Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Тапсырысы болса өнімінің неше атасын шығарамыз

    Шындығын айтар болсақ, елімізде шағын және орта бизнестің арасында өндіріспен айналысып жүрген кәсіпорындар тым аз. Бұдан қазақстандық кәсіпкерлер өндіріспен айналысқысы келмейді деген ой тумауы керек. Қазір қайта керісінше индустриялды-инновациялық бағадарламалардың іске асырушы ірі компаниялармен қоян-қолтық жұмыс істеуге шағын және орта бизнес дайын. Ақыры қазақстандық кәсіпкерлердің қолынан көп іс келетінін айттық қой.

    Енді жұрттың назарын мына бір нәрсеге аударасам. Тоқырау жылдары еліміздегі өндіріс ошақтарының бәрі жұмысын тоқтатты. Ал мемлекетіміз ес жиып, Астананы салына бастағанда еліміздегі құрылыс үлкен қарқынмен дамығаны белгілі. Өз басым Астана құрылысы Қазақстанның құрылсы индустриясына айрықша серіпін берді деп айта аламын. Бір жерде цемент зауты салынса, енді бір жерде құрылысқа қажетті өнім шығаратын өзге де шағын өндіріс ошақтары бой көтерді. Шағын және орта бизнес өкілдерінің арқасында Астана салынды деп сеніммен айтуға болады. Өз басым бүгінде Қазақстанның «мақтанышы» деп жүрген ірі компаниялардың бұл іске соншалықты үлес қосты деп айта алмаймын. Бізде металургиялық ірі кәсіпорындар бар. Бірақ олар кенді қазып, білгілі бір деңгейге дейін өңдеп, шетелге сатудан әріге асқан емес. Ал құрылысқа қажетті метал бұйымдар жасайтын кәсіпорындар қажетті сымдар мен темірлерді Ресей мен Қытайдан тасымалдауда. Бұл жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді. Егер олар құрылысқа қажетті сымдар шығарса, біздер көршілерімізге алақан жаймас едік. Бұдан басқа ірі қалалардағы жылжымайтын мүлік бағасының шарықтауы да құрлыс саласын қамшылағаны белгілі. Дәл осы уақытта бір ғана Алматының айналасында 300-ге жауық кірпіш шығаратын кәсіпорындар бой көтерді. Ал металпластиктен жасалған есік-терезе, түрлі құбырлар жасайтын шағын цехтар да табысты жұмыс істегені белгілі. Осылайша еліміздегі құрылыс индустриясының негізі қаланды. Ал қаржы дағдарыс аталған өндіріс ошақтарының жұмысына өзінің салқынын тигізгені жасыруға болмас. Қазір құрылыс саласында мықты компаниялар ғана қалып отыр.

    Индустрияландыру картасы аясында еліміз-де ірі инновациялық бағыттағы замануи зауыттар салына бастады. Бұл ретте құрылыс саласындағы шағын кәсіпорындардың күшін пайдалануы керек. Ірі кәсіпорындардың басшылары «шағын кәсіпорындар тапсырысымызда қабылдауға қауқарсыз, мүмкіндігі шектеулі болмаса технологиясы жоқ» деп шағын кәсіпорындардан жұмыс істеуден бас тартып жататыны ащыда болса шындық. Егер компаниялар «бізге мыңдаған тонна темір бұйымдар керек, міне қаржы, мыншама уақытта дайын болсын» десе біздің кәсіпкерлер тапсырысқа сай метал бұйымдарын дайындайтын құрал-жабдықтар мен мамандарын сырттан әкеліп, теміржолға қажетті темірдің неше атасын шығарып беретіні анық. Өкінішке орай, ірі компаниялардың тізігін ұстаған басшылар шетелден арзан тауар алып, арасынан ақша «сындырғанына» мәз. Олар елімізде шағын кәсіпорындардың құрылғанына мүдделі емес. Осылайша біздер басқа елдің экономикасын дамытып отырған жайымыз бар. Өз кезегінде бұл мәселеге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта назар аударған болатын. Президент «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының құрамындағы компанияларға елімізде шағын өнідіріс орындарының құруға атсалысуға шақырған болатын. Президеттің алдында бас шұлғып шыққан шенеуніктер әлі күнге дейін бұл мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Егер ірі кәсіпорындар бізге тапсырыстарын берсе, шағын кәсіпорындар күрделі темір құрылғылар жасайтын құрал-жабдықтарды алып, онымен жұмыс істейтін мамандарын баули бастайтын еді. Ал біздің компаниялар көрші елдегі өндірісшілерді жарылқап отырғаны жанымызға батады. Егер шағын кәсіпорындарға күрделі заттар шығарыңдар деп тапсырыс бермесе, оларда білікті мамандар мен озық технология қайдан қалыптассын?

    Нарық қатынастар кезінде жастардың бәрі заңгер, экономист, гуманитарлық мамандықтарды меңгеруге ұмтылғаны белгілі. Соның қасіретін енді тартып отырмыз. Қазір кәсіпорындар орта кәсіпті-техникалық мамандықты игерген мамандарға зәру. Бірақ бұл мәселені қаржы мен шамалы уақыт болса өндіріс ошақтары өздер-ақ шешеді деп ойлаймын. Сондықтан Үкімет бас басына би болған компаниялардың тапсырысты отандық кәсіпорындарға беруіне барынша қадағалауы тиіс. Мәселен, мемлекет индустрияландыру картасы аясында салынып жатқан кәсіпорындарға қажетті құрылыс материалдарының 70 пайызы өзімізде өндірілуі керек деп қатаң талап қоюы қажет. Сонда ғана біз шын мәнінде индустриялды-инновациялық мемлекет құрған болар едік. Қытайға барғанымда ондағы ірі компаниялар мен шағын кәсіпорындардың бір-бірімен тығыз жұмыс істейтінін байқадым. Мұның сырын сұрағанымда олар «шағын кәсіпорындар талай Қытай азаматына жұмыс тауып беріп отыр, сондықтан біздер өнімі біршама қымбат болса да отандық кәсіпорындардың өнімін алып, қызметін тұтынамыз» деген еді. Бізге қазір осындай патриоттық сезім жетіспей тұр. Бүгінде Қытайдың өндірісшілері бізге ауыр жүк машиналарын біршама арзанға сатып жатыр. Мұнда қулық жатқанын көпшілігіміз аңғара бермейміз. Олар жүк мәшинелерін арзанға сатып, екінші жағынан оның қосалқы бөлшектерін қымбатқа пұлдап пайдаға кенеліп отыр. Қытай жасалған өнімінің сапасы төмен екенін жұрттың бәрі біледі. Ал біздің компаниялар олардың арзан арнайы техникаларын сатып алып, Қытайдың экономикасына дамытуда. Құрылыста ауыр жүк мәшинелері көп пайдаланатыны белгілі. Осы ретте Үкімет трансұлттық компаниямыз деп жүрген компаниялардың біріне жүк көлігін құрастыратын зауыт салуды талып етуі керек. Сонда ақшаның бәрі шетел аспайтын болады. Бір көлік шығару үшін жүздеген темірдің түрі керек. Соның 70 пайызын өзімізде өндірсек, отандық экономикаға үлкен пайда болар еді. Мәселен неміс машиналарын бір ғана компания өндірмейді ғой. Оның маторын бір кәсіпорын өндірсе, дөңгелегін келісі бір кәсіпорында дайындалады. Қыл аяғы орындықтың қаптамалары да жеке кәсіпкердің қолынан шығатыны белгілі.

    Хайдар БАЙТУСОВ, кәсіпкер.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений