Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мероприятия - Международные встречи

    _DSC2917
    Польшаның
    Мазовии воеводствсын (аймақ) дамыту агенттігі Қазақстанның Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығымен екі жақты ынтымақтастық орнатып, қос елдің шағын және орта бизнесінің байланысын кеңейту үшін көптеген жұмыстар атқарып келеді. Жақында Алматыда Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының ұйытқы болуымен қазақ-поляк бизнес форумы болып өтті. Осылайша екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері арадағы экономикалық қарым-қатынасты жоғары деңгейде дамыту мүмкіндігіне ие болғанын айтуға тиіспіз.

    Польша Шығыс Еуропада экономикасы жоғары деңгейде дамыған Қазақстанның басты серіктесі екені белгілі. Сондықтан еліміз әрқашанда аталмыш елмен экономикалық тұрғыдан ынтмақтасуға әзір. Осы ретте бұл іске Польшаның Алматыдағы консулдығы айрықша еңбек сіңіріп жүргенін айта кетуіміз керек.

    Өз кезегінде Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы да кәсіпкерлік саладағы байланысты тереңдетуге Қазақстан тарапынан дәнекер болып жүр. Мазовии воеводствсы мен Ақмола облысы 2007 жылы екі жақты экономикалық байланысты дамыту бағытында бірнеше құжатқа қол қойған болатын. Ал 2011 жылдың басында Польша Республикасы Мазовии воеводствосының делегациясы Ақмола облысында арнайы сапармен тағыда ат шалдырып қайтқанын айта кетуіміз керек. Маршал Адам Струзик бастап барған делегация Ақмола облысы, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен және ҚР Парламент Сенатында,  кәсіпкерлік пен инвестицияны қолдау институттары - «Kaznex Invest» пен «Даму» қорында сондай-ақ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығында маңызды кездесулер өткізгені белгілі.

    Бүгінде қазақ-поляк қатынастарының негізін маңызды үкіметаралық үш маңызды келісім құрайтыны айтуға тиіспіз. Олар - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі және инвестицияларды тарту мен өзара қорғау жөніндегі келісім және қосарланған салық салуды болдырмау, табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция. Ынтымақтастықты дамытуға экономиканың басқа да салаларындағы құжаттар да оң ықпал етіп келеді.

    Польша Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Поляктар Қазақстанмен тауар айналымының көлемі бойынша Орта және Шығыс Еуропа мемлекеттері арасында топ бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, ЕуроОдақ мемлекеттері арасында Польша Қазақстанмен экономикалық байланыс бойынша 7-ші, ал, әлем мемлекеттері арасында 15-ші орында тұрған мемлекет.

    Екіжақты байланыстың қарқынды дамуы мемлекеттік даму институттарының қолдауымен бекітілген құжаттың  оң әсер етіп отырғанын айтуға тиіспіз. Қазіргі таңда Польша жеке капиталы Қазақстан экономикасының көптеген салаларында белсенді жұмыс істеп жатыр. Біздің бұл сөзімізге жүзден астам қазақ-поляк бірлескен кәсіпорындарының жұмысы айқын дәлел бола алады. Ал бұл жолғы басқосуда Польшаның мәшине жасау, жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашалығы, косметика саласында жемісті жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары Алматыға келіп, бірқатар келісмшарттарға қол қойғанынан куә болдық.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений