Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Жаңа басшының оңды ұсынысы

    «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының кезекті съезі қарсаңында журналистерге сұхбат берген ұйымның жаңа басшысы Абылай Мырзахметов еліміздегі «Салық кодексінің» нормаларын қайта қарап, заңнаманың жаңа тұжырымдамасын қалыптастырудың қажеттілігі туындап отырғанын алға тартты.

    Соңғы үш жылда отандық кәсіпкерлердің тарапынан түскен арыз-шағымдар көрсетіп отырғандай, отандық салық заңнамасында шикі тұстар өте көп екен. Өз кезегінде «Атамекен» одағының жаңа басшысы: «Салық кодексінің» нормаларын қайта қараудың уақыты келген сияқты. Бәлкім, алдағы уақытта осы заңнаманың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Меніңше, шағын кәсіпкерлік нысандар үшін арнайы салықтық нормалар болуы тиіс. Себебі Қазақстанда бір миллионнан астам бизнес құрылымдардың ішінде 900 мыңы  – жеке кәсіпкерлер мен шағын шаруашылықтар, яғни микробизнес нысандары. Олар үшін салықтық заңнама жеңіл болғаны дұрыс. Мәселен, Францияда жаңадан ашылған кәсіпкерлер 5 жылға дейін салықтан босатылады. Бізде болса, бизнесті дамытудың осы іспетті тетіктер қарастырылмаған. Сондықтан бүгінде отандық шағын бизнес құрылымдары үшін арнайы салықтық режимді енгізіп, олардың жұмысын барынша жеңілдету қажет», - деп ойын ортаға салды. Жақында Парламент сессиясының кезекті ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған шағын кәсіпкерлердің бірнеше жылға дейін тексеруден босату турасында мәселе көтерген еді. Ал «Атамекеннің» басшысы салықтан босатуды ұсынып отыр. Бірақ бұл ұсынысқа біилікті қандай жауап қататыны белгісіз.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений