Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Мероприятия - Международные встречи

    _DSC2937- Біз Қазақ жеріне алғаш рет келіп отырмыз. Бұған дейін делдал фирмалар арқылы Қазақстанға бау-бақша өнімдерін шығарып келдік. Осы ретте Қазақстанның Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы мен Мазовии аймағы дамыту агенттігі ұйымдастырған бизнес-форумның мәні зор екенін айтуға тиіспін. Оның үстіне қазақстандық кәсіпкерлермен танысып, олармен тікелей жұмыс істеу бізге өте пайдалы. Қазір Қазақстан Кедендік одақтың белсенді мүшесі екенін білеміз. Бұл жағдай Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық байланысқа бәлендей әсер етпейтіні анық. Әрине, Қазақ жеріндегі шағын және орта бизнеске қатысты заңдылықтар мен талаптарды жетік білмеймін. Өз басым бұл бизнес-форумға қатысу арқылы көкейде жүрген көптеген сұрақтарыма жауап тапқандай болдым. Қазақстандағы кәсіпкерлік қатынастарды сараптағанымда мұндағы шағын және орта бизнес өкілдерімен байланысты тереңдете түсудің мәні зор екеніне көзім жетті.

     

    Бүгінде біздер Ресей мен Украинамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Қазақстанға келгенде мұнда бизнес жүргізудің Ресеймен көп ұқсастықтары бар екенін байқадым. Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатқанда қандайда бір кедергілерге тап болам деп ойламаймын Әрине, алманың отаны саналатын Алматыдай қаласы бар Қазақ жеріне алма экспорттап, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту оңай іс емес екенін түсінемін. Бізді бұл жерде қатты бәсекелестік күтіп тұрғаны белгілі. Осы ретте Қазақстан жерінің кеңдігі, оның географиялық әртүрлілігі бізге бірқатар мүмкіндіктер туғызатындай... Оның үстіне біздің бау-бақша өнімдеріміз табиғи, жесеңіз  дәмі тіл үйіреді. Қазіргі таңда әлемдік нарықта генетикасы өзгеріске ұшыраған азық-түліктер қаптап кеткені белгілі. Ал біз бау-бақша өнімдеріміздің генетикасы бұзылмаған. Мәселен, Голландияның алмасын алып сақтасаңыз ол ұзақ уақыт сақталады. Ал біздің алмалар белгілі бір мерзім аралығынан кейін бұзыла бастайды. Бұл - біздің алмалардың таза табиғи, генетикасы өзгеріске түспегенін айғақтайды. Ірі компаниялар бау-бақша өнімдеренің генетикасын өзгертіп, оларды суыққа төзімді, ұзақ уақыт сақтауға қолайлы етіп жатыр. Мұндай жеміс-жидек пен бау-бақша өнімдері адам денсаулығына зиян екені белгілі. Сондықтан біздер генетикасы ауытқыған өнімге қарсымыз. Польшада өсімдіктер мен жануарлардың генетикасын өзгертуге заңмен тыйым салынған. Сондықтан Польшада өсірілген жеміс-жейдектерді қорықпай пайдалана беруге болады.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений