Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Тұрғын үйдің жырын айт

    Елімізде  сәтті жүзеге асып жатқан бағдарламалардың бірі ретінде Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын атауға болады. 2005-2007 және 2008-2010 жылдары қабылданған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясындағы елімізде мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлағаны белгілі. Жақында Алматы қаласы тұрғын үй басқармасының бастығы Қайрат Нұрқаділов журналистер қауымның басын қосып, Алматының іргесіндегі Алғабас елдімекенінде салынып жатқан үйлерді көрсетіп, жұрттың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.

    Басқарма бастығы журналистерге қос бағдарлама шеңберінде бір ғана Алматы қаласында  8657 пәтер салынып, пайдалануға берілгенін алға тартты. Бұл 25 мың алматылық үйлі болды деген сөз. Дегенменде мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанадан үмітті 11 мың адам әлі де кезекте тұрса, коммуналдық-кепілдік баспанадан 14 мыңнан астам адам дәмелі.

    Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен толыққанды қамту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі шаһар аумағындағы «Алғабас» және «Ақ бұлақ» аудандарының маңайына жаңа үйлер сала бастағаны белгілі. Бұл бастама қалалық қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша жүзеге асыып жатқанын айта кетуіміз керек. Бой көтерген жаңа үйлерді ең алдымен 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, сондай-ақ кепілдік баспана бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Шаһардың солтүстік-батыс аумағында орналасқан баспананың құрылысына 4 млрд. теңгені бөлінген екен. Қ. Нұрқаділов аталмыш қаржы қала бюджетінен облигациялық қарыздар есебінен алынғанын да журналистерге айтып берді. Аумағы 159 мың шаршы метрді құрайтын жаңа ықшамауданның орны бұрындары мидай дала болғаны белгілі. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатқанын өз көзімізбен көрдік. Алатау ауданына тиесілі ықшамауданда 2014 жылға қарай 87 үй бой көтеретін болады. Ал ағымдағы жылдың қазан айына дейін 15 үй, ал желтоқсанда тағыда 4 үй пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ, шағынауданда 320 орындық балабақша, отбасылық дәрігерлік амбулатория және мектеп, үш үлкен паркинг салу да жоспарда бар екенін айта кетуіміз керек. Аталған әлеуметтік нысандарды салу 2012 жылға жоспарлануда.

    5 қабаттық, эконом-класты үйлер ипотекалық стандарттар бойынша салынуда. 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасында үйдің бір шаршы метрі 72 мың теңге бағаланғаны белгілі. Ал бұл үйлердің бір шаршы метрі 102 мың теңгеге қымбаттаған. Бағаның көтерілуін Қайрат Нұрқаділов егжей-тегжейлі түсіндірді. «Алматы – пәтер мәселесі өршіп тұрған қала екені айтпаса да түсінікті. Бағамды 102 мың теңгеге көтеруіміздің себебі, ең алдымен жаңа үйлерде толыққанды жағдай жасалуымен байланысты. 2005-2007 және 2008-2011 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы бойынша пәтердің тек қана шаршы метрі есептелген еді. Ал «Алғабастан» орын тебетін баспана толықтай ыстық, суық сумен, газ, электр энергиясымен, байланыс түрлерімен қамтылады. Оның үстіне, бұл – мемлекеттік бағдарлама емес, қалалық бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын жоба. Жобаға қаржыны қалалық бюджеттен облигациялық қарыз есебімен алып отырмыз. Сол себепті қалалық әкімдік шаршы метр құнын 102 мың теңгеге көтерді. Мұндай соммаға қала аумағынан жаңа үй сатып алу мүмкін емес. «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі кезекте тұрған адамдардың банкте жиналған ақшасының үстіне 5 пайызбен, ал «Қазақстан ипотекалық компаниясы» 15 пайызбен несие беруге дайын. Яғни, егер азамат банкте жарты миллион теңге жинаса, жарты миллионды банк 20 жылға несиемен береді. Қазірдің өзінде шаршы метріне 102 мың теңге төлеп пәтер алуға 3000 азамат өтініш білдірді. Бір бөлмелі пәтердің құны 27 мың, екі бөлмелі пәтер 42 мың, ал үш бөлмелі пәтер 56 мың доллар құрайды», – деп Қайрат Заманбекұлы бәрін рет-ретімен түсіндіріп берді. Жаңа үйлердің құрылысына 16 құрылыс компаниясы атсалысып отыр. «Алғабас» ауылы қала орталығынан алшақта орналасқан. Бұл олқылықты шешу мақсатында қала әкімшілігі Момышұлы – Райымбек және Момышұлы – Рысқұлов көшелерінің қиылысында екі айналмалы көпір құрылысын салуды жоспарлап отыр. Алғашқы айналма 2012 жылы пайдалануға берілсе, екінші айналманың құрылысы 2013 жылы аяқталады деп күтілуде.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений