Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (74)
  • 2011 (128)
  • 2010 (43)
  • 2009 (88)
  • Мнения, обращения - Образование

    Немiс сапасы

    _DSC7217Жастарға заман талабына сай кәсіптік-техникалық білім беру бүгінде маңғызды міндеттердің біріне айналып отыр. Тәуелсіздік алғалы бері елімізде кәсіптік білім беру саласының сапасы сын көтермей кеткені жасырын емес. Еліміз индустриялды-инновациялық даму бағдарламаласын қолға алғалы бері кәсіптік-техникалық мамандықтарға сұраныс артқан соң, Үкімет бұл мәселеге енді ғана бет бұра бастағаны белгілі. Бұл бағытта ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы бағдарлама қабылдап, қызу жұмысқа кірісіп те кетті. Осы ретте кәсіптік білім беру саласын дамытуға Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы жанындағы Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдарының қауымдастығы да белсене қатысуда. Өз кезегінде қауымдастық қызметкерлері өздеріне мүше колледждер мен кәсіптік мектептердің басшыларын жинап, «Кәсіптік-техникалық білім беру саласына неміс сапасын енгізу» деген тақырыпта семинар мен  баспасөз мәслихатын өткізгенін атап айтуға болады. Аталмыш басқосуларға Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Темір Назханов, ГерманияныңТрир қаласы қолөнер шеберлері палатасының өкілі Карел Криз, SEQUA неміс жұмыс берушілер одағының өкілі Анастасия Тульке, Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдарының директоры Роза Садықова, Шымкенттегі № 3 лицейдің директоры Нұрлан Шилібаев қатысты.

    Осылайша Респбликалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы үлкен істі қолға алып, қызу жұмысқа кірісіп кетті. Өркендеген өндірісімен әлемнің назарын өзіне аударып отырған Германияның іс-тәжірибесіне сүйеніп, әрекет істеу сөз жоқ табысқа жетелейтіні анық. Семинарға қатысқанымызда Германиядан арнайы  келген мамандар немістердің білім беру саласындағы жетістіктерін айна қатесіз көшіріп алудың жөні жоқтығын, мұны Қазақстанға тән өзіндік іс-тәжірибемен ұштастыру керектігін тілге тиек етті.

    2011 жылғы 1 қаңтарда елімізде 894 кәсіптік білім беру оқу орындарында 603,8 мың адам тәлім алған. Кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алған жастардың көпшілігі оқу орындарын аяқтаған кейін, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмағанын да жасырудың жөні жоқ.  Өйткені одағы білім сапасы нашар және колледждер мен арнай оқу орындардың өндіріспен байланысы жоқ. Осыдан кейін кадр мәселесі өздігінен туындайтыны белгілі. Алдағы уақытта Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы мен Германияның Трир қаласының қолөнер шеберлерінің палатасы келісімге сай 3 жыл бойына қауымдастыққа мүше оқу орындарда тәлім беріп жүрген ұзтаздардың Германияда білігін шыңдау мүмкіндік туғызып отыр. Осы ретте бұл жобаға Алматы, Семей және Шымкент қалаларындағы кәсіптік білім беретін оқу орындардың өкілдері қатысатынын айта кетуіміз керек. Алыстағы Алманияда ат терлетіп келген мамандар егер іс-тәжрибе жемісін беріп жатса жоба 2014 жылдан кейін де жалғасын табатынын айтып қалды. Ендігі кезекте неміс сапасын Қазақстанда іске асыру керек. Карел Крис мырза бұған Трир қаласының қолөнер шеберлері палатасы барынша қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. Бұл жобаның іске асуына екі елдің білім беру саласындағы ведмоствасы басшыларының қол қойған меморандумы себепші болғанын да айта кетуіміз керек. Аталмыш жоба кәсіптік-техникалық  мамандықтың маңызды бөлігі болып саналатын, құрылыс пен автомиханик мамандарын дяарлауға бағытталып отыр.

    Баспасөз мәслихатында Сауда өнеркәсіп палатасының өкілі Татьяна Жданова бұл жобаны қуана қолдайтынын айтты. Ол Трир қаласы келген қонақтарға туризм мамандарына арналған кәсіби стандарттар болса, әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.  Баспасөз мәслихатына қатысқан журналистер қауымы «Германияның оқу орындары қазақстандық оқтыушылардың білігін көтеріп, оны өздеріңізге «гастарбайтер» қылып жұмысқа қабалдап алмайсыздар ма?» деп көпшіліктің көкейдегі сұрақты қойды. Өз кезегінде Трир қаласы қолөнер шеберлері палатасының өкілі Карел Криз мырза:

    - 2020 жылы Германияда білікті жұмысшы мамандардың жетіспеушілігі шырқау шегіне жететінін сіздерден жасырмаймын. Ол кезде бізге шамамен 5 миллионға жуық маман қажет болады. Өз басым неміс сапасы бойынша білім алған қазақстандық кадрлардың Германияға келіп жұмыс істеуінен ешқандай сөкетті көрмеймін. 70-80 жылдардан бері Германияға келіп жұмыс істеп, зор тәжірибе жинаған түріктер қазір өз елінің экономикасын қалай көтеріп отырғанын барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Сондықтан екі жақты әріптестіктің дамуы екі елге де пайдалы деп ойлаймын. Ең бастысы қазақстандық мамандар неміс мамандарымен тең дәрежеде айлық алып, бәсекелестік деңгейге жетуі маңызды, - деп өз ойын ортаға салды. Бұл сұраққа SEQUA неміс жұмысберушілер одағының өкілі Анастасия Тульке де өз ойын айтты.

    - Бірден айтуымыз керек, бұл жоба Германиядағы жұмысшы күші жетіспеушілігі мәселесіне қатысы жоқ. Германияда өндірісті автоматтандыру мен компьютрлендіру жыл сайын жоғары деңгейде дамып келеді. Қазіргі таңда еліміз білікті мамандарды дайындауда Еуропада көшбасшы мемлекетке айналып отыр. Біз өзіміздің зор тәжіріибемізді экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақ елімен бөлісуге ықыластымыз. Біздің Қазақстанды таңдауымызға елдеріңіздегі өндіріс ошақтарындағы құрал-жабдықтардың басым бөлігі Германияда әкелінгені де себепші болды. Алдағы уақытта Германиядан маман шақыртпай-ақ, неміс технологиясымен жұмыс істей беретін боласызда.

    Жиынға қатысқан Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Темір Назханов еліміздегі кәсіптік-техникалық маман дайындайтын ұстаздардың Германияда біліктілігін арттыруы еліміз үшін өте пайдалы болатынын алға тартты. «Кеңес өкіметі күйрегеннен кейін Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру саласының сапасы сын көтермейтін дәрежеге жетті. Үкіметтің өзі бұл мәселеге таяуда ғана көңіл бөле бастады. Сондықтан біздің жұмысшы кадрларымыз Германия ауа көшеді деп қашпаған сиырдан уыз күткендей болмайық»,  - деп жұртты эмоциямен қарамау керектігін айтты.

    Ал екі күнге созылған семинар барысында кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындар мен өндіріс ошақтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесі қызу талқыған түскені белгілі. Өз кезегінде қазақстандық мамандар «Қазақстанда білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасында байланыс жоқ десек болады. Жұмыс берушілердің басым бөлігі шағын болғандықтан олар имидж, қызметкерлерінің біліктілігін көтеру сында мәселелермен бас ауыртпайды. Бұл саланың білікті маманы ретінде екі тарапты қалай байланыстырудың жолын айтсаңыз?», - деген еді. Өз кезегінде Карел Криз:

    - Мұндай мәселелермен кезінде Германия да бетпе-бет келген болатын. Тіпті, қазірді кездесіп жатады десем, артық айтқандық болмас еді. Кәсібін жан-жақты дамытуды ойлайтын кәсіпорын иелері білікті маман дайындау мәселесіне жете көңіл бөлетіні сөзсіз. Өкінішке орай, жұрттың бәрі бірдей ойламайды. Германияда бұл мәселені Жұмыс берушілер одағы мен Қолөнер шеберлері палаталарының күшімен шешілуде. Германиядағы қоғамдық ұйымдар жыл сайын жұмыс беруші мен кәсіби маман дайындаушы тараптардың басын қосып, дөңгелек үстел өткізіп тұрады. Басқосуда екі тараптың да ой-пікірлері тыңдалады. Жиында негізінен жұмыс берушінің маман дайындаушы оқу орындарға қоятын талабы жан-жақты талқыланатыны белгілі. Осылайша екі жақ ортақ бір шешімге келді. Қазір экономика көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанын бәріміз білеміз. Сондықтан оқу орындар кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістік оқу базасын жаңаратып отыруы тиіс. Германиядағы кәсіпорындардың жанында кәсіптік-техникалық маман дайындайтын оқу орындармен үнемі байланысып тұратын бөлімдер жұмыс істейді. Бұл - бөлімдер кәсіпорынның оқу орындарға қоятын талабын және студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу мәселесімен айналысады, - деп Германиядан келген тәжірибелі маман өз еліндегі жетістіктерін байыппен баяндап берді.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений