінші рет. Бұл степендия еліміздегі білім ордаларының арасында зор қызығушылық туғызып отырғанын айта кетуіміз керек. Алдағы уақытта қазақ жастарының шетелдің алдыңғы қатарлы білім ордаларында оқуы үшін түрлі степндияларды тауып, жастардың сапалы білім алуына бар күшімізді саламыз», – деп өзінің қуанышын жасырған жоқ. Осылайша жекемншік білім ордаларында білім алып жүрген жас жеткіншектер өздерінің жан-жақты білім алғанын қоғам алдында нақты іспен дәлелдеп бергеніне куә болдық. Басқосуға қатысқан ата-аналар мұндай пайдалы байқауды ұйымдастырған қауымдастық пен білім ордаларының өкілдеріне алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ, басқосуда білім беру саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зор жетістіктерге жеткен Әлия Мырзахметованы мерейтойымен әріптестері шын жүректен құттықтағанын айта кетуіміз керек.

    Қазіргі таңда Қазақстанда жекеменшік білім беру саласында 115 мектеп, 369 колледж бен лицей, 367 балабақша мен 70 ЖОО жұмыс істейді екен. Қауымдастық солардың екі жүзден астамының басын біріктіріп отыр. Бірақ ол ұйымдарға консультативтік тұрғыдан ғана болмаса, олардағы білім беру сапасының стандарттарға сай болуын қадағалап, реттеу құзырына ие емес. Ал шет мемлекеттерде жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастықтарына ондай құзырет заңмен берілген көрінеді.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений