Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мнения, обращения - Малый и средний бизнес

    Жаңа бастама қаншалықты іске асады?

    Жаңа тіркелген бизнес субъектілерін 3 жыл бойы мемлекеттік органның тексеруіне заңнамалық тыйым салу керек. Төртінші рет шақырылған Парламенттің бесінші сессиясында Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой айтты.Елбасының еліміздегі бизнес климатты жақсартуға қатысты бұған дейінде көкейге қонымды пікір айтып жүргенін  білеміз. Бірақ жоғарыдан басталған «жақсы иделяларды» іске асыруда атқамінерлердің селқостық танытатыны жасырын емес.

    Жаңадан құрылған шағын кәсіпкерлерді бірнеше жылға дейін тексермеу турасындағы бастаманы бұған дейін Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов та тілге тиек еткені есімізде. Ведмоства басшысы өз кезегінде «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулардың енгізудің маңызы зор екенін алға тартқан болатын. Жалпы билік орындарының шағын және орта бизнесті оңтайландыру бағытындағы жұмыстарының соңы сиырқұймышықтанып кететінін бәріміз де білеміз. Бүгінде мемлекет тарапынан жасалынатын тексерулер  мен кәсіпкерлерге берілетін жаза түрлерін жұмсартудың маңызы зор. Жаңадан ашылған бизнестің бастапқыда бірден табыс тауып кетпейтіні белгілі. Сондықтан билік орындарының жаңа кәсіппен айналысқан кәсіпкерлердің аяққа тұрып кетуі үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Дегенмен Елбасының пікірінен кейін кейбіреулер «егер жаңадан ашылған кәсіпкерлік субъектілерді тексеру үш жылға дейін жүргізілмесе тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпкерлер сапасыз, арзан тамақ өнімдерін дайындап, халықтың денсаулығын «нұқсан» келтіруі мүмкін деп өздерінің байламдарын да айтып үлгергені белгілі. Кәсіпкерлік салаға бет бұрған адамның бизнесін жандандыру үшін жанын салып жұмыс істейтіні белгілі. Сондықтан қадағалаушы органдардың кәсіпкерлер өз ісіне адалдық танытпайды деп алаңдаушылық танытуының жөні жоқ.  

    Темір НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

    – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің кезекті сессиясында айтқан ұсынсын атқарушы орындардың толықтай іске асырады дегенге сенбеймін. Жалпы шағын кәсіпкерлікке қатысты мәселе бүгін ғана туындап отырған жоқ. Еліміздегі бизнес қауымдастықтар Президент атап көрсеткен мәселені баяғыдан көтеріп келе жатқынын жұртшылық жақсы білетіне сенімдімін. Әрине, Мемлекет басшысы бизнестің дамуына қатысты ойларына құрметпен қараймын, әрі жоғары бағалаймын. Дегенмен атқарушы органдар жақсы бастамалардың көпшілігінің өз деңгейінде іске асырмайтыны жасырын емес. Айталық, «бір терезе» қағидасын алайықшы. Шындығында бұл өркениетті елдерде жақсы қырымен танылған іс-тәжірибе. Бірақ бұл жүйенің елімізде бағы жанбай-ақ қойды. Өз басым аталған жүйе Алматыдан басқа өңірлерде толықтай іске асып, халыққа пайдасын тигізіп отыр деп айта алмаймын. Атқарушы билік өкілдері кез келген жақсы бастаманы айналып өтетінін көзіміз көріп жүр. Жақында АҚШ-қа барғанымда ол жақта шағын және орта бизнестің мүддесін қорғауда қоғамдық ұйымдар айрықша белсенділік танытып отырғанын байқадым. Бүкіл Америкада түрлі бағытта бизнестің мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік қадағалаушы органдардың арасында тығыз қарам-қатынас орнаған. Ал бізде керісінше қадағалаушы органдар бизнес қауымдастықтардың өкілімен кездесуден қашады. Меніңше, билік орындары бизнес қауымдастықтармен үнемі байланыста болып, олардың ой-пікіріне құлақ асып отыруы керек. Сонда ғана еліміздегі шағын және орта бизнестің көсегесі көгеретін болады.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений